Моңғолияда ұлттық аймақ құру мәселесі қай жылдан басталды?
1931 жылдан бастап жергілікті қазақ азаматтары Моңғолияда ұлттық аймақ құру мәселесін алға тартып, билікке есепсіз өтініш-арыздар жолдай бастады. Моңғол елінің басшылығы бұл ұсынысты қуаттап, нәтижесінде 1940 жылдың 27 шілдесінде үкімет пен парламенттің біріккен 37 қаулысымен қазақ ұлттық аймағы құрылды. Моңғол тарихында өшпес із қалдырған әйгілі қолбасшы, маршал Х.Чойбалсан аймақ құрылар тұста пікір білдірген: «Қазақ халқын «бага ястан» – (ұсақ сүйектілер), «хасаг» деп кемсітуді тоқтату керек. Қазақ ұлтының моңғолдардан еш айырмашылығы жоқ. Қазақ халқы моңғол мемелекетінде өзінің ұлт тілінде мектебі, баспасөзі бар дербес бір аймағы бола алады».
Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/ ... nda/51390/