Моңғолияда Олимпиадаға қатысқаен тұңғыш әйел кім?
Олимпиада тарихына көз жүгіртер болсақ, кезінде моңғол елінің мерейін асқақтатқан қазақтың қызы да бар. Моңғол спортының тарихында тұңғыш болып Олимпиада ойынына қатысқан әйел – Алданыш Рамазанқызы. 1964 жылы Токиода өткен Олимпиадада Алданыш апамыз жеңіл атлетика спорты бойынша бәсекеге түскен. Ел ішінде бірнеше рекорд орнатып, он екі дүркін жеңімпаз атанған қазақ қызы Моңғолия жеңіл атлетикасының «ханшасы» атанған. Бір қызықтысы, қуантарлығы, Алданыш Рамазанқызының 800 метр қашықтыққа жүгіруде орнатқан рекордын 1984 жылы Күшай Құлыбекқызы атты тағы бір қазақ қызы бұзған екен.
Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/ ... nda/51390/