Шоқан Уәлиханов Алакөле зерттеу жұмысымен неше рет келді?
Алакөл өңірін түбегейлі зерттеген алғашқы он ғалымның тізімінде қазақтың мақтанышы, ғалым Шоқан Уәлиханов та бар. Әріптесі Потанин екеуі Гильом Рубруктың жүріп өткен жолымен, осы бағыттағы барлық қалалар Қойлық, Алмалық, Омыл тағы басқа жерлерде сапарлаған. Әсіресе, орыс кінәздерінің Күйік ханға барғанын, хан оларды өз ордасында өлтіргенін, тағы басқа қызықты жайттарды білуге құмартады. Шоқан екінші мәрте келгенде Тентек өзенінің жоғарғы тұсында алтын іздеушілермен кездесіп, бұл өзенде алтын бар екеніне көзі жетеді. Шоқан Уәлиханов зерттеу жұмысымен Алакөл аймағына 4 рет келген. Сонау Қашқардағы аса қауіпті, қияметті сапарға бара жатып, Сайқан тауының етегінде, бүгінгі Еңбекші ауылының тұсында шатырын тігіп аялдапты. Сонда аяқ астында кілкіп жатқан ақ айдынның сұлулығына тамсанып, кескін-келбетін қарандашпен ақ қағазға түсіріп алып кеткен. Ғалым Шұбарағаш-Ойжайлау мекені жөнінде өз күнделігінде «Чубарагач – едва ли не лучшее место в хозяйственном отношении во-всех юго-восточной половине степи...»,– деп жазып қалдырған екен. Тегі Алакөл, Үйгентас, Шұбарағаш, Ойжайлау өңірлеріне келіп, сұлу табиғатын қызықтап қана қоймай, жер құнарын, қазба байлығын зерттеген саяхатшылар да, зерттеуші мамандар да аз болмаған. Олардың ішінде Египет саяхатшысы Салманат Тартуман, тау-кен инжинері Н.Ковригин, географ-саяхатшы Семенов-Тянь Шанский, Шоқан Уәлиханов, саяхатшы Пржевальский, революционер, экспедицияларға қатысушы поляк А.Янушкевич және тағы басқа ғалымдар өз пікірлерін қалдырған.
Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/ ... nym/49400/