Ойсурет мағыналық-құрылымдық мағынасын ашып беріңіз
Поэтикалық мәтіндегі концептілік құрылымдардың көрінісі – автордың ментальді көрсеткіші. Ақынның санада бейнелеген құрылымдарын мәтіндегі тіл мазмұнының метафоралану арқылы ж\е қандай концепт типіне салынып танылғанын анықтау арқылы байқауға болады. Концептілік құрылымдардың санада бейнеленуі әртүрлі формада көрініс табады. Олар: 1) қарапайым форма (фрейм); 2) күрделі форма (скрипт); 3) сызбалы форма (схема); 4) оқиғалы форма (сценарий); 5) Бейнелі форма (ойсурет);
Адам санасында қалыптасатын бұл формалардың басты қызметі: - концептілік құрылымдардың санада берілуі; - құрылым элементтерді, ақпараттарды өңдеу;
Ойсурет – онцепт құрылымдарын бейнелі формада тану. Ойсурет санада бейнелі формада таныту. Ойсурет санада бейне, метаформа, аллегория көмегімен танылады. Концептінің ойсурет типіне салып танылған формасы логикалық позитивті танымнан гөрі эстетикалық таныым деңгейінде, ақиқат дүние үздіктерін өздігінше суреттеп таныту деңгейінде жүзеген асады. Ойсурет суреттердің қиялдау, суреттеу, ұқсату, елестету шеберлігінен туындайды. Қиялдау шеберлігі басым болса, концептіні ойсуретке салып тану деңгейі, яғн ұғымды метафоралау деңгейі жоғары болады. Ойсуреттің ерекшелігі абстрактілі ұғымдарды аялық білімдері сәйкес келетін адамдар үшін тез, әрі жеңіл түсіну барысында көрінеді.мақатаев танымындағы метафизикалық концептілер көп жағдайда ойсурет құрылымында танылған. Мысалы, «өмір» концептісінің ойсурет формасында танылу мәтінде былай беріледі: жоғалып сары уайым! Мен тірімін, тірімін. Төсенгенім тірі жер, жамылған тірі күн. Қысқы ауыл ұғымын тануда автор өз танымын мынандай ойсурет құрылымына салады: баққан қоян секілді қыстау жатыр, бұғып алып таудың бір қойнауында (қыстау); Ақ ваннаға малып қойып бөксесін, отыр село тері шығып маңдайдан (село).шай ішіп, буы шығып қыстау жатыр.