Скрипт мағыналық-құрылымдық мағынасын ашып беріңіз
Поэтикалық мәтіндегі концептілік құрылымдардың көрінісі – автордың ментальді көрсеткіші. Ақынның санада бейнелеген құрылымдарын мәтіндегі тіл мазмұнының метафоралану арқылы ж\е қандай концепт типіне салынып танылғанын анықтау арқылы байқауға болады. Концептілік құрылымдардың санада бейнеленуі әртүрлі формада көрініс табады. Олар: 1) қарапайым форма (фрейм); 2) күрделі форма (скрипт); 3) сызбалы форма (схема); 4) оқиғалы форма (сценарий); 5) Бейнелі форма (ойсурет);
Адам санасында қалыптасатын бұл формалардың басты қызметі: - концептілік құрылымдардың санада берілуі; - құрылым элементтерді, ақпараттарды өңдеу;
Скрипт – күрделі формадағы концепт. Скрипті қалыптастыратын басты элекмент - сценари. Скрипттің санадағы көрінісі – сценарийлің құрылымның кеңейтілген формасы. Скрипт көзбен көзген, нақты тәжірибеден өткен оқиғалар арқылы, балалық шақтан келе жатқан стереотиптік ақпараттары арқылы н\е басқа адамдардың әрекеттерін мұқият есте сақтау арқылы жинақталған ақпараттардан құралады. Яғни санадағы дайын сценарийлер мен фреймді топтастастырып ұғыныу. Сриптің күрделігі дұниені танудан басқа бір оқиғаларды ой елегінен өткізіп, одан концептінің бір қырын танытатын үздіктерін автоматты түрде салыстырып, не ойша ұқсатып сол дүниенің бүтін бейнесін жасауда байқалады. Алғашқыда скрипт тек ақиқат дүниенің күрделі жағдаяттық болмысын ұғынуды жеңілдедетін тәсіл ретінде қолданылады. кейін оның көмегі арқылы бүтін концептіні, оның құрылымдарын кешенді түрде модельдеуге болатыны анықталады. Скриптке тән қасиет – мәтінге енетін фреймдер мен сценарийлердің қайталануы. Скрипт типіне салынып танылатын концепт құрылымындағы күрделі оқиғалы үзіктер мынандай мақсатта қолданылады: локациялық (уақыт пен кеңістіктегі оқиғаны бейнелеу), логикалық (ойлау әрекетін таныту), процедуралық (оқиғаның өтілу тәртібі), насихаттау, үгіттеу, иландыру негізінен жүзеге асады. М.мақатаев танымында «соғысқа» қатыстыконцептілік көрініс былай беріледі:
Сап түзеді қажыған нар боздақтар,
Қара жаумен қайдан алысқалы,
Қайтып қозып қазақтың намыстары
Қайта шулап, жамырап қатын, бала
Қанға шөлдеп қағырсып жатыр дала...