Схеманың мағыналық-құрылымдық мағынасын ашып беріңіз
Поэтикалық мәтіндегі концептілік құрылымдардың көрінісі – автордың ментальді көрсеткіші. Ақынның санада бейнелеген құрылымдарын мәтіндегі тіл мазмұнының метафоралану арқылы ж\е қандай концепт типіне салынып танылғанын анықтау арқылы байқауға болады. Концептілік құрылымдардың санада бейнеленуі әртүрлі формада көрініс табады. Олар: 1) қарапайым форма (фрейм); 2) күрделі форма (скрипт); 3) сызбалы форма (схема); 4) оқиғалы форма (сценарий); 5) Бейнелі форма (ойсурет);
Адам санасында қалыптасатын бұл формалардың басты қызметі: - концептілік құрылымдардың санада берілуі; - құрылым элементтерді, ақпараттарды өңдеу;
Схема – когнитивті санада сыртқы сигналдармен іші сезімдер көмегі арқылы жинақталған ақпараттарды кеңістікте, заттық формада таныту тәсілі. Бұл тәсіл концептіні құрайтын ақпараттардың ұқсас жақтарын ұқсас емес қасиеттерінен ажыратып, концепт мазмұнын дәл, нақты денотат арқылы санада елестетіп тануға, дүниенің сыртқы нобайын жасау арқылы тануға мүмкіндік жасайды. Әрбір схема танылатын ұғымның заттың деталін жасауға ұмтылып, концептіні көзбен көріп, қолмен ұстауға болмайтындай формада түсіндіретін таңбаларды құрайды. Схема бейнелі репрезентацияның ең күрделі түрі деп танылып, когнитивті әрекеттерде басқа типтерден ажыратылады. С. Стиллинг В. Файнштейн пікірінше: «схема бқл білім репрезентциясының үнемі толықтырылып отыратын фраграменті. Бұл фраграменттің төменгі көрінісы – сенсорлық ақпараттар, оның толықтырылған корінісі –концептілік білім.»
Схема ақиқат дүние туралы ақпаратты топтастырып, олардың заттық бейнелері арқылы н\е кеңістіктегіматериалдық негізі бар статикалық құбылыстар арқылы көрініс табуына негіз жасайды. Метафоралық көріні тапқан концепт құрылымдарының схема типіне салынып танылуы поэтикалық мәтінде жиі кездеседі. Дүние тану таңбалары, бейне мен символдар жүйесін ұолданамыз. Сондықтан когнитивті санада тану операциялары – сигнал мен таңбалар үйлесуі схема құрылымын қүрайды.
Қорыта келгенде, дүниені схемалық құрылымда тану тетігі мынандай қағидаларға негізделеді:
-ақиқат дүниеті тану барысында кеңістіктегі материалдық бейне ретінде сенсорлы, перцептивті қабылданған ақпараттары жинақталады.
-ақпаратты детальдай ірекеті қалыптасады.
-детальданған ақпараттар арқылы концептінің кеңістіктегі формасы объективтенеді
Поэтикалық мәтін концептісінің схемалық құрылымы вертикальді, горизонтальді, онейриялық, ландшафттық, т.б. кеңістік құраййтын формалар арқылы қалыптасады.
Мысалы Мақатаев танымында «өлім» концептісінің схемалық құрылымға салып танылуы төмендегі өлең үзінділерінен көрініс тапқан.
Қариялар азайыа бара жатыр,
Бірі мініп келместің кемесіне.
Бірі күтіп әнекей жағада тұр.
Қарт кетіп, жер астынан баспана апты.
*
Дария бітіпті, тартылыпты,
Кіргенше өлім қойнына.
Мұндағы кеме, баспана, дария – статикалық кеңістік.