Стериотип ұғымы
Стериотип-белгілі бір құбылыстың (мінездің,әрекеттің)ұлт санасында автоматты түрде астырт түйсігінде бейнелі түрде таңбаланып түсіндірілуі.Оның тілдік көрінісі бейнелі тіркестер болып табылады:мәселен қазақта сұлулық «Қыз Жібек», «Баян Сұлу» деген стериотиптермен танылса,орыстарда «красавица-примудрая» деген стнриотиптермен танылады,яғни қазақта сұлулық «қою қас,қолаң шаш,қыпша бел,ақ білек, т.б.» тіркестермен бейнеленсе, орыстарда «на щеке румяна»сияқты сипаттаулармен стериотиптенген.Тілдің перимиологиялық қоры лингвомәдени бірліктердің негізгі тілдік көрініс болып саналады.Оған мәдени мазмұнды білдіретін мақал-мәтелдер ,бейнелі сөздер,афоризмдер,шешендік сөзер,ұран сөздер мен би сөздері, метафоралар мен теңеулер,метанимиялар , т.б. көркемдегіш-бейнелегіш құралдар(троптар) жатады.Мәселен, «айдағаның бес ешкі ысқырғаның жер жарады», «түймедейді түйедей ету» сияқты төрт түлікті мысалға алып теңестіру арқылы халық жадында терең сақталған мақалдар қазақ не түркі халқының мәдениетінен көрініс береді.Стериотип-ұғым туралы әлеуметтік стандартты тұжырым.Дүниенің өзіне тән ерекше қасиеттерінен тұжырымдалған ортақ түсінігінен туындайды Бұл түсінік ұжымның не тұлғаның танымында да тереңінен тұрақталып,сол дүние туралы алғашқы ақпарат немесе сигналды түсінік болып сақталады.Мысалы,әйелдер-эмоционалды,нәзік,ерлер-мықты,салмақты деп тану стериотиптің мысалы бола алады.Стериотип те білім алудың қайнар көзі,когнитивтің модель қалыптастырушы ментальді әрекеті.Стериотиптің жалпы белгілері:1)дүниенің ортақ белгілері және атрибуттары (зат,бұйым)арқылы танылады;2)дүниенің әлеуметтегі көрінісі маңызды рөл атқарады;3)баршаға танымал мағыналық біліктілігі болады.Қорыта стериотип дүние туралы таным –түсініктің жиі қайталануынан тұрақталған адам санасындағы алғашқы сигналдар,яғни әрекеттер мен құлықтар шаблоны.