Концептілердің түрлерін атаңыз
Мәтінде концептілер мазмұндық қолданымдық,түрленімдік көрінісіне қарай ажыратылады.Концептілердің санада таным деңгейіне қарай, ақиқат дүниенің болмысы мен өзіндік ерекшелігіне қарай метафизикалық,ұлттық-мәдени,эмоционалдық концептілер деп шартты түрде жіктеуге болады.Метафизикалық концепт-(жан,өмір,өлім,тағдыр,жалғыздық,махаббат)ақиқат немесе бейақиқат дүниедегі абстракцияның ,жоғарғы дәрежедегі құндылықтарын танытатын ментальді мазмұн метафизикалық концептілер перцептивтік, сенсорлық қабылдау,яғни сезіну әрекеті арқылы рухани құндылықтарды тану нәтижесінде ғана хабарланады.Адам тәжірибесі арқылы ғана танып білуге болатын,құбылысты даму барысында ғана түсінуге болатын ұғымдарды көзбен көріп,қолмен ұстап тану мүмкін емес.Сондықтан философиялық мәні басым,адамның қажеттілігін өтейтін абстракт тілі ұғымдарды нақты тұрақталған дифинициялармен танытуға болмайды.Оны адам қалай сезінеді,қалай басынан өткереді,сол әсері арқылы танытады.Мысалы,ұжым не тұлға санасындағы адамзат құндылығын танытатын «өмір» метафизикалық концептісінің қазақ поэзиясында алма кезек жарасып жатқан жақсы мен жаманның,бақыт пен қайғының арпалықан күшті динамикалық қозғалысы ретінде танылуы басым көрінеді.Өмір солай күйзеліс,жұлқыс көп.Болсын мейлі,дінің түз,тұрмыс тоқ(М.Шаханов);Өмір деген- өрікпіген бір ағын(М.Шаханов).Ұлттық мәдени концептілер.Тек ұлттық танымды ғана жан-жақты ақпаратымен жүйеленіп, сол ұлттың мәдени құндылығын көрсететін концептілер (дала,көш,домбыра,қамшы).Мысалы,дала концептісі қазақтың өмірін,жайлауын,мал шаруашылығын,дархан кеңділікті,жазықтықты объективтендіреді.Мысалы ойсурет құрылымында танылады:Жатыр дала шалқасынан жалаңаштап кеудесін,кеудесінде ұланғайыр қабыр-қабыр тіршілік.Схемалық құрылымда танылуы:Қазақ жері-алып бір қара қазан.Бұл жерде лингвомәдени бірлік-қара қазан.Эмоционалды концептілер (қуаныш,қайғы,бақыт,мұң).Кейбір ақиқат дүниелер адам санасындағы эмоционалды,аффективті көңіл-күй арқылы , ішкі сезімі арқылы танылады.Мысалы уайым ұғымы жығымсыз мағынада танылатыны,оның «сары уайымға салыну,күйзелу,көңіл-күйі болмау»деп объективтенеді.Ал,М.Мақатаев поэзиясында «уайым» концептісі тұман,бұлт бейнелерімен күңгірт,бұлдыр,түсініксіз ,ауыз пәс күйге ену белгілері арқылы береді.Отырмын ой тұманы шытырмандыбасымда бейуақыт қоршап алды.Контраст концептілер-бірінсіз-бірі болмайтын,бірін екіншісі толықтырып отыратын немесе бірінен кейін бірі жүретін,тіпті бір-біріне қарама-қарсы тұратын ақиқат дүниелердің жұптасып қана танылуы (өмір-өліс,қала-дала,бақыт-қайғы).Поэтикалық мәтінде «өмір-өлім» контраст концептілері «бұл дүниеге кірдім де қайта шықтым»ситуациясы арқылы танылады.