Когнитивті лингвистиканың негізгі ұғымдарын атаңыз
В.Гумбольд пікірінше ,тіл-адамзаттың бүгінгі болмысы мен танымына енетін адами рухтың негізгі қызметі.Когнитивтік лингвистикада тілдің басты қызметі – танымды анықтаудың қаруы мен алғышарттары ретінде көрінеді.Әрбір тіл әлдебір дүниені таңбалайды әрі сөйлеушінің санасында дүние бейнесінің сұлбасын қалыптастырады.Когнитивизм- бұл адамның сана,зердесін, ойлау қабілетін және ментальді әрекеттері мен оның жай-күйін зерттейтін ғылыми бағыт.Бұл адамның болмысындағы білімі мен танымы туралы,дүниені қабылдау және тануы туралы ғылым.Жалпы тіл білімге ,жан-жақты жинақталған ақпараттарға қатысты әрекеттердің барлығы когниция немесе когнитивтік әрекеттер деп аталады.Когнитивтік ілім заңдылығына сәйкес ,адам ақпаратты өңдеуші жүйе ретінде түсініледі,ал адамның әрекеті- оның ішкі жай-күйіндегі дүниелермен анықталады.Бүгінгі күні когнитивизм терминіне мынадай анықтамалар ұсынады:адамның ойлау тетігін зеттейтін бағыт;адам санасындағы ақпараттардың өңделу;дүниенің ментальді моделін қалыптастырушы;тілде берілген адамның ойындағы ұғымның түсінілуі;ойлауды реттейтін психикалық қасиеттер.Демек адамның когнитивтік әлемі оның ісі мен әрекеті арқылы зерттеледі.Адамның бұл әрекеттерін танытатын алғашқы белгі-оның тілі.Когнитивтік лингвистиканың міндеттерін Е.С.Кубрякова «тілдік процесстерді , тілдік бірліктер мен катигорияларды,т.б. олардың жадыда бейнеленуі,қабылдауымен тікелей байланыста меңгеру ретінде қарастырады».Г.Гиздатов тұжырымында да когнитивтік бағыттың басты мәселесі-снадағы білімді жүйелеу.Ғалым зерттеулерінде : «Когнитивтік бағыттың негізгі қызметі- санада әмбебап модель қалыптастыру»-деп береді.Қорыта айтқанда ,когнтивтік тіл білімінің негізгі өзегі – санадағы дүниенің бейнесі,оның тірегі-концептілік құрылымдар.Дүниенің бейнесі – жан-жақты ақпарат бұл ақпараттарды біріктіретін орта-концептілік жүйе.Сондықтан тілдің когнитивтік бағыты тілдегі ұғымды кешенді таныту мәселесін қарастырады.