Когнитивтік лингвистика туралы түсінік,зерттеу нысаны
Тіл біліміндегі когнитивтік лингвистика ғылымының өзіндік қалыптасу тарихы, ғылыми мақсаты мен белгілі бір зерттеу нысаны бар, тоғыспалы ғылымдар нәтижесінде дүниеге келген жас ғылым саласы. Когнитивтік лингвистика «когнитология» мен «лингвистиканың» өзара тоғысуының нәтижесінде туындаған пән.Когнитивтік лингвистиканың негізгі ұғымдары: ойлау, білім, когниция, дүниені тілдік көру, концепт.Қазақ лингвистикасындағы когнитивтік парадигманың даму тарихы ХІХ ғасырдың І жартысынан басталады.Когнитивтік лингвистика антропоөзектік парадигманың негізгі салаларының бірі.Когнитивтік лингвистика тіл мен ойлау арақатынасынан туындайды.Когнитивтік лингвистика саласындағы негізгі бағыт тіл мен адам санасын біртұтас жүйе тұрғысынан қарастыру.Когнитивтика – тіл білімінен бөлек ғылымның дербес саласы.Ол дүниені тану дегенді білдіреді. Ол –логикалық категория.Когнитивтік лингвистика осы ойлау категориясын тілдік құрылымға салып тілмен байланыстырады.Егер тіл болмаса, яғни тілдік құралдар болмаса когнитивизм ғылымы тіл үшін қажет емес.Когнитивтік лингвистиканың ғылыми пән ретінде қалыптасуын батыс еуропа мен Америка елдеріндегі лингвистикалық зерттеулермен байланысты.Когнитивтік лингвистика ғылымының пән ретінде қалыптасуына Дж.Локофф, Дж.Милер, М.Джомсон, Г.Кент т.б. секілді еуропалық ғалымдар тілдің танымдық қасиеті мен ғаламның тілдік бейнесіне қатысты зерттеулер жүргізіп ат салысты.Қазақ лингвистикасындағы когнитивтік парадигманың даму тарихы ХІХ ғасырдың І жартысынан басталады.Ал оғанға дейінгі жалпы теориялық мәселелері қазақ тіл білімінің негізін салушы А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов секілді ғалымдардың еңбектерінде арнай сөз болмағанымен, тілдің танымдық қасиеті мен адамға қатысы туралы ой ұшұындарының орын алғандығын көруге болады.Жоғарыда аталған қазақ тіл білімінің негізін салушы ғалымдардың еңбектерін кезең – кезеңге бөліп, тілтанымдық тұрғыда арнайы зерттеген Э.Оразалиева былайша талдап көрсетеді: «А.Байтұрсынұлының сөз өнері туралы айтқан пікірлерінің тоғысында тілтану мәселелері когнитивтік лингвистикалық негізде қарастырылады.Ғалымның «Әдебиет танытқыш» еңбегінде тіл, сөз ұғымдарына логткалық – танымдық тұрғыдан келгені байқалады.Қазақ тіл білімінде когнитивтік лингвистиканы арнайы зерттеген тілші – ғалым ретінде Н.Оразалиеваны атауға болады.Ғалым қазақ лингвистикасындағы когнитивтік парадигманың даму тарихы ХХ ғасырдың І жартысынан басталғанын,ғылыми негізі айқындалған, өзіндік ұстанымдары мен ұғымдық бірліктері бір жүйеге түскен ғылымдар қатарына жататынын, лингвокогнитологиялық әрі лингвоконцептологиялық сараптамадан өткен бес кезеңнен тұратынын, олардың әрқайсысы зерттеу нысанына қарай іштей бірнеше теориялық мәселелерден құралатынынын атап өтеді.