Когнитивтік лингвистиканың жалпы тіл біліміндегі зерттелуі
Тіл біліміндегі когнитивтік лингвистика ғылымының өзіндік қалыптасу тарихы, ғылыми мақсаты мен белгілі бір зерттеу нысаны бар, тоғыспалы ғылымдар нәтижесінде дүниеге келген жас ғылым саласы.Когнитивтік лингвистика «когнитология» мен «лингвистиканың» өзара тоғысуының нәтижесінде туындаған пән.Когнитивтік лингвистиканың негізгі ұғымдары: ойлау, білім, когниция, дүниені тілдік көру, концепт.Қазақ лингвистикасындағы когнитивтік парадигманың даму тарихы ХІХ ғасырдың І жартысынан басталады.Когнитивтік лингвистика антропоөзектік парадигманың негізгі салаларының бірі.Когнитивтік лингвистика тіл мен ойлау арақатынасынан туындайды.Когнитивтік лингвистика саласындағы негізгі бағыт тіл мен адам санасын біртұтас жүйе тұрғысынан қарастыру.Когнитивтика – тіл білімінен бөлек ғылымның дербес саласы.Ол дүниені тану дегенді білдіреді. Ол –логикалық категория.Когнитивтік лингвистика осы ойлау категориясын тілдік құрылымға салып тілмен байланыстырады.Егер тіл болмаса, яғни тілдік құралдар болмаса когнитивизм ғылымы тіл үшін қажет емес.Когнитивтік лингвистиканың ғылыми пән ретінде қалыптасуын батыс еуропа мен Америка елдеріндегі лингвистикалық зерттеулермен байланысты.Когнитивтік лингвистика ғылымының пән ретінде қалыптасуына Дж.Локофф, Дж.Милер, М.Джомсон, Г.Кент т.б. секілді еуропалық ғалымдар тілдің танымдық қасиеті мен ғаламның тілдік бейнесіне қатысты зерттеулер жүргізіп ат салысты.Когнитивті лингвистиканың зерттеу нысанына алғаш көңіл бөлген шетел ғалымдары болатын.1967 жылы Гарвард университетінің Дж.Брунер мен Дж Милер орталық ашады. Осының нәтижесінде ХХ ғасырдың соңына қарай Европада когнитивтік лингвистиканың негізі қаланды.Орыс тіл білімінде когнитивтік лингвистика Е.Яковлева, Ю.Сороков, Е.Куверкова, Е.Д.Попова, В.Маслов сияқты зерттеушілер еңбегінде қарастырылады.Когнитивтік лингвистиканың алдына қойған мақсаттары: дүниені игеру және тану процесіндегі тілдің ролі; дүние туралы ақпаратты қабылдау, жалғастыру.Когнитивтік лингвистикаға қатысты тірек сөздер: тілдік тұлға, тіл мен таным сабақтастығы, таным, когнитивтік құрылым, сана әрекеті, когнитивті модель, тілдік сана, ұғым мен концептінің арақатынасы, категориялану.Сонымен, когнитивтік лингвистика – « тілдік білімнің табиғаты және оны қалай қолдану керектігін меңгеретін ғылым».