Тілді зерттеудің жүйелі – құрылымдық және антропоөзектілік п
Антропоөзектік бағыттағы ғылыми зерттеулердің не үшін қажеттігін түсіндіріңіз.Тіл-қоғамдағы ең маңызды қажеттіліктердің бірі.Тіл-әрбір елдің,әрбір ұлттың тарихын,мәдениеті мен тұрмыс тіршілігін,тіпті сол ұлттың болмысын танытатын ұлы қазына.Тіл білімі және оның салалары бірнеше ғасырдан бері құрылымдық тіл білімінің негізінде қарастырылып келеді,яғни таза тілдік,тілдің өз ішіндегі қызметтері негізінде ғана зерттелінді.Алайда ХІХ ғ соңы мен ХХ ғасырдың басынан бастап зерттеуші ғалымдар тілдік құбылыстарды жаңа бағытта қарастырды.Тіл білімінің зерттелу тарихының бағыттары:
1.Салыстырмалы – тарихи бағыт,жүйелі – құрылымдық бағыт, антропоөзектік бағыт.
Салыстырмалы бағыт ХХ ғасырдан бастау алады.Бұл кезеңде тіл салыстырмалы тарихи бағытта зерттелді.Жүйелі – құрылымдық парадигма ХХ ғасырдың басында дүниеге келді.Бұл Ф.Соссюр қалаған тілдік таңба теориясын негізге алады, тілдік таңба теориясын негізге алады, тілді таңба ретінде қарау, формаға негіздеу басшылыққа алынады.Жүйелі – құрылымдық парадигмада біз объектіге назар аударатын болсақ, антропоөзектік бағытта субъектіге назар аударамыз.Антропоөзектік парадигма тілді жүйелі құрылымыдық парадигмамен салыстыра зерттеп, тілді рухани – мәдени код ретінде қарастырады.Тілдің антропоөзектік парадигмасы – тілді адамның танымдық ойлау қабілетімен байланыстыра қарастырады.Антропоөзектік бағыттар – этнолингвистика,психолингвистика,социолингвистика,когнитивтік лингвистика және лингвомәдениеттану.Қазіргі таңда қазақ тіл білімінің мәселелеріосы бағыттардың негізінде зерттеліп,қазақ тілінің жүйелі-құрылымдық қызметімен қатар, танымдық қызметтерінің шеңбері кеңейе түсті.Тілді антропоөзектік тұрғыдан зерттеуге негіз болатын бұл салалардың барлығы түптеп келгенде мынадай мәселелерді шешуді көздейді: адамның тілге қалай ықпал жасайтынын анықтау және тілдің адам санасына, ойлауына, мәдениетіне қандай әсер ететінін,қандай қызмет ететінін анықтау мәселелерін шешуге тырысады.Тілдің антропоөзектік бағыты тіл біліміндегі адамның тілдік факторы мәселесін, тілдің адамға қызмет ету мәселесін, адам арқылы тілдің табиғатын ашу мәселесін ашумен тікелей байланысты.ХХ ғасырдың 80 жылдарына дейін қазақ тілі құрылымдық лингвистика аясында зерттеліп, негізгі зерттеу әдіс – тәсілдерін жетік қалыптастырды. Қазақ тілінің сөздік құрамы мен сөздік қоры фонетикалық, лексикалық, грамматикалық тұрғысынан қатар зерттелініп, тіл құрылымындағы өзіне тән жеке ерекшеліктер толықтай ашылды.Әсіресе, тілдің ескірген, ұмытылған бастапқы мағыналары жаңғыртылып, сөздік қордың маңызы арта түсті.Дегенмен, тілді өз ішінде, «құрылымы мен мағынасына аясында ғана қарастыру» деген басты қағида арғы – бергі тарихы бар көне қазақ тілінің түпкі мағынасын, мәнін ашуға мүмкіндік туғызбады.Әлемдік тіл білімінде қалыптасқан жаңа антропоөзектік бағыттың дүниеге келуі, тілдің бірқатар зерттелмей жатқан мәселелерін айқындауға септігін тигізді.