Баламен сөйлескенде ойланбастан көп қателік жібереміз. Оған ұрсып, балағаттап, тіпті оның көзінше жаман сөздерді айтқанда алдағы уақыт туралы, оның психологиясына әсер ететінін ойланбаймыз. Тілі шықпаған, есін білмейтін баланың өзі адамдардың дауыс көтеріп бір-бірімен ұрысқанын, жаман сөздер, өсек-өтірік айтқанын бейсаналы түрде қабылдайды да, ол баланың жадында мәңгілік сақталады. Сол себепті әр қадамды аңдап басқан абзал. Біз балаға бір сөз айтқанда ол өзінше қабылдайды.
☺ Ата-ана айтады: «Жұрттың баласының қолынан бәрі келеді, біздікі түк бітірмейді».
☻ Бала түсінеді: «Барлығы керемет, сен ғана ең нашар баласың».
♥ Дұрысы: «Қандай болсаң да біз сені жақсы көреміз!»
☺ Ата-ана айтады: «Байқа, құлайсың!», «Итті ұстама, тістеп алады!»
☻ Бала түсінеді: «Әлем, қоршаған орта қауіпке толы, ештеңеге тиісуге болмайды».
♥ Дұрысы: «Өзіңе сақ бол!», «Абайлап жүр!».
☺ Ата-ана айтады: «Бол!», «Тездет!», «Аузыңды жап!», «Тоқта!», «Жауап бер деймін!»
☻ Бала түсінеді: «Сенің пікірің мені қызықтырмайды», «Мен үшін таңдауыңнан бас тартуың керек!»
♥ Дұрысы: «Он минутымыз ғана қалды», «Ойының қанша уақытта бітеді?»
☺ Ата-ана айтады: «Неше рет айтуға болады?», «Сөз ұқпайтын қандай баласың?»
☻ Бала түсінеді: «Ақымақсың!», «Ешқашан жолың болмайды!»
♥ Дұрысы: «Тағы бір рет байқап көр, қолыңнан келеді», «Қане мен көмектесейін бе?»
☺ Ата-ана айтады: «Ұялмайсың ба?»
☻ Бала түсінеді: «Сен жамансың, ауру шығарсың».
♥ Дұрысы: «Бәрі де қателеседі», «Қателіктен сабақ алсаң болғаны!»
Бала тәрбиесіне қатысты сөз болғанда «өзіңіз іспен үлгі болыңыз, құр сөз пайдасыз» дегенді жиі естиміз. Бала не көрсе, соны істейді. Оң болсын, теріс болсын өз қылықтарыңызды өзіңіздің кішкентай көшірмеңізден көргенде еріксіз күлкіңіз келеді. Ал бала мақсатқа ұмтылғыш, діттегеніне жетпей қоймайтын қайсар боп өсуі үшін қалай тәрбиелеу керек?
Ең алдымен ата-ана баланың көзінше сөзге келмеуі, тату-тәтті болуы маңызды. Баланың бастаған ісіне қолдау көрсетіңіз. Соңына дейін бітірмейінше килікпеңіз. Жеткен жетістігі үшін шын қуанғаныңызды көрсетіп, ары қарай құлшындырып отырыңыз.
Егер ісі тым қиын болса, көмек керек пе деп сұраңыз. Бала өзі істей алатын істерді уақыт тым тығыз болмаса, сіз оның орнына орындамаңыз. Ойыншықтарын жинауды, киімін киюді өзі істесін, тіпті үй шаруасына, тамақ істеуге көмектескісі келсе де, «қолыңнан келмейді» деген сөзді тісіңізден шығармаңыз. Ол да қамыр илеп көргісі келсе, өзіне кішкене ыдысқа бөлек ұн салып беріңіз.
Рөлге бөлініп ойнайтын ойындар, қойылымдар жасаңыз. Бала осылай өзін ортада ұстауға, ойын еркін жеткізуге үйренеді. Мысалы, емдеу, тамақтандыру, ұйықтауға жатқызу. Кейде осының барлығын ойын түрінде де, киноға түсіргендей етіп ұйымдастыруға болады. Бастысы ойын шаттық сыйлауы қажет.
Бала ес білмей тұрып-ақ белігілі бір салаға, мамандыққа қызығушылығы болғаны дұрыс. Бірте-бірте тапсырманы қиындата түсіңіз. Оны құрамдас бөліктерге бөлуге болады. Бұл балаға болашаққа жоспар құруға көмектеседі.
Жарыс ойындар ұйымдастырыңыз. Бұл үнемі жеңуге, қалаған нәтижесіне уақытылы жетуге бағыттайды. Бала «жемістің» дәмін татқан соң, үнемі соған ұмтылады. Көздегеніңе жету үшін тынбай еңбектеніп, көп күш салу керек екенін үнемі есіне салып отырыңыз.

☺ Ата-ана айтады: «Жылама!», «Шулама!», «Күлме!», «Ыңылдама!»
☻ Бала түсінеді: «Ешқандай эмоцияңды сыртқа шығарма!»
♥ Дұрысы: «Шаршадың ба?», «Бірнәрседен қорықтың ба?»
☺ Ата-ана айтады: «Ұлдар ештеңеден қорықпауы (не жыламауы) керек», «Қыздар айтқанды тыңдауы тиіс».
☻ Бала түсінеді: «Ерлерде сезім болмауы қажет», «Әйел заты мәңгілік құрбандық!»
♥ Дұрысы: «Мұндай жағдай барлығында болады», «Бәрі де өткінші!».
Бала тәрбиесіне қатысты сөз болғанда «өзіңіз іспен үлгі болыңыз, құр сөз пайдасыз» дегенді жиі естиміз. Бала не көрсе, соны істейді. Оң болсын, теріс болсын өз қылықтарыңызды өзіңіздің кішкентай көшірмеңізден көргенде еріксіз күлкіңіз келеді. Ал бала мақсатқа ұмтылғыш, діттегеніне жетпей қоймайтын қайсар боп өсуі үшін қалай тәрбиелеу керек?
Ең алдымен ата-ана баланың көзінше сөзге келмеуі, тату-тәтті болуы маңызды. Баланың бастаған ісіне қолдау көрсетіңіз. Соңына дейін бітірмейінше килікпеңіз. Жеткен жетістігі үшін шын қуанғаныңызды көрсетіп, ары қарай құлшындырып отырыңыз.
Егер ісі тым қиын болса, көмек керек пе деп сұраңыз. Бала өзі істей алатын істерді уақыт тым тығыз болмаса, сіз оның орнына орындамаңыз. Ойыншықтарын жинауды, киімін киюді өзі істесін, тіпті үй шаруасына, тамақ істеуге көмектескісі келсе де, «қолыңнан келмейді» деген сөзді тісіңізден шығармаңыз. Ол да қамыр илеп көргісі келсе, өзіне кішкене ыдысқа бөлек ұн салып беріңіз.
Рөлге бөлініп ойнайтын ойындар, қойылымдар жасаңыз. Бала осылай өзін ортада ұстауға, ойын еркін жеткізуге үйренеді. Мысалы, емдеу, тамақтандыру, ұйықтауға жатқызу. Кейде осының барлығын ойын түрінде де, киноға түсіргендей етіп ұйымдастыруға болады. Бастысы ойын шаттық сыйлауы қажет.
Бала ес білмей тұрып-ақ белігілі бір салаға, мамандыққа қызығушылығы болғаны дұрыс. Бірте-бірте тапсырманы қиындата түсіңіз. Оны құрамдас бөліктерге бөлуге болады. Бұл балаға болашаққа жоспар құруға көмектеседі.
Жарыс ойындар ұйымдастырыңыз. Бұл үнемі жеңуге, қалаған нәтижесіне уақытылы жетуге бағыттайды. Бала «жемістің» дәмін татқан соң, үнемі соған ұмтылады. Көздегеніңе жету үшін тынбай еңбектеніп, көп күш салу керек екенін үнемі есіне салып отырыңыз.
Авторы: Әсел Асанова