Сүр бойдақ / The Man Who Can`t Get Married

Аты: Сүр бойдақ / Убежденный холостяк / The Man Who Can`t Get Married
Мемлекет: Оңтүстік Корея
Сериялар саны: 16
Жанр: комедия, романтика
Режиссёр: Kim Jung Gyu
Рөлдерде:
*Ji Jin Hee – Чхо Чжэ Хи (Dae Jang Geum, Love Letter, Spotlight, Spring Day, Four Sisters)

*Uhm Jung Hwa – Джан Мун Джон (Seducing Mr.Perfect, Get Karl! Oh Soo Jung)

*Kim So Eun – Джон Ю Чжин (Boys Before Flowers, Sad Love Song)

*Yoo Ah In - Парк Хьен Кью (Strongest Chil Woo,Sharp 1)

*Yang Jung Ah - Юн Ки Ран (City of Glass)

Сипаттама:
Қырыққа келсе де Чхо Джэ Хи үйленбеген сүр бойдақ. Қыңыр болғандығы сонша қыздар одан оттан қашқандай қашады. Бірақ істеген ісін өте тиянақты жасайды.
Әрине, махаббатсыз қайда? Шытырман оқиғалар Джэ Хидің өмірінде кездейсоқ танысып қалған Джан Мун Джон атты дәрігер қыз, Джон Ю Джин атты көршісі және жұмыстасы досы Юн Ки Ранның араласуынан басталады.

Қыздардан жігіттер көп заманда сүр бойдақ болып өмірден өтетін жігіттер де жоқ емес. 40-тан асқан сүр бойдақтарды көргенде таң қалатын едім. Қалайша? Әлемде толған басы бос қыздардың арасынан теңін таба алмағаны ма деп… Алайда, бұл өмір ғой. Өмірде бәрі болады.

Корей киноиндустриясы бұл тақырыпты да кенде қалдырмапты. Жалғыз өмір сүруді ұнататын және ешқашан үйленгісі келмейтін кейіпкерді алып, шыр айналдыра махаббат әлегіне салады. Шындығында, актер Чжи Чжин Хи (Ji Jin Hee) өмірде үйленген, екі баласы бар екен. Бірақ соған қарамастан сүр бойдақтың рөлін керемет алып шыққан.

Ал, актриса Ум Чжун Хва (Uhm Jung Hwa) әрі күйеуге шықпағандар қатарында. Біраз жасқа келіп қалғаны анық. Алайда, корей шоу-бизнесінде бәрі құпия түрде. Сол себепті ресми түрде ғана басы бос болуы мүмкін. Негізінде Ум Чжун Хва әнші екен. Бірнеше клиптері шыққан, танымал.

Ал Ким Со Юн (Kim So Eun) мен Ю А Ин (Yoo Ah In) «Корей толқынының» айдолдары болып саналады.

Өте қызықты, комедиялық жанрдағы дорама. Бұл дораманы сіздер күнделікті Хабар арнасынан таңғы 10-да көре аласыздар.