Екіге бөлінген төрт қазақ
Жол үсті. Купеде төрт қазақпыз.
Бірі — жап-жас жігіт. Күнге күйіп, тотыққан. Сонсоң жасамыстау келіншек. Жаз бойы ұрада отырып, бүгін ғана сыртқа шыққандай аппақ. Үшіншісі – менің нағашым. Қалаға көзін емдетуге келе жатыр. Көп сөйлемейді. «Адам тілден қалған соң, сөзден де қалады екен ғой,» дейді.