Күз-2016: күрте таңдау
Суық түсе салысымен жылы киіммен қамдана қоймаған арулар дүкен аралап, киімдерімен үйлесетін, ерекшеленіп тұратын күрте не пальто іздей бастайды. Көзге түскенді іліп алмаған жөн. Алдымен, бар киімдеріңізді бір қарап шыққан дұрыс. Сырт киім – бұл сыртынан бірнәрсе іліп алатын жейде не футболка емес. Ол сіз туралы айналадағыларға хабар беретін киім.