Дисней компаниясына 93 жыл
Уолт Дисней Компаниясы (The Walt Disney Company) — ойын-сауық өндірісі жөнінен әлемнің ең ауқымды қаржы конгломераттарының бірі. Оны 1923 жылы 16 қазанда Уолтер және Рой Дисней есімді ағайындылар құрған. Алғашында шағын анимациялық студия ретінде бой көтерген орын қазіргі таңда Голливудтағы ең беделді әрі танымал фильм өндіруші фабрикаға айналған. Оның меншігінде 11 ойын-сауық паркі мен 2 аквапарк, Америкалық телерадио компаниясы (Эй Би Си) секілді бірнеше телерадио кешені бар.