Жақсы мұғалім қандай болуы керек?
Қоғам күрделі. Заман талабы жоғары. Адам үшін қажетті жағдай барынша тиімді жағына қарай жасалынған. Соған қарамастан, мұғалімнің алар орны да, берер білімі де бәрінен биік. Жақсы мұғалім білім беріп қана қоймайды. Біліммен қатар тәрбиені де ту етіп ұстауы шарт. Алғаш мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршін үшін әріптен бұрын мейірім маңыздырақ. Мұғалім толыққанды тұлға болса, алдына келген шәкірт те белгілі бір деңгейдегі тұлғалық ерекшелігі бар, өмір баспалдығының сатысына албырттықпен аттап бара жатқан жас буын. Осы орайда, шәкірттің де толық тұлға болып қалыптасуына бірден-бір еңбек сіңіретін жан – мұғалім.