Таныстыру: Жігіт сұлтаны

Қазақтың баласымын тегі бүтін,

Елі бар жасайтұғын ер үгітін.

Жігіттің сұлтаны боп келіп тұрмын,

Ақтсам деп алдыңда ел үмітін.



Түскенде аламанда терге құлан,

Теңгеңді теріп жүріп жерден жұлам.

Ат құлағы ер астында ойнақтаған,

Ұлыңмын өзің ерке Еркебұлан.



Қошемет болсын онда батыр ұлға,

Көнбені бұзам түбі, ақырында.

Әкемнің тәрбиесін алдым қатал,

Анамның алдым арын жатырында.



Көрсетер күнді мейлі бағым айды,

Жігіттен жеті өнер де арымайды.

Шынашақтай болсам да сынға түстім,

Ағайын, күш атасын танымайды.



Әлі де асу асып жетер едім,

Жарыста топты жарып өтер едім.

Көрермен мені қолдап отырсаңдар,

Сендерді төбеме алып көтеремін.



Егемен елдің іші азатпыз ғой,

Бөлінбейік біз өзі азақпыз ғой.

Қайтеміз, танысқанда руға бөліп,

Бәріміз бір атадан – Қазақпыз ғой!

Ескерту: астымен сызылған сөздердің орнына өз қалаңызды, атыңызды, мектебіңізді ауыстырып пайдалана аласыз.