Неге тұрмысқа шықпай жүрсіз?
«Жұмыс істеп, ата-анама қаржылай көмектесуім керек». Әке-шеше қыз баланы бізді бақсын, асырасын деп өсірмейді. «Қыз мұраты – кету» деген ұлы сөздің астарында ұрпақ жалғастыру дейтін маңызды миссия жатқанын естен шығармаңыз. Қыз туған үйіне еш қарыздар емес. Керісінше, барар үйінің жапырағын жайып, өркенін өрбітуге міндетті. Мансаптық жолыңызды емес, келіндік өтіліңізді (стаж) көбейте беріңіз.