Талдықорғандағы Мұқағали бюсті
Мұқағали Мақатаев - қазақтың маңдайына біткен біртуар ақын. «Мен ХХІ ғасырдың құрдасымын. Бәлкім одан кейінгі ғасырлардың да құрдасы шығармын» деген еді ақын өз күнделігінде. Оның өлеңдері бүгінгі ұрпақтың рухани қазынасына айналып үлгерді.