Тойда гүл лақтыру орнына шарғы сыйлаңыз
Той – қазақтың қазынасы. Той десе шашылатын қазақ үшін оның дүркіреп өткені керек. Бірақ бүгінде сол той үстінде болатын қазақтың ұлттық дәстүрлерін ескермей келеміз. Еуропадан келген таңсық дүниеге әуестеніп алдық. Бұл мәдениетті жоққа шығару емес, тек ұлттық құндылықты дәріптеу болар еді.
Үйлену тойын жасап, екі жастың қуанышына ортақтасу ата-ананың парызы. Не көп, сол үйлену тойы көп. Тек той соңына жеткен кезде тұрмысқа шығып жатқан қыздың құрыбыларын жиып, «гүл шоғын» лақтыруға мәжбүрлейміз. Бұл келесі тұрмысқа шығатын қыздың кім болатынын анықтайтын еуропалық ойын. Ал қазақта ол дәстүр бар еді. Ол дәстүрдің аты «шарғы» деп аталады.
Шарғы — қазақ халық арасындағы жұтылып бара жатқан дәстүр. Бұл дәстүр кезінде тұрмыс құрып жатқан қыз өзінің ақ орамалын немесе шытын, үкісін келесі тұрмыс құратын ең жақын құрбысына немесе жақын тума сіңлісіне өз қолымен сыйға береді. Жұрт алдында өтетін бұл дәстүр ерекше құрметке ие. Өйткені артқа қарап бір шоқ гүл лақтырып, қыз біткенді таластырып қоюға қарағанда шарғы дәстүрі шашауын шығармай жасайтын жол.
Салтқа сай, дәстүрге дөп келер дүниенің жарышсы болайық!