Галбадрах Отгонцэцэг Абу-Дабиде өтетін «Grand Slam» турнирін

Қазанның 28-30 аралығында БАӘ астанасы Абу-Дабиде «Grand Slam» халықаралық турнирі өтеді. Бұл додаға Қазақстаннан 10 спортшы қатысады деп жоспарлануда. Қазақстандық дзюдошыларды Дашжамтс Энхбаатар, Донбай Базарбек, Ибрагим Вешагуров, Марат Файзиев, Талап Мұқанов сынды жаттықтырушылар бастап барады. 10 спортшының қатарында Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Галбадрах Отгонцэцэг пен төртжылдықтың басты додасына қатысқан Дидар Хамза да бар.