Ольга Рыпакова Бейжің Олимпиадасының қола жүлдесін алады

Үш қарғып секіруден 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында қола медаль алған грек спортшысы Хрисопия Деветци допинг қолданған. Оның жарыс алдындағы сынамасын қайта тексергенде станозолол пайдаланғаны мәлім болды. Хрисопия Деветци жеңіп алған қола медаль Бейжіңдегі аламанда төртінші орын алған Ольга Рыпаковаға беріледі.