Әлемдегі ең биік сарқыраманы білесіз бе?
Әлемдегі ең биік Анхель сарқырамасы - Венесуэланың тропикалық ормандарында, Канайма ұлттық саябағынд аорналасқан. Қайталанбас табиғат кереметінің биіктігі - 1000 метрге жуық, ал судың үздіксіз түсу биіктігі - 800 метр.
Анхель өз бастауын Карраоның бір тармағы саналатын Чурун өзенінен алады. Судың құлау биіктігі сонша, жерге жеткенше, су ұсақ бөлшектерге бөлініп, тұманға айналады. Тұманды бірнеше шақырымнан сезуге болады. Жоғарыдан құлап түскен су Кереп өзеніне келіп құйылады.
Жалғасы: http://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/40242/