Көмбе тағамын қалай дайындайды?
Даланың ыстық-суығына бірдей төзіп, оны тылсымын, құпия-сырын, құбылысын терең түсініп меңгерген қазақ баласы тамақты қазансыз-ақ істеп ішудің де түрлі жолдарын асқан шеберлікпен ойлап тапқан. Жайлауда ат үстінде жүрген қойшылар дәмді етті аңсаған кезде бір марқаны сояды да қазан-ошақсыз-ақ пісіріп жеп алады екен. Мұндай тәсілді "көмбе" деп атайды. Кей жерлерде "жер қазан" деген атауы да кездеседі. Ал енді көмбе қалай дайындалады, соған тоқталайық.