Келіншегінің қадірін кеш түсінген ердің хаты

Қымбаттым, екеуміз ұрысып қалғалы, сен үйден кеткелі өткен екі күн екі жылдай болды. Шаңырағымның берекесі өзіңмен бірге шығып кеткендей. Мен күндегі әдетіммен жұмыстан шаршап келіп, футбол қарауға теледидар алдына жайғасқанда, шыдамың дәл сол күні шегіне жетерін сезбеппін. Сенің қас-қабағыңды да аңдамай, пендешілікпен, сендерге ақша табу үшін арып-ашып жұмыс жасап жүрмін деп, еркектік парызымды міндет қылыппын. Кеш мені!