Қазақ тілінің лексикографиясы қандай-қандай типтерге бөлінед
Қазақ тілінің лексикографиясы қандай-қандай типтерге бөлінеді, қаншалықты дәрежеде деп білесіз.
Лексикография — әртүрлі сөздіктерді жасау жұмыстарының тәжірибелерін ғылыми тұрғыдан қорытындылаудың негізінде және лексикологиялық зерттеулер мен олардың жетістіктерін таяныш етудің негізінде жасалады.
Сөздіктерді жасау жұмысында лексикография теориясының маңызы айрықша. Себебі сөздіктердің сапасы лексикография теориясының дәрежесі неғұрлым жоғары болса, сөздіктер де соғұрлым сапалы болмақ. Лексикографиялық жұмыстарды жүргізіп, әртүрлі сөздіктерді жасау лексикологияны және лексикографияның теориясы мен практикасын жете білуді қажет етеді. Сөздіктердің сапасын арттыру сөздік жасау жұмысына қатысты көптеген теориялық және практикалық мәселелер жайында зерттеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Олардың ішінде айрықша назар аударатын мәселелер мыналар: – сөздің лексикалық мағыналарының типтері; – мағына мен қолданыс; – сөз мағыналарының сөздікте берілу тәртібі; – полисемия құбылысы мен омонимия құбылысының айырмашылығы; – фразеологиялық сөз тіркестерінің сөздікте берілу принциптері; – сөздікке кіретін туынды сөздердің түрлері және олардың аумағы мен шегі; – сөздерге берілетін анықтама (түсіндірме) мен стилистикалық мінездеме және т.б.
Лексикографиялық жұмыста грамматика мен стилистиканың атқаратын қызметі зор. Сөздіктерде сөздерге әртүрлі сипаттама (мінездеме) беріледі. Осыған орай, лексикографилық теорияның тіл білімінің әртүрлі салаларының, мысалы, лексикологияның (оның ішінде семасиология мен фразеология), грамматиканың және стилистиканың сөздерге мінездеме беру тұрғысынан қатыстылығы келіп тұрады. Мысалы, сөздің мағыналық жағы түсіндірме сөздікте де, аударма сөздікте де маңызды мәселе болып саналады. Оларда сөз, ең алдымен, мағыналық жақтан талданып, анықталады. Осыдан сөздің мағынасын, мағыналық түрлерін, қарастыратын семасиологияның лексикография теориясымен тікелей байланысы келіп туады. Сөздікті құрастыруда сөздерге грамматикалық мінездеме беру де қажет болады. Сөздердің грамматикалық тұрғыдан қандай лексико–грамматикалық топқа, яғни сөз табына, қатыстығы сөздікте тиісті белгілер арқылы көрсетіледі. Сөздік құрамының белгілі бір стилге тән, соған телінген сөздер де болады. Осыдан сөздіктерде ондай сөздердің қай стилге тән екендігін аңғартатындай берлгілер берудің қажеттілігі келіп туады. Мұның өзі тілдің лексикасының стилистикалық жақтан дифференсациялануын зерттеп, лексикадағы стильдік топтар мен тармақтарды айқындаудың нәтижесінде ғана іске асады. Осы мағынада стилистика да лексикографиялық теорияда көмекші қызмет атқарады.
Сөздіктердің түрлері: Сөздіктердің тіл–тілде бірнеше түрі бар. Олардың әрқайсысы әртүрлі мәдени қажеттілікті өтеу үшін жасалады. Лингвистикалық сөздіктер жасалу мақсатына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Олар:
1. Сөзіктердің ішінде тілдің лексикасының шығуын, дамуын және оның бірнеше дәуірін сипаттайтын түрі бар. Мұндай сөздік тарихи сөздіктер деп аталады. Керісінше, сөздіктердің кейбір түрі қазіргі тілде жаппай және жиі қолданылатын сөздерді қамтып, оларға талдау жасап, сипаттама беруді мақсат етеді. Мұндай сөздіктер тілідің заманауи сөздіктері деп аталады.
2. Сөздіңтердің белгілі бір түрі тілдегі күллі сөздерді түгел қамтып сипаттауды мақсат етеді. Мұндай сөздік толық сөздіктер деп аталады. Сөздіктердің енді бір түрі тілдің сөздік құрамындағы барлық сөздерді емес, оның белгілі бір дәуірдегі сөздерді немесе лексиканың белгілі бір саласын қамтитын сөздік түрінде жасалады. Мұнадай сөздік кіші сөздік немесе толық емес сөздік деп аталады. Сөздіктің бұл түрлеріне аранаулы сөздіктерді де жатқызуға болады. Олар: терминологиялық сөздік, синонимдер сөздігі, фразеологиялық сөздік және т.б. жатқызуға болады.
3. Сөздердің сөздікте ана тілінде түсіндірілуі немесе басқа тілге аударылып түсіндірілуіне қарай сөздіктер екі түрге бөлінеді: алғашқысы – бір тілдік түсіндірме сөздіктер, екіншісі – екі тілідік немесе көп тілдік аударма сөздіктер.
4. Сөздіктер оларда берілген сөздердің әліппи тәртібімен көрсетілуіне немесе сөздермен белгіленетін ұғымдардың топтарының рет–ретімен көрсетілуіне қарай екі түрге бөлінеді: 1) Дыбыстық немесе алфавиттік сөздіктер; 2) Идеологиялық сөздіктер немесе ұғымдар сөздігі. Сонымен, сөздіктерді шартты түрде төрт топқа бөліп қарауға болады.
І. Сөздердің шығу тегі мен олардың семантикалық дамуы туралы мағлұмат беретін сөздіктер. Оларға: 1. Этимологиялық сөздік. 2. Тарихи сөздік]].
ІІ. Қазіргі тілдердегі сөздердің мағыналарын түсіндіріп, олардың қолданылуы жайлы мағлұмат беретін сөздіктер. Олар: 1. Түсіндірме сөздік. 2. Аударма сөздік. 3. Терминологиялық сөздік]]. 4. Диалектологиялық сөздік. 5. Фразеологиялық сөздік. 6. Синонимдер сөздігі.
ІІІ. Сөздердің дыбыстық құрылысы мен олардың жазылуы туралы мәлімет беретін сөздіктер. Олардың қатарына: 1. Фонетикалық сөздік. 2. Орфографиялық сөздік.
ІV. Заттар мен құбылыстардың ұғымдарын айқындап, түсіндіретін сөздіктер. Олардың қатарына: 1. Энциклопедиялық сөздік. 2. Иллюстративтік сөздік.[1]
19. Фразеологизмдердің шығу арналарының этимологияға қатысын айтыңыз.
Фраземалар келесі қасиеті – тұрақтылық.
Фраземада екі түрлі тұрақтылық болады.
1)Салыстырмалы тұрақтылық.
Жалпы фраземаға варианттылық тән (басы) төбесі (көкке) аспанға (жету). Олар қолданылу барысында морфологиялық өзгерістерге ұшырайды..
2)Тіркес тұрақтылығы. Тіркес құрамы еш өзгеріске ұшырай алмайды.
Фразеология деген термин екі түрлі мағынада қолданылады. Тілдегі мағына тиянақты тіркестерді тексеретін тіл білімінің саласы дегенді, бір тілдегі фразеологизм байлығының тұтас жиынтығы дегенді білдіреді. Дегенмен бұл саланың шешілмеген дауы әлі де көп.
Фразеологизмдер дербес лингвистикалық сала екенін танытатын 3 түрлі белгі бар: 1)даяр қалпында жұмсалу белгісі. 2) мағына тұтастығы 3) тіркес тиянақтылығы
Біздің негізгі қарастыратын мәселеміз – фразеологиялық антонимдер. Тұрақты сөз тіркестері мән-мағынасы жағынан қарама-қарсы болып та жұмсалады. Ондай қолданыстарды фразеологиялық тіркестер тәрізді фразеологиялық антонимдер даяр қалпында жұмсалады. Бұл белгі еркін тіркестермен салыстырғанда айқын байқалады. Еркін сөз тіркестеріне қарағанда фразеологиялық сөз тіркестерінде құбылту болмайды, яғни айтушы ойын еркін түрде емес, тілде бұрыннан қалыптасып даяр тұрған тіркестерді пайдалану арқылы жеткізеді. Мысалы: Жамбасының астынан жеп жату (қиналмай, еңбектенбей өмір сүру). Ащы тер төгу.(қатты қиналып әрекет ету.Ащы терің жерге төгілсе төгілер, менің дәулетім төгілмес.) Бұлар сөйлем ішінде қолданылғанда даяр күйінде жұмсалады, ешкімнің ырқына көнбей даяр тұрған құылыс материалы ретінде қызмет етеді. Еркін антонимдік сөздермен фразеологиялық антонимдердің жасалу жолы да екі бөлек. Мысалы: Еркін антонимдік сөздер (жоғары-төмен, ыстық-суық) қолданыла берсе, фразеологиялық антонимдерді қолдану үшін бір-біріне қарама-қарсы мағынаны білдіретін тіркесті табу керек. Мысалы: Салы суға кету(еңсесі түсу, түңілу). Осыған қарама-қарсы «қайрат шақыру» (серпілу, күш пайда болу). Еркін антоним сөздерде жеке сөздердің беретін лексикалық мағынасына қарай қолдануға болатын болса, фразеологиялық антонимдерде жалпы тіркестің бірігіп барып беретін бір ғана лексикалық мағынасын анықтап барып, екінші, фразеологиялық тіркесті қарама-қарсы мағынада қолданады. Мысалы: күдігі қоюлану (одан әрі күмәндана түсті). Күдіктің бұлты айығу (шүбәсіз болу) Тек көптен бері көңіл көгіне үйіріліп келген күдіктің бұлты айығып, үміт шұғыласы орын тепті.(С.М) . Сонымен қатар сөз тіркесінде сөздер тура мағынада қолданылып, шындық болмыспен тікелей байланысты болса, фраземаның байлаулы мағынадағы сөздері әрдайым контекстелінеді, бағынышты болып тұрады.
Фразеологиялық антонимдерде тұрақты тіркестердің басқа түрлері сияқты бірнеше сөздердің тіркесінен құралғанымен дербес мағыналық бөлшектерге бөлінбейді, сөйлегенде тұтас күйінде қаз – қалпын бұзбай қолданылады. Мысалы: Жарға құлату (арандату). Енді бүлдіріп жарға жығайын деп пе едің? ( М. Ә.).
Қабырғасына қолы батпау (зиян келтірмеу, тиіспеу).
- Байқашы өзіңді өзің, кімнің қолы батар екен қабырғаңа (Ғ. М.). Бұлар құрылым құрылысы жағынан қаншалықтыкүрделілігіне қарамастан, сөйлем ішінде әрқайсысы жеке сөздермен бірдей тіркесіп тұр.
Фразеологизмдердің арасынада бір- біріне ауысып жататын байланыстар болады, яғни фразеологизмдердің кейбіреулері қос сөзбен біріккен сөзге айналып кетіп жатады. Мысал: өліп - өшу (жақсы көру), әңкі – тәңкісіншығару ( жек көру, ұру).
Фразеологизмге тән екінші белгі – ол мағына тұтастығы. Фразеологизмдердің қолданысы да мағына тұтастығына тікелей тәуелді. Фразеологизмдердің бәріне де белгілі бір меншіктік мағына болады. Ол мағына тұрақты тіркестерді құрастырушы сыңарларының мағынасына сәйкес келмейді. Оларға тәуелсіз өздігінен өмір сүреді. Мысалы: жерден жеті қоян тапқандай ( қуану). Құрамындағы төрт сөздің бірде- біреуімен байланыспай, бірақ сол төрт сөз қаз – қатар жұптасып қолдануы арқыла пайда болады. Фразеологизмдер бір бүтін бірлік ретінде қолданылып қана қоймай мағыналық жағынан да бір тұтас бірлікретінде көрінеді. Ал фразеологизмдердің антонимдік қолданысында алғашқы тіркеске қарсы мәндегі тіркесінің мағынасы да бір тұтастық заңына бағынуы керек. Мысалы: 1. ине жіптен жаңа өткен ( су жаңа киім). Досекңнің өзі де жаңа шыққан люкс костюмін столдың еш жеріне тигізбеймін дегендей сіресіп отыр. (Ә.С.). 2. қырық құрақ ( тозығы жеткен ескі киім) осы кезде алыстан шырқаған әнді ести түсіп Есбикенің қызы Сақыш жыртық жабуы үстінде қырық құрақ болған ескі көйлегінің етегін жамай отырып, үн салмай қысылып жылады. (М. Ә.). бұл жерде екі тұрақты тіркес бір- біріне қарама қарсы мағынада, яғни антонимдік қолданыста айтылып тұр.
Фразеологизмдер әрқашан туында мағынада жұмсалып, сөзбен баламалық қатынаста емес, жанамалық байланыста тұрады. Зерттеушілер қазіргі сөз бен еркін тіркес мағыналарынан – лексикалық мағынада, ал жанамалық қатынаста болатын тұрақты тіркестің мағынасын- фразеологиялық мағына деп бөледі. Мысалы: фразеологизмдердің антонимдік қолданысында бастың үлкені – қауға бас, кішісі шақша бас ретінде айтылады. Мұнда бастың үлкен- кішісін білдірумен қатар күшті эмоциялық мән жасалған. Сөйтіп біреулердің ашуына тиетін жағдай жасалған. Сонымен қатар біреудің аузын дорба ауыз деп, екіншісін оймақ ауыз десек, жағымды – жағымсыз көзқарас пайда болады. Демек фразеологизмдердің антонимдік қозғалысында екі нәрсе қатар жүреді: алғашқысы эмоцияны білдірсе, кеінгісі жағымды – жағымсыздық көзқарасты салыстыра беру.
Мысалы: бота көз, жылан көз.
Кейде тұрақтты тіркестердің құрамындағы бір сөздің бір түрлі, формасынан әлденеше формалардың жасалуы. Мысалы: 1. Көзіне ұйқы тығылды (ұйқысы келу), қалғып келе жатқанда, көде түбінде қонақтаған бозторғайлар дәл осылай аяқ астынан пыр ете қалатын. (Ә.Н). 2. көзі шайдай ашылды ( ұйқысы ашылу). Сөйлеу кезінде жасалынбай, даяр қалпында қолданылу жағынан мақал-мәтелдер фразеологизмдерге ұқсайды.Мақалдар негізінен екі бөлімді болып келеді де, алдыңғысында іс-әрекеттің жағдайы айтылып, сонымен сол пікірді түйіндеп қорытындылайды. Мысалы, суық шаршатады, жылы жасытады. Сұлу сұлу емес,сүйген сұлу. Фразеологизмдер сияқты мақал-мәтелдер де орныққан,бекем болады. Көп мағыналық( полисемия) пен омонимия құбылыстары әдетте жеке сөздердің төңірегінде көзге айқын байқалады. Полисемия құбылысы әредік фразеологиялық тіркестер арасында байқалып қалады. Көп мағыналы фразеологизмдердің ішінде лексикадағыдай көп мағыналық жиі кездеседі. Фразеологиялық тіркес аясындағы полисемияның өзін де бір текті құбылыс емес.Яғни белгілі бір фразаға тән көп мағыналылық түрлі жолмен жасалатын сияқты.Оның бірі – жалғаса туатын мағына,екіншісі – жарыса туатын мағына.
Қазақ тіліндегі фразеологизмдерді сөз табына қатыстылығы жағынан төрт топқа бөліп қарауға болады. Олар: етістік мағыналы , сындық мағыналы, заттық мағыналы, үстеу мағыналы фразеологизмдер.
Фразеологияның шығу арналары
Фразеологиялық тіркестердің шығу төркініне байланысты екі түрлі пікір фразеологиялык тіркес - белгілі бір озық ойлы, парасатты, шешен, халық өкілдерінің өмірден алған тәжірибесінің немесе нақты оқиға, іске қатысты айтылған ой-тұжырымдарының қорытындысы; жесір дауы, құн дауы тәрізді келелі кеңестерде айыр таңдай шешендердің айтқан биліктерінің уақыты өте келе ықшамдалып, өңделіп жеткен үлгілері. Олар жылдар бойы халық жадында жатталып, бірте-бірте қолдануға даяр тілдік құралға, мұрасына айналған. олардың сыры мол табиғатын терең тұсініп, сиқырлы күші бағалай білген кешегі шоқтығы биік шешен бабалардың, ердің ауыз сөзбен тындырған халықтың арманын арқалап, күңірене күй толғаған абыз-жыраулардың сөз саптауларынан халықтың жадында ұзақ уақыт, тіпті ғасырлар бойы сақталып, қазынаға айналып бізге шешендік өнердің негізі, мәйегі болып саналатын сөз оралымдары, фразеологизмдер. Тілдегі фразеологизмдердің жасалуына сан түрлі құбылыстар, ұғымдар, түсініктер 1. Көптеген фразеологизмдердің қорытылған құбылыстардың нақтылы бейнесі негіз болған. сары қарын бие деп 8-9 жастағы биені айтса,қарын бәйбіше деп адамға қатысты айтыла бастаған. Сол жарылды, аузынан ақ май ағызды деген фразеологизмдердің жасалуына сөз жоқ, адам ойында себеп болғандығын танып білуге болады. Бірқыдыру фразеологизмдер өлшемдік пайда болған. Мысалы, қас қарая, қызыл іңірде, ала мұзда, ұзын сарыда, т.б. Бірсыпыра фразеологизмдер діни ғұрыптарға байланысты жасалған. Мысалы, ақ жуып, арулап көмді, жамылды, қарасын алды, т.б. Ақ сүтін көкке сауу - магиялық қарғыстан келіп Ай, күн, жұлдыздың тотемдік қызметінің әсерін, бұларға байланысты Құдай, тәңір, алла сөздерінің тірек болуы нәтижесінде жасалған 4. Кейбір тұрақты тіркестердің жасалуына аңыздар мен өткен Сонымен, фразеологизмдердің көпшілігі - халқымыздың тарихын, салт-дәстүрін, адамгершілік Курстық жұмысымыздың осы бірінші бөлімін қорытындыласақ, фразеология -мағына тұтастығы; тіркес тиянақтылығы; даяр қалпында жұмсалуы.
20. Есімді сөз тіркестері, байланысу формалары, мағыналық қатынастарын атаңыз.
Есімді сөз тіркестері — сөз тіркесінің басыңқы сыңары есім сөз болып келетін түрі. Мұндай сөз тіркесінің ұйытқы сөздері (басыңқылары), негізінен, зат есім және сын есім, сан есім сияқты есім сөздер болады да, бағыныңқы сыңарлардың қызметін есім сөздердің бірі немесе етістіктің есімше түрі атқарады: “қалың тоғай”, “жақсының сөзі”, “екінің бірі”, “оқылған кітап”.
Есімді сөз тіркестерінің сыңарлары қабыса, матаса, меңгеріле байланысады. Байланысу формаларының бір-бірінен елеулі айырмашылықтары болуымен бірге, байланысудың бір формасының да өз ішінде ерекшеліктері болады.
Қабыса байланысқан есімді сөз тіркестері, зат есім мен зат есімнің тіркестері түрінде (“алтын сақина”, “темір пеш”, “бір үйір жылқы”, “бір үзім нан”, “қалта сағат”), сын есім мен зат есімнің тіркесі түрінде (“жақсы дос”, “сұлу әйел”, “ақ қағаз”, “аласа бойлы азамат”, “ат жақты жігіт”), сан есім мен зат есімнің тіркесі түрінде (“оныншы сынып”, “отыз студент”, “он шақты қой”, “бес-алты дәптер”), есімше мен зат есімнің тіркесі түрінде (“көрінген тау”, “сөйлейтін адам”, “орылған шөп”), есімдік пен зат есімнің тіркесі түрінде (“мына үй”, “ана жол”, “нешінші пәтер?”, “барлық халық”, “өз еңбегі”), үстеу мен зат есімдердің тіркесі түрінде (“қазір осында”, “бүгін көңілді”, “әлі тып-тыныш”) кездеседі.
Матаса байланысқан есімді сөз тіркестері байланысудың табиғатына сай ілік септігіндегі сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің тіркесі болып шығады (“қораның шатыры”, “құстың сұлуы”, “отыздың екеуі”, “менің әкем”).
Меңгеріле байланысқанда басыңқы мен бағыныңқы сыңарлардың септік (іліктен басқа) жалғаулары арқылы тіркеске түсетіні белгілі (“жанға бай”, “жақсылыққа үйір”, “сенімен тұстас”, “сайлауға әзірлік”). Осының барлығынан да сын, сапа, меншіктілік сияқты синтаксистік мағыналар туындап отырады.
21.Тұрлаулы мүшелер: құрамы, жасалу жолдарын саралаңыз.
Сөйлем мүшелері – сөздердің мағыналық тұрғыдан өзара тіркесуі нәтижесінде синтаксистік қызметте жұмсалатын сөйлемнің дербес бөлшектері. Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен мағыналық байланыста болады, сол байланыс негізінде грамматикалық мағынаға ие болған сөздер, сөз тіркестері сөйлем мүшелері қызметін атқарады. Сөйлем мүшелері қызметінде сөйлемнің дұрыс құрылуының, әр сөздің өз орнында жұмсалуы мен ой желісі, стильдік жағынан нақты болуының орны ерекше. Сөйлем мүшелері үлкен екі топқа бөлінеді:
тұрлаулы мүшелер (бастауыш, баяндауыш);
тұрлаусыз мүшелер (анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш).
Тұрлаулы мүшелер сөйлемнің негізгі арқауы саналады, предикативтік қатынас негізінде ең кіші сөйлем ретінде жұмсалып, олардың негізінде тақырып, рема, тіпті есімді, етістікті сөз тіркестері айқындалады.[1]
Бастауыш – сөйлемдегі ойдың иесі, ол нөлдік, көптік, тәуелдік тұлғаларда есімдіктен, есім сөз таптарынан, ал баяндауыш бастауыштың негізгі қасиеттерін нақтылай келе етістіктен, т.б. сөз таптарынан жасалады. Тұрлаусыз мүшелер бастауыш пен баяндауышқа тікелей қатысты болып, сөйлемде айтылуға тиісті ойды толықтырып, айқындап тұрады.
Толықтауыш септелген сөздердің заттық қасиетін көрсетеді де, тура және жанама түрлерге бөлінеді.
Анықтауыш заттың, субстантивтенген сөз таптарының, септік жалғаулы пысықтауыштарды айқындайды, оның сапалық, меншікті түрлері бар.
Пысықтауыш көбіне қимылға, кейде есімдерге де қатысты жұмсалады. Сөйлем мүшелері негізінен дербес мағыналы сөз таптарынан жасалады, олардың жасалуына көмекші есім, көмекші етістік, шылау, модаль сөздер де қатынасады, дербес мағыналы сөздердің семантикасын осы көмекші сөздер айқындайды. Сөйлем мүшелері дара, күрделі, үйірлі, кейде құрама болады.
1.Қазақ тіліндегі омонимдердің зерттелу тарихын баяндаңыз. Омоним гректің «хомбс» - «біркелкі», «онума» – «атау» деген екі сөзінен құралған. Қазіргі қазақ тіл білімінде бұл сөз халықаралық термин ретінде аударылмай сол күйінде қолданылып жүр.Қазақ тіліндегі омоним мәселесі алғаш рет А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов сияқты ғалымдар еңбектерінде белгілі дәрежеде сөз болғанымен, көпке дейін арнайы қарастырылмай келді. Ғ.Мұсабаев омонимге алғашқылардың бірі болып мынадай анықтама берді: «Шығу жағынан да, мағына жағынан да басқа, басқа, тек айтылуы ғана бірдей сөздерді омоним сөздер деп атаймыз». Бұл анықтаманың жаңсақ тұстарын осы мәселені түбегейлі зерттеген ғалым К.Аханов жақсы ашып көрсетеді.Қазақ тіліндегі омонимдерді алғаш рет арнайы зерттеу нысанасына айналдырып, жан-жақты саралаған ғалым - К.Аханов. Омоним мәселесін сондай-ақ Ғ.Мұсабаев, І.Кеңесбаев, М.Белбаева, т.б. ғалымдар да зерттеген.Айтылуы, дыбысталуы бірдей, бірақ мағыналары мүлде басқа сөздерді омоним дейміз.Омоним болу үшін сөздің біреу болуы жеткіліксіз екені белгілі, яғни тіліміздегі сөздер ең кем дегенде екі немесе одан да көп омонимдік қатар түзеді. К.Аханов тілдегі омонимдік қатарларды зерттей келіп, олардың санын жетіге дейін жеткізеді. Кейінгі зертетушілер омонимдік қатарлардың әлдеқайда мол екендігін байқатып жүр.Жай І. Зат есім. Аспан кеңістігіне жиналған электр зарядтарының шағылысуынан пайда болған жарқыл, найзағай.
- Лағнет бұлты шатырлап, жай түсіп неге қатпаймын. (С.Т.)
Жай ІІ. Зат есім. Тұрмыстағы хал, ахуал, жағдай, күй.
- Қамардың жайы мұндай болған соң… араздық пәленді қойып, Омар да күні-түні қасында болды (С.Т.)
Жай ІІІ. Зат есім. Белгілі бір мекен, тұрақ
Жай ІҮ. Етістік . Таратып, ыдырату, жазу (шөпті жаю)
Жай Ү. Сын есім. Қатардағы, қарапайым, жұпыны (жай жұмыс)
Жай ҮІ. Сын есім. Жайлы, қолайлы (малға жай)
Жай ҮІІ. Үстеу. Ақырын, баяу (жай жүру)
Жай ҮІІІ. Өзімен-өзі, жайбарақат, тыныш (жай жатыс)
Жай ІХ. Үстеу. Ақы-пұлсыз, тегін, (азық-түлікті жай бере ме?)
Жай Х. Үстеу. Әдеттегіден кеш, кейін, соң.
Омонимдерді мағыналық және құрылымдық ерекшеліктеріне қарай іштей топтастыруға болады. Қазақ тіліндегі омонимдерді К.Аханов лексикалық мағынасына, олардың әрқайсысына тән грамматикалық мағыналары мен формаларына қарай 3 топқа бөледі:
1. лексикалық омонимдер;
2. лексика-грамматикалық омонимдер;
3. аралас омонимдер.
Лексикалық омонимдер дыбысталуы жағынан біркелкі болуы тиіс және олар қай формасында болмасын өзара омонимдес болып келеді.
Мысалы: арық (зат есім) – арнайы қазылған су жолы; арық (сын есім) – семіз емес, жүдеу (көбінесе есім сөзден немесе етістіктен болады).
Лексика-грамматикалық омонимдер сөздің барлық формаларында емес, олардың тек бірінде немесе бірнешеуінде ғана омоним болып келеді, ал басқа формаларында омоним болмай кетеді. Бір сөз тобынан емес, түрлі сөз тобынан болады.
Бастау – етістіктің тұйық формасы мен зат есім. Істі кешіктірмей бастау керек.
Аңсаған шөлде су тапса, бас қоймай ма бастауға (Абай).
Омонимдік қатардағы сөздердің кейбір жұптары лексикалық омонимдерге, келесі сыңарлары лексика-грамматикалық омонимдерге жатса, оларды аралас омонимдер дейміз.
Омоним құбылысының ауқымы мұнымен ғана шектелмей, оның айрықша түрлері бар. Олардың қатарына ғалымдар омофон мен омографтарды қосса, кейінгі кезде омоформалар мен паронимдерді қосып жүр.
Омофондар – айтылуы бірдей, жазылуы әр түрлі сөздер (мысалы: І сарала – етістік: Әр пікірді саралап алған дұрыс) ІІ сары ала – сын есім: Бір тамаша сары ала қамшысына қызығып, қалап алып ем. (М.Ә.)
Омограф – жазылуы бірдей, айтылуы әр түрлі сөздер. І зат есім алма – қызыл алма – ІІ алма –етістік –кітапты алма; зат есім кеспе – қою кеспе – ІІ кеспе ет – нанды кеспе.
Паронимдер – морфемалық құрамы әр басқа, айтылуы бірдей сөздер (Мысалы: Тоқтатқан Азнабайдай әңгімені, Арқада арқыраған ән кім еді.
Салты бар әр ғасырдың, әр уақтың
Ұстады шылбырынан ару аттың,
Сағынған ағасы мен ақ періште
Беттеді ордасына әруақтың.
Паронимдерді жасауға орфоэпиялық заңдар негіз болады. (әлі толық зерттеле қоймаған құбылыс)
1. Каламбур дегеніміз не? (4-5 мысал келтіріңіз)
2. Омонимдер мен көп мағыналы сөздерді қалай ажыратамыз?
60. Негізгі және туынды үстеулердің жасалу жолдарына тоқталыңыз,көнеленген септік формалар арқылы туған туынды үстеулерге.Үстеулердің сөйлемдегі қызметіне сипаттама беріңіз.Тұлғасына қарай 1. Негізгі үстеу – түбір мен қосымшаға бөлшектеуге келмейтін үстеулер. Негізгі үстеудің көпшілігіне сын есім шырайының –рақ-рек-ырақ-ірек және-лау-леу-дау-деу-тау-теу жұрнақтары жалғана алады. (Непроизводные наречия не делятся на корни и аффиксы. К большинству непроизводных наречий могут присоединяться вышеперечисленные суффиксы степеней сравнений прилагательных) Мысалы: әрең, сәл, ертең, бұрын, тез, жылдам-жылдамырақ т.б.
2. Туынды үстеу – түбірге жұрнақ жалғануы арқылы немесе кейбір септік жалғауларының көнеленуі арқылы жасалған үстеулер. (Производные наречия образуются путем присоединения к корню суффиксов или устаревших окончаний некоторых падежей)
Туынды үстеу жасалу жолдары (пути образования производных наречий)
2.1 Туынды үстеу тудыратын жұрнақтар (суффиксы, образующие производные наречия)
– ша-ше: қазақ+ша, адам+ша, бұлбұл+ша, орыс+ша, өзге+ше, түрік+ше т.б.
– лай-лей-дай-дей-тай-тей: шикі+лей, қыс+тай, осы+лай, ақша+лай т.б.
– сыз-сіз: себеп+сіз, есеп+сіз, дау+сыз, пайда+сыз т.б.
- дайын-дейін-тайын-тейін: сұңқар+дайын, түйе+дейін, бұлақ+тайын т.б.
- ншама-ншалық: осы+ншама, со+ншалық т.б.
- майынша-мейінше-байынша-бейінше-пайынша-пейінше: оқы+майынша, кел+мейінше
2.2 Септік жалғауларының көнеленуі арқылы жасалған үстеулер
(при помощи устаревших падежных окончаний)
ал+ға, арт+қа, кеш+ке т.б. – барыс септік
лез+де, күн+де, баяғы+да, қапы+да т.б. – жатыс септік
шеті+нен, шалқасы+нан, кеңі+нен, ежел+ден т.б. – шығыс септік
жөні+мен, кезек+пен, шыны+мен, түні+мен, күні+мен т.б. – көмектес септік
2.3 Сөздердің бірігуі арқылы жасалған үстеулер (наречия,образованные путем сращения)
жаздыгүні /жаздың+күні/, таңертең /таң+ертең,/, ендігәрі /ендігіден+әрі/, биыл /бұл+жыл/ т.б.
2.4 Сөздердің қосарлануы арқылы жасалған үстеулер (образованы путем удвоения)
жоғары-төмен, анда-санда, қолма-қол, бет-бетімен, үсті-үстіне, сөйлей-сөйлей т.б.
2.5 Тіркес түрінде жасалған үстеулер (наречия, образованные путем сочетания слов)
күні бүгін, ала жаздай, ертеден қара кешке дейін, күн ұзаққа, қас пен көздің арасында т.б. Үстеудің сөйлемдегі қызметі
Сөйлемде үстеу негізінен пысықтауыш қызметін атқарады. Өйткені үстеу мағынасы жағынан көбіне-көп қимылдың, іс-әрекеттің (яғни етістіктің) әртүрлі сын-сипатын яғни мекенін, мезгілін, амалын, мөлшерін, болу мақсаты мен себебін білдіреді. Мысалы: Шыңғыстың сырты тез жылына қоймайтын да ерте көктемейтін. (М. Ә.). Ескі бише отырман бос мақалдап (А). Кетпеннің жоғары көтерілуі де, қарқыны да, жерді алымы да бір қалыпқа түсті (Ғ. Мұст).
Берілген мысалдағы тез (қалай жылына қоймайтын?), ерте (қашан көктемейтін?), бише (калай отырман?), жоғары (қайда кетерілу?) деген сөздер пысықтауыш қызметін атқарып тұр.
Кейбір үстеулер жіктеліп келіп баяндауыш қызметін де атқарады. Мысалы: Сендер осындасыңдар ма? Бірлік қайда болса, жеңіс сонда. Бұл сөйлемдердегі осындасыңдар (көпше III жақ), сонда (III жақ) үстеулері жіктеліп келіп баяндауыш болып тұр.
Кейде үстеу атау септікте тұрып заттанып келіп бастауыш қызметінде де жұмсалады: Мысалы: Еріншектің ертеңі таусылмас (макал). Бугін — мереке.
Күшейткіш үстеулер сапалык сын есімдермен тіркесіп келіп, онымен бірге күрделі анықтауыш құрамында жұмсалады. Мысалы: Сауықшыл сорлы бүкшиді, Тым-ақ қиын іс болды (А). Мәжіліске ең қадірлі, ең шаңдаулы адамдар келмек.
Берілген сөйлемдердегі тым-ақ және ең деген күшейткіш үстеулері қиын және қадірлі, таңдаулы сын есімдермен тіркесіп келіп, іс және адамдар сөздерінің күрделі анықтауышы болып тұр.
Үстеуді талдау.
Үстеудің сөз түрлендіретін тұлғалары жоқ. Сондықтан әдетте сөйлем ішінде үстеуді тапқаннан кейін, біріншіден, мағыналық түрін (мезгіл, мекен сын-қимыл, мөлшер, күшейткіш, мақсат, ссбеп-салдар), екіншіден, құрамын (негізгі я туынды түбір, күрделі біріккен, қосарланган, тіркескен түбір) ажыратамыз.
61.Сабақтас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық сипаты, сабақтас құрмалас сөйлемдерді нақты танытатын белгілерді атаңыз.Қазақ тіл біліміндегі топтастырылуын саралаңыз.Сабақтас құрмалас сөйлемнің негізгі грамматикалық сипатын айқындаған-да бағыныңқы сөйлем басшылыққа алынады. Өйткені, бағыныңқы сөйлем – сабақтас құрмалас сөйлемді ұйымдастырушы. Н.Сауранбаевтың анықтамасы бойынша, бағыныңқы сөйлем – басыңқы сөйлемде берілген тұтас ойды, не ондағы бір мүшені сипаттау, толықтыру үшін сол басыңқы мен өзінің дербес бастауышы бар баяндауыш арқылы құрмаласқан жай сөйлем.
Дәстүрлі грамматикада бағыныңқы сөйлемнің басты белгілері ретінде:
1) Өзіне тән ой дербестігі болу.
2) Предикативтік қатынас негізінде құралу.
3) Ұластырушы интонациямен айтылуы беріледі.
Бұнда бағыныңқы сөйлемнің ой дербестігі мен ұластырушы интонациямен айтылуы еш дау тудырмайды. Себебі жеке дербес ойға ие болмаған сөйлем сөйлем болмайды. Бағыныңқы сөйлемде берілетін ой жеке алдында дараланған ой емес, басыңқы сыңарға байланысты айтылған, соны толықтырып, мазмұнын айқындайтын қасиетке ие. Бағыныңқы сөйлемдер ұластырушы интонациямен айтылады. Кез-келген сөйлемде, синтагмалық топтарда интонациялық жік болатыны белгілі. Бірақ бұларда интонация ритмикалық кідіріс ретінде көрінсе, бағыныңқыларда бұл интонация айтылу жағынан басыңқы сөйлеммен ұласқан болып келеді. Интонациялық толқынның басыңқы компоненттің соңында жоғарылауы сөйлемнің аяқталмағандығын, жалғасы бар екендігін, ұласа айтылуындағы паузалық байланыстың барлығын көрсетеді.
Бағыныңқы сөйлемнің грамматикалық безендірілуі – барлық тілдерде сөйлемнің екі ажырамас құрылымдық әлементтері ретінде бастауыш пен баяндауыштың болуы. Сабақтас құрмаластың бағыныңқы сыңарында бастауышы, баяндауышы болуының жалпы сөйлемдік шарты. Бірақ грамматикалық бастауыш барлық сөйлемде бола бермейді, сабақтас үшін оның орнына мағыналық бастауыштың барлығы да жеткілікті.
Құрмалас сөйлемнің тарихында ең алдымен көп жылдар бойы үйірлі мүшенің табиғатын айқындау өзіндік орын алды. Кейбір ғалымдар «үйірлі мүшені» жай сөйлем құрамында қарастырса, кейбірі оларды бағыныңқы сөйлемге жатқызады. Қазақ тіл білімінде үйірлі мүшесі бар сөйлемдерді құрмаластардың қатарында қарау Қ.Жұбанов, С.Жиенбаев, Н.Сауранбаев – тардың еңбектерінен орын алған. Академик Н. Сауранбаев пікірінше, үйірлі мүше құрамында өзіндік бастауыш болмайды. Ал егер бола қалса, ол үйірлі мүше емес, сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңарының ішіндегі жай сөйлем есебінде қарастырады.
Ендігі кезекте сабақтас құрмалас сөйлемдер компоненттерінің құрмаласу жолдарына келер болсақ, Н.Сауранбаевтың пікірінше, сабақтас құрмалас сөйлемдер 1) көсемшелер; 2) есімшелер; 3) шартты рай; 4) изафет арқылы құрмаласады. Көсемшенің ішінде (-ып, -іп, -п; -а, -е, -й; -ғалы, -гелі, -қалы, -келі) бағыныңқыны басыңқымен байланыстыруда көп қолданылатыны және қызмет жағынан әр түрлі – п көсемше түрі. Н.Сауранбаев бұл түрін үнемді түр, ал –а және –қалы көсемше түрін көсемшенің үнемсіз, мақсатты түрі деп берген. Ғалымның айтуынша, –а және –қалы формалары көсемшенің үнемді түрі сияқты әмбебап емес, біркелкі бағыныңқылықты беріледі.
Септік жалғауларындағы есімшенің синтаксистік қызметтерінің сараланбауы соңғы кезеңдерге дейін қазақ тіл білімінен де орын алып келді. Бұл жайды да қазақ ғалымдары тарапынан (С.Жиенбаев, Н.Сауранбаев) қолдау тапқандығымен түсіндіруге болады.Соның салдарынан 1950 жылдар – ға дейін сөйлем ішіндегі есімшенің септік жалғауларда қолданылған түрлерінің барлығы да дерлік бірдей дәрежеде мектеп оқушыларына бағыныңқының баяндауышы ретінде түсіндіріліп келді. Н.Сауранбаев есімшелі сөйлемдерге байланысты осындай пікірінен (арнайы бастауышы болуына байланысты барлық септіктегі есімшелі сөйлемдер бағыныңқы болады) соңғы зерттеулерінде де арыла алмады. Ғалымның пікірінше, қазақ тілінде сабақтас сөйлемдердің құрмаластыратын арнаулы жалғаулықтары- ның болмауы есімшелерінің әр түрлі септіктерде келуімен орны толтырады. Осы жөнінде Н.Сауранбаев сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы компонентінің баяндауышы есімшенің атау түрінде немесе басқа септікте тұруы бағыныңқы сөйлемнің атқарар қызметінен көрінетіндігін атап көрсеткен. Бағыныңқы сөйлем басыңқыдағы ойды қысқартып, оның мезгілін, мекенін, амалын, себебін, мақсатын білдіретін болса, бағыныңқыдағы есімше баяндауыштың атау түрін, я тиісті септеу түрін белгілі демеуліктер, я сол мағынадағы көмекші сөздер меңгеріп тұрады.
Есімше, көсемше тұлғасында келген бағыныңқының баяндауыштары көптеген ғалымдар арасында күдік тудырса, шартты рай тұлғасында келген бағыныңқының баяндауышы еш күмән тудырмайды. Өйткені, баяндауыш пен бастауыш бір-бірімен жақ жағынан қиысады. Бағыныңқы сөйлемдер көбінесе шартты рай және оның басқа көмекші формалары арқылы байланысатыны анық. Кейбір ғалымдар шартты бағыныңқы сөйлемді есімше, көсемше арқылы байланысқан бағыныңқыларға қарсы қояды. Есімшелі, көсемшелі бағыныңқыларда баяндауыш өз бастауышымен жақтаспайды дейді. Н.Т.Сауранбаевтың пікірінше, бұндай формашылдық жүйе түркі тілдеріндегі сабақтас сөйлемдердің сырын ашуға кілт бола алмайды. Олай болмаса, есімше, көсемше баяндауышы бағыныңқыда екі тұрлаулы мүшенің жақтасу, жақтаспауы сабақтас құрмалас сөйлемге негіз бола алмайды.
Шартты рай тұлғасы арқылы байланысқан сабақтас құрмаласта жеке сөйлемдердің бір-бірімен өзара жалғастырыла, үйлестіріле айтылуында қатыстық сөздердің де атқаратын қызметі елеулі. Мұндай қатыстық сөздер сілтеу, сұрау есімдіктерінен тұрады да, бір сөйлемнің құрылысына қарай екінші сөйлемді де іліктес айтылуына мүмкіндік жасап тұрады. Профессор М.З.Закиев құрамында осындай қатыстық сөздер бар сабақтас құрмалас сөйлемдердің байланысуын айқындауыштық қатынас деп қарайды. Академик Н.Сауранбаев осы тәріздес сөйлемдерді ұялас сөйлемдер (Кім де кім мұның мүйізін кесіп алса, ол күшсіз болып дұшпандарын жеңе алмайды) деп берсе, С.Аманжолов егіспелі сөйлемдер дейді.
Қазақ тіл білімінде, жалпы түркологияда «деп» - тің синтаксистік қызметін, оның құрмалас сөйлемдердің құрамындағы жай сөйлемдерді бір-бірімен байланыстырушы амал ретінде қолданылуын алғаш айтқан Н.Сауранбаев. Бұл ғалымның пікірінше, әсіресе, аударма ісінің дамуымен тығыз байланысты. Сонымен қатар ғалымның тұжырымдауынша, қазіргі заманғы тілдік практикада «деп» өзінің лексикалық мағынасымен қатар грамматикалық мағына да береді. Бірақ кезінде ғалымның бұл тұжырымымен келіспейді. Бұған автордың сөзімен айтқанда: «Этому, видимо, способствовала некоторая самостоятельность семантике этого слова. Именно основа «деп» (говорит так) имеет конкретно – абстрактное значение, которое делает возможным образование от него еще других форм. Например: деп, деген, дейтін и т.п.» [16;244-бет] Бұнда «деп» - тің жалғаулық шылаулар ретіндегі грамматикалық мағына -п көсемшесі арқылы беріліп отыр: «деепричастный аффикс -п блогодаря своей связующей функции, превратил глагол «де» в союз. Аффикс -п выражает связь глагола «де» с последущим предложением... В форме «деп» можно обнаружить две стороны. Первая – эта связь целого предложения с глаголом «де». Эту связь можно назвать семантической связью – эта связь глагола «де» вместе со своей семантической группой с последующим предложением. Эта связь выражает-ся аффиксом -п. Последнюю можно назвать синтаксической связью. Поэтому форма «деп» в современном языке функциально стала союзом».[16,245-бет]
Жоғарыда көрсетілген байланысу түрімен қатар, Н.Сауранбаевтың зерттеуінше, қазақ тілінде байланыстың ерекше бір түрі бар. Бұл байланыстың түрінде құрмалас сөйлемнің компоненттері тәуелдік жалғауы- ның 3- жағында изафеттік құрылымда тұрып құрмаласады, яғни, 3-жақта тұрған изафетті құрылымдар жеке сөйлемнің бір мүшесі болып қатысады. Мысалы: Мал дегендегі жалғыз шолақ торы аттың жұмысы ауыр болып, арқасы жауыр болып,мойнына жал бітпеді. Бірақ ғалымның бұл ғылыми тұжырымы ғалымдар арасынан қолдау таппай, тіл білімінде орныға алмаған. Автор кейінгі еңбектерінде бұл тәсілді алып тастаған.
Бағыныңқы сөйлемдерді өзара саралауда тіл білімінде әр түрлі принцип басшылыққа алынып келді, соның салдарынан әр еңбекте бағыныңқылар әр түрліше жіктелді. Бағыныңқыларды жіктеуде ең алғашында олардың сөйлем ішінде атқаратын қызметі (функциональды принцип) басшылыққа алынды. Бұл тәсілді қолдаушылар Қ.Жұбанов, С.Жиенбаев және Н.Сауранбаев (анықтауыш бағыныңқылы, толықтауыш бағыныңқылы, пысықтауыш бағын –ыңқылы, мезгіл, себеп, амал, мақсат пысықтауыш бағыныңқылы, шарт бағыныңқылы, қарсы бағыныңқылы, салыстырмалы бағыныңқылы сабақтас) болады.
Берілген сабақтастардың грамматикалық табиғатына тоқталсақ, ғалымның пікірінше:
1) анықтауыш бағыныңқы мен үйірлі анықтауыш мүшенің арасындағы шек тек бастауыштың бар, жоғында ғана емес, есімшенің қандай сөзді анықтауында: «есімше сөз субъектісін анықтаса, онда ол өзіне қарасты сөздерімен есімше анықтауыш үйірлі мүше болады. Ал егер есімше өз субъектісінен басқа сөзді анықтаса, онда ол етістіктің бастауышы айтылмаса да, анықтауыш бағыныңқы болады».[15,79-бет] Анықтауыш бағыныңқы сөйлемнің өзгешелігі - өзі анықтайтын сөзден ешбір ажырамай бір интонациямен қабылдап айтылуында.
2) Ғалым толықтауыш бағыныңқылы мен пысықтауыш бағыныңқылы сөйлемдердің бағыныңқы компоненттің жай сөйлемдегі сөйлем мүшелерінің қызметімен тең қарастырады. Бұнда сөйлем мүшелері мен бағыныңқы сөйлемдердің арасындағы айырмашылық – бағыныңқы сөйлемнің дербес бастауышының болуында деп есептейді ғалым.
3) «Егер баяндауышы шартты райда тұрған бағыныңқы сөйлемде «егер» (егер де) сөзін қосып айтуға болса, ол шартты мәнді бағыныңқы, ал бұл үстеуді оған қосып айтуға болмаса, ол бағыныңқы (баяндауыш шартты райда тұрғанымен) шарт мәнді болмайды, не мезгіл мәнді, не басқа мәнді болады. Шартты райлы баяндауыштан кейін «да», «де» қосалқысы тұрса, ол бағыныңқы шарт мәнде де, мезгіл мәнде болмайды, қарсы мәнде болады.
4) Қарсылықты сабақтас ерекшелігі – олар тұрақты интонациямен айтыла –ды. Олардың өзара құрмаласу тәсілдері әр түрлі болғанымен, интонациясы бірдей. Қарсылықты сабақтастың алдыңғы сөйлемі соңғы сөйлемінен бөлек айтылып, баяндауышына «-мен» қосымшасы мен «да» қосымшасы тіркескен жағдайда олар ерекше екпінмен айтылады.
Академик Н.Сауранбаев соңғы зерттеулерінде сабақтас құрмалас сөйлем– дердің жеті түрі берілген: мезгіл пысықтауыш бағыныңқы, себеп пысықтауыш бағыныңқы, амал пысықтауыш бағыныңқы, мақсат пысықтауыш бағыныңқы, шарт бағыныңқы сабақтас, қарсылықты сабақтас, салыстырмалы бағыныңқы сабақтас. Бұрынғы «анықтауыш бағыныңқы сабақтас» пен «толықтауыш бағыныңқы» сөйлемдер біріктіріліп, «үйірлі мүшелі сабақтастар» деп берілген
Н.Сауранбаевтың құрмалас сөйлемдердің грамматикалық табиғаты, ұйымдастыру заңдылықтары, даму жолдары мен құрмалас сөйлемдерді топтастыру, т.б. мәселелерде танымының кеңдігі, теориялық тұжырымдары-ның тереңдігі салыстыру, талдау барысында анықталып, ғалымның құрмалас сөйлемнің жүйесін зерттеудегі еңбектері қазақ тілі біліміндегі ғана емес, жалпы түркологияда орны ерекше. Н.Сауранбаевты қазақ тіл білімінде алғашқы рет психолигвистиканың ғылыми негізін салдырушылардың бірі деуге негіз бар. Ғалымның пікірінше, құрмалас сөйлемдердің құрамындағы жай сөйлемдердің салаласа, сабақтаса құрмаласуы – адамның айналадағы қоршаған ортаны, ондағы құбылыстарды аңдауының нәтижесі. Қазақ тіл білімінде алғаш рет жалғаулықсыз құрмалас сөйлемдерді құрмалас сөйлемнің ерекше түрінің бірі ретінде қарастырған. Ғалымның тұжырымынша, іргелес құрмалас сөйлемдер өзіндік құрылымдық-семантикалық табиғаты бар құрмалас сөйлемнің бір түрі. Ғалымның бұл пікірі уақыт елегінен өтіп, араға біраз уақыт салып қайта ғылымда жаңғырып, өз жалғасын тапты.
Қазақ тіл білімінде Н.Сауранбаев қазақ тіліндегі сабақтас құрмалас сөйлемдер табиғатын танудағы, оның негізгі белгілерін, құрмаласу тәсілдерін көрсетудегі пікірлері өз құндылығымен ерекшеленеді. Н.Сауранбаевтың құрмалас сөйлемнің құрамындағы компоненттерінің сипаты мен олардың құрмаласу жүйесі туралы ұсынған критерийлері мен шарттарын кей ғалымдар қабылдамады, кей ғалымдардан қолдау тапты. Бұл – ғылымның дамуында болатын заңды құбылыс. Ғылымда пікір үйлесімділігімен қатар ой алалығы әрдайым қатар жүретіндігі сөзсіз. Кезінде ғалымға өз айтқанынан тез «айнитын» ғалым деген баға берілген. Меніңше, бұл – ғалымның ғылымдағы тұрақсыздығы емес, ғалымның ізденімпаздығының белгісі. Н.Сауранбаевтың ғылыми мұрасы бүгінгі ұрпақ үшін ғылыми мәнін жоймаған, керісінше, ғылыми еңбектерге бағыт-бағдар беретін, методологиялық қайнар көзі болатын құнды еңбектер деп танимыз.