XV-XVI ғасырдағы қазақ әдеби тілінің лексика-грамматикалық е
XV-XVI ғасырдағы қазақ әдеби тілінің лексика-грамматикалық ерекшеліктеріне тоқталыңыз. 1960-80 жылы XV-XVIII ғасырлар аралығында өмір сүрген тарихта аты мәлім ақын-жыраулардың мұралары жинақтапып, жарияланып, жүйелі зерттеу объектісіне айналғаннан кейін, қазақ әдебиеттану ғылымында XV-XVIII ғасырлардағы жыраулар мен ақындар творчествосы бір-бірімен сабақтасып жатқан, желісі үзілмеген профессионал әдебиет деген дұрыс тұжырым қапыптасты. Әдеби тіл тарихын зерттеушілер тарапынан да XV-XVIII ғасыр ақын-жыраулар шығармаларының тілін қазақ әдеби тілінің алғашқы үлгілері ретінде тану бағыты үстемдік алды. Қазіргі, қазақ әдеби тілінің қалыптасуы XV ғасырдан басталады деген нақты пікір қалыптасты. Ол кезде (XV ғасыр) қазақ ру-тайпаларының халық болып біріге бастауы, бір орталыққа бағынған қазақ хандығының құрылуы қазақ әдеби тілінің қалыптасуына тарихи қолайлы жағдай туғызды. Қазақ әдеби тілінің әуелде бастау алған негізгі қайнар көздері жалпыхалықтық тіл мен аса бай фольклор тілі болды. Әдеби тілдің жаппы халық тілі негізінде дамуында поэзия тіл үлгілерінің рөлі ерекше. Сол кездегі көркем поэзияның көрнекті өкілдері жыраулар мен ақындар халық тіліндегі тілдік жүйелерді, сөз асылдарын өз шығармапарына таңдап, талғап енгізу арқылы ауыз әдеби тіл нормаларын қалыптастыра түсті. XV-XVIII ғасырда ауыз әдеби тілінің құрылымдық жүйесінде тағы бір тармақтың публицистикалық стильдің ауызша түрі қызмет өткендігі байқалады. Әдет-ғұрып заңдарын жүргізудегі, қоғамдық мәні бар мәселелерді шешудегі атақты билердің шешендік сөз толғауларында мақал-мәтел, қанатты сөз орамдары мен фразеологиялық тіркестер молынан қолданыла, сомдала келіп, әдеби тілдің саралана түсуіне жағдай жасады. Әдеби тіл кезеңдерін анықтауда белгілі бір көркем сөз шеберлерінің шығармаларындағы тілдік материалдар, яғни олардың халықтық тілдің мол байлығын қаншлықты дәрежеде игеруі, оларды жаңа сапада жұмсауы, бөгде тіл элементтерін әдеби тіл мүддесіне жарату тәрізді жайттар тірек болады. Осы тұрғыдан апғанда, қазақ әдеби тілінің тарихын төрт кезеңге бөліп қарастырып жүрміз.
XV-XVII ғасырдың aрaсын қамтиды. Асан Қайғы, Қазтуған, Шалгез, Доспамбет, Жиембет т. б. жыраулардың толғаулары, ел арасына ауызша тараған шежірелер, шешендік сөз немесе билер сөзі осы кезеңдегі әдеби тілдің үлгілері деп танылады. Бұлар өз дәуіріне тән лексика-грамматикалық ерекшеліктерді біршама сақтап қалған. Мәселен, Шәлгездегі "сындырау арқа", "сырт соқпақ", "түнде жүріп түлкі өтер" сияқты сөз тіркестері мен сақалына сары шіркей ұялап, миығына қара шыбын балалап" тәрізді реалистік суреттер, Қазтуғандағы "Буыршынның бұта шайнар ауызы, бидайдықтың кел жайқаған жалғызы" сынды теңеу образдар уақыт өзгерісіне төтеп беріп, бізге дейін жеткен. Сол сияқты астана, жұрт, аруұл, қом су, алаңжұрт сияқты фразеологизмдер мен байрақ, адырна, жезайыр, шора аға (басшы), азамат (жасақ) тәрізді әскери лексика бұл кездегі әдеби үлгілерде жиі кездеседі. XV-XVII ғасырдағы ауызша әдеби тілдің лексикалық құрамы негізінен жалпыхалықтық тілдің есебінен толығып, молайып отырды. Дегенмен, әдеби тіл айналымында діни тақырыпқа қатысты халил, қағба, шаһид, ғазрейіл, бәйтолла тәрізді араб тілі сөздерінің болғандығын байқаймыз, бірақ олардың саны әдеби тілдің кейінгі кезеңдерімен салыстырғанда тым аз. Сол тұстағы грамматика норманың мысалы ретінде шығыс септігінің дың/дің түрінде келуін ("Бұл Бұзылдін қайтпассың") ілік септігінің ьш/ім тұлғасында (бізім, менім), етістіктің өткен шақ мағынасы ғай-гей формасында ("қалға қабылан жау тигей ме?") берілуін, екінші жақ буйрық райдың ғыл түрінде ұшырауын келтіруге болады.
Әдебитілдің XVIII-ғасырдан XIX ғасырдың екінші жартысына дейінгі үлгілеріне Бұхар, Тәттіғара жыраулардың шығармалары жатады. Әдеби тілдің лексикалық құрамында бұрынғы кезеңдегі жаугершілік тақырыптан гөрі күнделікті тұрмыс салт тақырыптарына байланысты лексик. топтар актив жұмсалады. Семіз жарау байда бар, құйрығы бітеу қойда бар (Бұхар); Көз болып қой бұзауға шамаң келсе, біреуге тамақ үшін жағынарсың (Шал) т. т. Жыраулар туындыларының негізі ақыл-өсиет айту, адамзат, қоғам туралы толғану болғандықтан, әділдік, адамдық, жарлылық тәрізді дерексіз ұғымды білдіретін атаулар мен араб, парсы сөздері бұл кезеңде молырақ кездеседі. XVIII ғасыр және оған дейінгі дәуірлерге жыраулық дәстүр басым болса, ендігі жерде ақындар әлеуметтік үнге ие бола бастайды, олардың тақырыбы қуаныш, реніш мұң-мұқтаж, арман-тілек, өз ортасы, айналадағы табиғат көріністері болды. Бұл кезеңде бел ала бастаған ақындық дәстүр поэзияның тақырып ерісін кеңітіп, сөзді әдеттегі номинатив мағынасында жұмсау epic алды. Кірме сөздердің көбі араб, парсы және орыс тілдерінен алынды.
XIX ғасырдың екінші жaртысы. Бұл дәуірде қазақтың жазба әдеби тілі халықтың мәдени өмірінде кең қолданыс тапты. Әдеби тілдің нормалану процесін танытатын үлгі нұсқалардың түрлері кебейді. Бұл кезеңдегі әдеби тіл үлгілері өзінің мазмұны жағынан азаматтық, діни функциясы жағынан көркем әдебиет және оқубілімге, іс-қағаздарына қатысты әдебиет болып түрлене түсті. Әдеби тіл функциянальдық стильдерге тарамдала бастады. XIX ғасырдың екінші жартысы қазақтың ұлттық әдеби тілі үшін күрес кезеңі болды. Яғни, ұлттық әдеби тіліміздің (көне жазба әдеби тілі негізінде ме, әлде жалпы халықтық ауыз әдеби тілі негізінде ме деген) даму бағытын айқындау қажет болады. Міне, осы кезеңде қазақ халқының ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев жалпы халықтық тіл негізіне арқа сүйеді, халықтың көп ғасырлық сөйлеу тілі мен ауыз әдеби тілін көркем тіл кестесіне түсіріп, жаңа өң беріп, қуатын арттырды. Сөйтіп, Ыбырай мен Абай халықтық тілдің тұрақты әрі ортақ белгілерін өздерінің көркем туындыларында молынан пайдаланды. Ұлттық жазба әдеби тілдің негізін қалап, әдеби тілдің жаңа сапа дамуына жол сапды. Ыбырай Алтынсарин жалпыхалықтық тіл мен ауызша қызмет өткен төл әдеби тілдің нормаларын арқау ете отырып, проза жанрының, ғылыми стильдің, ап Абай өз қара-сөздері мен поэзиясында публицистика мен көркем әдебиет стилінің негізін салды. Сөйтіп, олар әдеби тілдің жанр жағынан түрлене түсуіне зор үлес қосты.
Қазан теңкерісінен кейінгі кезең. Әдеби тіл халыққа білім берудің, мәдени, рухани мұраларды жасаудың қуатты құралына айналды. Қоғамдық емірдің барлық саласында дерлік қызмет етті. Көркем сөз зергерлерімен қатар ғылым, мәдениет қоғам қайраткерлері де әдеби тіл нормасының тұрақ,талуы, қызметінің жан-жақты күшейе түсуіне белсене ат салысты. Әдеби тілдің жазбаша түріне сәйкес шаршы топ алдына (жиналыста, радио мен теледидар алдында, сахнада т. б.) сөйленетін ауызша түрінің де қызметі кеңейе түсті. Әдеби тілдің бірсыпыра нормалары кодификациялау арқылы тұрақты сипат алды: қазақ тілінің грамматика жазылып, емле ережелері белгіленді, орфографиялық, орфоэпиялық және түсіндірме сөздіктері құрастырылды. Сөйтіп, әдеби тіл нормапарының тұрақталуына саналы түрде арапасу жан-жақты сипат алды. Соңғы кезеңдегі әдеби тіліміздің даму қарқыны біркелкі емес, сондықтан оны да бірнеше белестерге бөліп қарауға болады
25. Түбір морфема мен қосымша морфеманың ерекшеліктерін саралаңыз.Түбір мен негіздің басты ерекшеліктеріне мысал келтіріңіз. Әрбір сөздің өзіне тән тұлға –тұрпаты болады. Сол тұлға –тұрпаттың арқасында әрбір сөз бір бүтін тұлға (единица) ретінде қызмет етеді. Ал,сөздің тұлға –тұрпаты (құрылымы) оның лексикалық және грамматикалық сипаттарымен байланысты. Осы себептен сөздер морфологиялық құрылысы жағынан әрқилы болып келеді. Ал, сол әрқилылық, әрине, сөздердің құрамдарының әр түрлі болуына байланысты да, сөздің құрамының түрлі-түрлі болуы оның бөлшектеріне байланысты. Бірер мысал алып, сөздің құрамы деген ұғымды анықтап көрейік.
Ғашықтың тілі-тілсіз тіл (Абай) деген сөйлемдегі тіл,тілі,,тілсіз деген сөздері сөйлеу қажетіне қарай өзгертіліп қолданылған. Ал ол өзгеріс сол сөздердің тіл, тілі,,тілсіз дегендегі сыртқы тұлға-тұрпаттарынан айқын көрініп тұр. Бұлардың үшеуіне де бірдей ортақ форма,әрине, тіл деген түпкі бөлшек. Ал, сонымен қатар, қолдануда біреуіне –і бөлшегі (тіл-і), біреуіне –сіз (тіл-сіз) қосылған. Сөйтіп, бір сөздің өзі үш түрлі формада қолданылған (тіл,тілі,тілсіз).
Бұл сөздің сыртқы формасының осындай үш түрлі болу ерекшеліктеріне қарай, олардың өзара мағыналық өзгешеліктері де бар. Мұндағы тіл деген түпкі бөлшек сөздің негізгі лексикалық мағынасына ие. Ал, тілі дегендегі –і бөлшегі сол құралды үшінші (бөгде) адамға (ғашыққа) келіп тұрса, -сіз бөлшегі (тілсіз) сөзі жоқ тіл деген мағынаны білдіріп тұр.
Сөздің лексикалық я грамматикалық мағыналарын білдіретін осындай бөлшектері морфемалар деп аталады.
Морфеманың да өзіне тән мағынасы (мазмұны) және өзіне тән сыртқы дыбыстық жамылышы (формасы) болады. Ендеше,морфема деп сөздің өзіне тән мағынасы бар ұсақ бөлшегін айтамыз.
Сөздің морфологиялық құрамындағы морфемалардың мағыналары мен қызметтері, әрине,бірдей емес. Морфемаларды ең алдымен түбір морфема және қосымша морфема деп екі салаға (түрге) бөлуге болады.
Түбір морфема – сөздің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін ең түпкі негізі. Бұл түпкі негіз сөздің құрылысының да, мағынасының да негізгі ұйытқысы болып есептеледі. Өйткені түбір морфема сөздігі негізгі лексикалық мағынасын білдіреді. Түбір морфема қатыспаса, қосымша морфеманың бірде біреуі яки бірнешеуі қосылып та ешқандай мағынаны білдіре алмайды және сөз де бола алмайды. Ендеше, түбір морфема ең негізгі морфема болып саналады. Түбір морфема өздігінен жеке тұрып семантикалық жағынан да, өызметі жағынан да дербес сөз бола алады. Мұндай жағдайда түбір морфеманың мағынасы мағынасы мен сөздің мағынасы бірдей болыа шыға береді. Мысалы, бас,тіл,жол,кел,жүр морфемаларын алсақ,олардың әрқайсысы әрі түбір морфема,әрі жеке сөз бола алады.
Ал бастық,тілші,келісім,қолтықта деген сөздерді алсақ, олар – құрамында түбір морфемалары да, қосымша морфемалары да бар сөздер. Бұларда түбір морфемаларының мағынасы мен сөздің мағынасы бірдей емес, өйткені олардың құрамдарында түбір морфеманың негізгі мағынасы да, оның үстіне де қосымша морфемалар арқылы жамалған үстеме я қосымша мағыналары бар.
Түбір морфема дара түрде де, қосымша морфеманы қосып алып та жеке сөз ретінде қолданылатыны сияқты,қайталанып та (тау-тау,қора-қора), басқа түбір морфемамен қосарланып та (тау-тас,қора-қопсы), бірігіп те (белбеу,басқұр), тіркесіп те (он екі, қара сұр) жеке сөз ретінде жұмсала береді. Сонымен қатар, ондай қайталанған, біріккен, тіркескен түбір морфемаларға қажетінше қосымша морфемалар жалғанып қолданыла береді
Қосымша морфемалар өз ішінде жұрнақтар, жалғаулар және қосалқы сөздер деген үш топқа бөлінеді.Бұл қосымшалардың жұрнақтар деп аталатын түрі жалаң сөздерді жасау үшін қолданылады да, қосалқы деп аталатын түрі сөз тіркестері мен құранды сөздерді жасау үшін қолданылады.Ал, жалғаулар деп аталатын түрі жұрнақтар мен қосалқы сөздер арқылы жасалған жалаң және күрделі сөздерді бір-бірімен байланыстыру үшін қолданылады.Қосалқы сөздер жайындағы мәліметтер әрбір сөз табының тұсында айтылып отырылады.Қосымша морфемаларда мағыналық дербестік те,тұлғалық дербестік те болмайды. Өйткені қосымша морфемада жеке тұрғанда өзіне тән арнаулы дербес мағына болмайтындықтан, ол (қосымша) түбірдің қатысынсыз жеке-дара қолданылмайды. Сондай-ақ қосымша морфема жеке-дара қолданылмай, тек түбірге тұлғасы жалғанатын түбір морфеманың әуеніне еріп, өзгеріп, түрленіп отырады. Осы себептен бір морфеманың дыбыстық бірнеше түрі (варианты) болуы мүмкін. Мысалы, атты кісі, сүті сиыр, сауулы інген, елеулі мәселе, малды шаруа, білімді адам дегендегі –ты, -ті, -лы, -ды, -ді бөлшектері- бір морфеманың әр алуан түрлері.
Жалпы морфема атаулыға, онан қала берді, олардың түр-түрлеріне тән сыр-сипаттар келіп шығады. Ол сыр-сипаттар мынадай:
Біріншіден, түбір морфемалар мен қосымша морфемалар бір-біріне парықсыз емес; олардың қарым-қатынастары белгілі бір заңдарға сүйенеді; олар өзара бір-бірімен талғап тіркеседі. Қосымша морфемалар түбір морфемалардың грамматикалық қасиеттері жағынан біріңғай, біркелкі болып келуін қалайды да, олардың белгілі-белгілі топ-тобына ғана жалғанады. Мысалы, -па; -саң (жақпа, жақсаң) морфемаларын тек етістіктерге ғана (жатпа, айтпа, жақсаң, айтсаң) тікелей жалғасақ, -м; -да; -дан (жолы, жолда жолдан) морфемаларын тек есім сөздерге ғана тікелей жалғай аламыз, керісінше жалғай алмаймыз.
Екіншіден, қай қосымша қосылса да және қанша қосымша қосылса да, түбір морфема тұлға жағынан өзгермейді, үнемі бір қалыпта сақталып отырады. Ал, қосымша морфемалар, жоғарыда айтылғандай, тұлға жағынан тұрақсыз, демек, түбір морфеманың ерекшеліктеріне қарай орайласып, өзгеріп отырады. Мысалы, айтылады, айтылар, айтылғандықтан, айтылмақшы, айтыңдар, айтылар, айтасыңдар, күтіле, күтеледі, күтілгендіктен, күтілмекші, күтіңдер, күтісіңдер т.б.
Үшіншіден, бір түрлі қосымша қай түбірге (сөзге) және қанша түбірге (сөзге) жалғанса да, олардың әрқайсысына әр түрлі мағына үстемейді, олардың бәріне де жалпы бір түрлі ғана мағына үстейді. Мысалы, жоғарыдағы жат, сат, айт, қақ, шақ тәрізді етістіктердің, сол сияқты, жол, ауыл, асу, қалам, майдан тәрізді есімдердің түбірлері де, мағыналары да басқа-басқа бола тұрса да, оларға жалғанатын бір түрлі қосымша морфеманың әрқайсысы тек өзіне тән жалпы бір мағынаны ғана жамайды. Демек, айтса, сатса, оқыса, жатса, шақса дегендегі –са морфемасы осындағы түбірлердің қайсысына болсын бір шарттық мағынаны үстесе, жолым, аулым, қаламым, асуым дегендердегі –ым морфемасы олардың бәріне де тек бірінші жаққа тән тәуелдеу (меншіктеу) мағынасын ғана жамайды.
Төртіншіден, бір түбір морфемаға қажетіне қарай бірнеше қосымша морфема жалғана береді. Бірақ ондай жағдайда қосымша морфемалар бірінен соң бірі, қалай болса солай қосыла бермейді, тілдің ішкі заңдарына лайық, белгілі бір жүйе бойынша рет-ретімен тіркеседі. Мысалы, сауыншыларымыздағы деген есім сөздің түбір морфемасы сау, оған әуелі –ын, екінші –шы, үшінші –лар, төртінші –ымыз, бесінші –да, алтыншы –ғы морфемалары қосылған. Сондай-ақ, көрінбегенбісіңдер деген етістік сөзде көр түбір морфемасы болса, оған да бір-бірінен соң бірі тіркескен алты түрлі қосымша морфема (ін+бе+ген+бі+сің+дер) қосылып тұр. Осы екі сөздің сондай-ақ, өзге сөздердің де қосымша морфемаларының орындарын ауыстырып (айтайық, сау+шы+ын+ымыз+лар+ғы+да тәріздендіріп), тіркестіруге болмайды, өйткені қосымша морфемалардың да әрқайсысының өзді-өзінің білдіретін тиісті мағынасы,алатын тиісті орны, атқаратын тиісті қызметтері бар.
Сөйтіп, түбір морфема мен қосымша морфеманың мағыналарындағы ең негізгі айырмашылық мынау: түбір морфеманың мағынасына, біріншіден, әрі нақтылық (конкреттілік), әрі дербестік тән болса, екіншіден, сол мағына тікелей түбірдің өз бойында болады; қосыша морфеманың мағынасына, біріншіден, әрі тым жалпылық (абстрактілік), әрі дербестегі жоқтық тән болса, екіншіден, сол жалпы (абстрактілік) мағына тек сөздің құрамында ғана тиянақты болып анықталады.Осыған сәйкес, түбір морфема тілдің өзіне тән мағынасы бар тұлғасы (единицасы) ретінде жеке-дара тұрып қызмет етсе, қосымша морфема тілдің мағыналы тұлға (единица) есебінде жеке-дара жұмсалмайды, тек сөздің құрамында ғана қолданылады.
26. Реляциялық мағына тудырушы қосымшалар мен деривациялық мағына тудырушы қосымшалардың түрлеріне тоқталыңыз, олардың грамматикалық қызметін айқындаңыз.
Мағына — сөздердің ұғыммен байланысты мәні, мазмұны. Сөз мағынасының қалыптасуына ұғымнан басқа да жәйттер себеп болады, ол адамның дүниеге көзқарасын, көңіл-күйін білдіреді. Сөз ұғымы тұтас, дербес болғанымен, мағынасы әлдеқайда кең әрі бірнешеу болуы мүмкін. Кез келген сөзде белгілі бір мағына болғанымен, сөздердің барлығы бірдей ұғымды білдірмейді. Мыс., "Мына сиыр сүтті-ақ екен" деген сөйлемдегі “ақ” шылауында күшейту мағынасы бар да, "Сен ауылға бардың ба?" сөйлеміндегі “ба” деген шылауда сұраулық мағына бар. Бірақ бұлардың ешқайсысы да ұғымды білдірмейді. Сөз мағынасының әр түрлі эмоциялық реңкі болады. Мыс., "қаз-қаз" (жүру), "түу, ойбай-ай" деген сөздер заттық логикалық ұғымды білдірмейді, бірақ оларда сүйіну, күйіну, өкінуді білдіретін эмоционалдық мағына бар. Ал ұғымда мұндай эмоциялық реңк болмайды. Сөз мағынасының лексикалық және грамматикалық түрлері бар. Тілдегі сөздердің мағынасы сол тілдің семантикалық жүйесінің бөлшегі болып табылады да, оның сөздік құрамымен, сөздердің мәтінде қолданылу ерекшелігімен, тілдің грамматикасы табиғатымен байланыста айқындалады.
Грамматикалық мағына референциялық (синтаксистік емес) және Реляциялық (синтаксистік) болып бөлінеді. Референциялық мағына тілден тыс болмыстағы заттар мен кұбылыстардың касиеттерін білдіреді, мысалы, көлемдік, мөлшерлік, қимыл-әрекеттік сиякты мағыналар. Ал реляциялық мағына сөз тіркесі мен сөйлем құрамындағы байланысты білдіреді.[2]
Сөйлем құрамындағы сөздерді өзара байланыстыратын ішкі тілдік реляциялық мағына. Реляциялық мағына ұлттык тарихи ерекшелігі бар нақты тілдің морфологиясымен тығыз байланысты. Оған қиысу, менгеру, септік жүйесі т. б. жатады.
Реляциялық мағына -сөзбен сөзді байланыстырып, олардың бір-біріне қатынасын білдіретін аффикстер сөз түрлендіруші аффикстер, ал олардың сөз түрлендіруші аффикстердің, грамматикалық мағыналары реляциялық мағына деп аталады. Реляциялық мағына пайда болу жагынан тіл даму үрдісімен болып отыратын жағдай. Ол тілдің ішкі даму күбылысы аркылы туындайды. Реляциялық бірлік мәдени семантикадан да бөлінбейді.
Деривациялық мағына орыс. деривационное значение — өз алдына дербес колданылмайтын сөзжасам жұрнақтары білдіретін үстеме мағына. Ол аркылы сөздін лексикалық мағынасына өзгеріс кіріп отырады: көл — көлшік, мал — малшы.[1]
Тілдің сөзжасам саласын дериватология деп те атайтыны белгілі. Ол латын сөзі dёrivation – «жасау, құрау» деген мағынаны береді. Субстанциалдық бірліктер реляциялық қатынастар барысында өзгереді. Сондықтан деривация дегеніміздің өзін өзгеріс деп түсінуге тиіспіз. Өзгерістің (процесс) бастапқы және кейінгі нәтижесі болатындығы белгілі, семантикалық деривацияны зерттеуші мамандардың айтуынша, деривация дегеніміз – бастапқы, алғашқы тілдік бірліктен кейінгі, туынды тілдік бірліктің жасалу процесі. Ал деривация процесі – тілдік бірліктердің (дериваттардың) формалық (структуралық) және мазмұндық (семантикалық) өзгеруі [1.15].
Ең алдымен деривация термині «сөзжасам» мағынасында ғана қолданылған. Тіл білімінде тілдік заңдылық бір салаға қатысты қолданылады да, бірте-бірте басқа да деңгейлік салаларға қолданыла бастайды. Сол сияқты деривация термині де кейіннен синтаксис саласына қатысты қолданыла бастады. Сөйтіп деривацияның лексикалық және синтаксистік деген екі түрі қалыптасты.
Семантикалық деривация лексикалық деривацияға жақын, соның ішінен шығады деуге де болады. Тіл бірліктерінің тұлғалық жағы да, мазмұндық жағы да қатар өзгереді. Семантикалық деривация мағынаның көшуі. Тұлғаның өзгеруі мағынаның өзгеруіне әкеледі. Өзгерген туынды түбір етістіктердің көп мағыналығы – ерекше зерттеуді қажет ететін мәселе.
Деривация процесінде бастапқы тілдік бірлік структуралық (формалық) және мазмұндық (семантикалық) өзгеріске түседі. Демек, деривациялық процестің мазмұндық және формалық типтері бар. Тілдің формалық деривация процесіне грамматикалық құбылыстар, мазмұндық деривация процесіне семантикалық құбылыстар жатады. Семантикалық деривация процесі – мазмұны, мән-мағынасы өзгерген бастапқы және кейінгі бірліктердің нәтижесі. Семантикалық деривация олардың арасындағы белгілі бір қатынастар мен байланыстарды айқындайды, заңдылықтарын белгілейді. Демек, семантикалық деривация дегеніміз – контекстен тыс автосемантикалы, контекст ішіндегі синсемантикалы түбір және негіз сөздердің мағыналық өзгеріске түсуі
27) Толықтауыш және пысықтауыш: құрамы,жасалу жолдарын саралаңыз
Пысықтауыштар өздері қатысты мүшені мекен, мезгіл жағынан және де істің істелу амалы, себебі мен мақсаты жағынан пысықтайды. Пысықтауыш мүшенің бір ерекшелігі – ол пысықталатын мүшемен тығыз байланыста бола бермейді. Логикалық екпін өзіне түскен жағдайда ғана пысықтауыш өзі айқындайтын етістік баяндауыштың нақ алдында тұрады да, қалған реттерде бірде арасына сөз салып, сөйлемнің орта шенінде, бірде сөйлемнің бас шенінде, тіпті бастауыштан бұрын да келе береді. Мыс: Мұрат мектепке кеше барды. Мұрат кеше мектепке барды. Кеше мектепке Мұрат барды. Пысықтауыштардың мұндай еркіндігі инверсия заңын тудырады және оның өзі пысықтайтын сөзбен бір шама әлсіздігін аңғартады. Грамматикалық табиғаты мен лексикалық мағынасы жағынан пысықтауыш болатын сөздер үстеулер. Сонымен қатар пысықтауыш қызметінде зат есімдер, етістіктің есімше, көсемше, шартты рай тұлғалары, еліктеуіш сөздер мен көмекші сөзді тіркестер,т.б. да жұмсала алады. Пысықтауыштар өздері айқындайтын мүшелермен қабысу және меңгері тәсілдері арқылы байланысады. Пысықтауыштар да сөйлемнің басқа мүшелері секілді құрамына қарай дара, күрделі және үйірлі болып келеді. Дара пысықтауыштар бір ғана сөзден жасалса, күрделі пысықтауыштар басқа сөздермен бір тіркесте айтылу арқылы жасалынады. Үйірлі пысықтауыштарға келетін болсақ, бұлар қазіргі қазақ тілінде жиі кездеседі. Олардың құрамынан сөйлемге тән предикаттық қатынастың ізін айыруға болады.Мыс: Өзі жоқта Нұрыштың қақпанына оп-рңай түскеніне ол айқай салмады, бишара қартқа нали сөйледі.Бұл сөйлем құрамындағы өзі жоқта үйірлі пысықтауышы бастауыш пен баяндауыштан құралған. Ал мағыналық жағынан, пысықтауыштар, негізінен алты топқа бөлінеді: мезгіл, мекен, мақсат, амал, себеп, мөлшер пысықтауыштар. Жай сөйлемді жайылмаға айналдырып, оның іргесін әрі қарай кеңіте беруге діңгек болатын тұрлаусыз мүше, алдымен, толықтауыш. Ол өзі бағынған сөзбен грамматикалық байланыста тұрып, табыс, шығыс, барыс, көмектес, кейде жатыс жалғауларының бірінде жұмсалады. Толықтауыштар мағынасына, синтаксистік қызметіне және тұлғасына қарай екі топқа бөлінеді : 1) Тура толықтауыш. 2) Жанама толықтауыш. Табыс септігінде жұмсалатын сөйлем мүшесі тура толықтауыш болады. Ол заттың (субъектінің) қимыл процесін білдіретін сабақты етістіктермен тығыз байланыста болады. Өйткені сабақты етістіктер сөйлемде қандай мүше болмасын, әр уақытта өзіне басқа затты тура толықтауышты – керек етіп, ілестіре жұмсалады. Мысалы : Көрдім сұлу Еділді, Еділдей еркін елімді. (Жамбыл)
Табыс септігіндегі тура толықтауыштардан басқа, барыс, шығыс, көмектес және жатыс септіктеріндегі толықтауыштар жанама толықтауыш деп аталады. Олай аталуы – оның сөйлемдегі басқа сөздерге қатысы қалай болатынымен байланысты : жанама толықтауыштар тура толықтауыштардағыдай, сабақты етістіктермен ғана тығыз байланысты айтылмай, негізінде сабақты және салт етістіктермен алшақ байланыста тұрып, оларды жанама түрде толықтайды. Субъектінің қимыл процесін, күйін білдіретін етістіктер (кейде есімдер) жанама толықтауыштарды меңгеріп, оның тиісті жалғауда тұруын керек етеді : Шолпанның жүрегіне түскен жара мәңгі жазылмайтын дара болғаны ма? Осындай жанама толықтауыштардың жеке сөзге не бірнеше сөзге бағынуына қарай, олардың меңгерілуін екіге бөлуге болады : а) дара меңгеру; ә) ортақ меңгеру. Жанама толықтауыштардың дара етістіктерге меңгерілуіне мысал : Адам баласын ауыр бейнеттен құтқарамыз. Жатарда Бекенге бөлек бөлме берілді.
Жанама толықтауыштардың дара есімдерге меңгерілуіне мысалдар : Елім менің жерге бай,
Айдын шалқар көлге бай.
Жанама толықтауыштардың ортақ меңгерілуіне мысалдар : Бекеннің аяғына тепкені жүрегіне ауыр тиді.
28) Ұғым мен мағынаның айырмашылығын түсіндіріп беріңіз
Ұғым мен мағына. Заттардың, құбылыстардың, іс-әрекеттердің жалпы және мәнді белгілері туралы ой ұғым деп аталады. Ұғым логикалық категория, ойлау процесінің нәтижесі.
Ұғымда белгілі бір зат, құбылысқа тән барлық белгі, қасиет бейнеленбейді, тек заттар мен құбылыстардың бір-бірінен ерекшелігін білдіретін, неғұрлым маңызды жалпы белгілері жинақталып беріледі. М, құрылысына, салыну ерекшеліктеріне, түрлеріне, т.б. қарамастан, дүниедегі үй атаулына тән ортақ белгі олардың баспана болатындығы.
Ал сөз мағынасы зат, құбылыс, әрекет жайында ұғым пайда болғаннан кейін қалыптасады. Ұғым бар жерде мағына бар. Сөз мағынасы заттық-логикалық ұғымнан басқа айтушының ақиқат дүниеге көзқарасын, әр түрлі көңіл-күйін, сезімін және грамматикалық сипатын да білдіре алады. Бұдан сөз мағынасының ұғымнан кең екенін көреміз. М, Тәй, тәй, тәй! Қаз! Қаз! Бұл мысалдар адамның көңіл-күйін, сүйінішін білдіріп тұр. Сөйтіп, сөз мағынасы ойды ғана білдірмейді, сонымен бірге сезім мен ерікті, көңіл-күйін білдіру үшін де жұмсалады. Ал ұғымда мұндай қасиет болмайды
35. Қазақ тіліндегі кірме және сөзалды қосымшалар
Префикс (лат. prae- алдынғы, алдында + fixus - жалғанған) - түбір алдынан орын алатын аффикс. Мысалы, орыс тілінде: заходить; неміс тілінде: aufstehen «түрегелу»;приставкамен барабар.
Қазақ тіліндегі төл тілдік қосымшалардың қатарына префикстер жатқызылмайды, табиғатында ондай қосымша түрі жоқ. Бұл қосымшалар кірме элементтер болып саналады. Осы секілді кірме сөзалды қосымшалардың қатарына -бей, -авто, -агро, -аван, т.б. префикстерін жатқызуға болады.
36. Жай сөйлемнің айтылу мақсатына қарай топтастырылуы
Сөйлем интонациясына, айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты сөйлем болыптөртке бөлінеді.
Белгілі бір оқиға, құбылыс, іс-әрекет туралы хабарлау, баяндау, суреттеу мақсатында айтылған сөйлем хабарлы сөйлем деп аталады.
Хабарлы сөйлемге тән негізгі белгілер: 1) хабарлау, баяндау, суреттеу мақсатында айтылады; 2) белгілі бір шаққа қатысты болады (өткен шақ, осы шақ, келер шақ); 3) айтушының іс-әрекетке көзқарасын, ой-пікірін білдіреді; 4) хабарлы сөйлемде дауыс ырғағы бірте-бірте көтеріліп, соңына қарай бәсеңдейді; 5) хабарлы сөйлемнен соң нүкте қойылады.
Бір нәрсе жайында сұрап білу мақсатында айтылған сөйлем сұраулы сөйлем деп аталады.
Сұраулы сөйлемге тән негізгі белгілер: 1) бір нәрсе жайында сұрап білу мақсатында айтылады; 2) сұрау есімдіктерінен және ма, ме, ба, бе, па, пе, ше (мы, мі, бы, бі, пы, пі, ші) сұраулық демеулік шылауларының қатысуымен жасалады; 3) сұраулы сөйлемнің өзіне тән интонациясы болады: бас жағы көтеріңкі айтылып, соңғы жағы бәсеңдемей, көтеріңкі қалыппен аяқталады; 4) сұраулы сөйлемнен соң сұрау белгісі қойылады.
Сұраулы сөйлемдер негізгі сұрақты, жетек сұрақты, анықтауыш сұрақты болып бөлінеді.
Негізгі сұрақты сұраулы сөйлем – бір нәрсе, оқиға, іс туралы мәлімет алу үшін қойылғанбастапқы сұрақты сөйлем. Мысалы: Бізбен бірге саяхатқа барасың ба? Қазақтыңқандай ұлттық аспаптарын білесің? Балаңыз мектепті қашан бітірген? Бұл сөзбен не айтпақсыз?
Негізгі сұрақ сұрау есімдіктерінен және ма, ме, ба, бе, па, пе, ше шылауларының қатысуымен жасалады.
Жетек сұрақты сұраулы сөйлем – негізгі сұраққа жауап алу үстінде қосымша туған ойға байланысты сөйлем. Мысалы,
– Іссапарға кімдер барады?
– Жас қызметкерлер барады.
– Біздер ше?
Жетек сұрақты сөйлем толымсыз болып құралады, көбіне тек сұрақ мағыналы сөзден ғана тұрады. Жетек сұрақ ше шылауының қатысуымен жасалады.
Анықтауыш сұрақты сөйлем – екінші жақтың сөзін анықтап алу үшін қойылған сұрақты сөйлем. Мысалы,
– Бұл ойды кім айтты?
– Тілек айтты.
– Тілек?
– Иә, Тілек.
Айтушының түрлі көңіл күйін білдіру мақсатында айтылған сөйлем лепті сөйлем деп аталады.
Лепті сөйлемге тән негізгі белгілер: 1) айтушының түрлі көңіл күйін білдіру мақсатында айтылады: күйіну, таңдану, өкіну, сұқтану, сүйсіну, қорқу, қуану, қапалану, наразылық білдіргенде, т.б. 2) лепті сөйлем ерекше эмоциямен, сезіммен айтылады.
Лепті сөйлемнің жасалу жолдары:
1) сөйлемнің етістік формалары арқылы. Мысалы, Көзі мұндай өткір болар ма!
2) сөйлем -ақ, -ау, ғой, -ай шылауларының қатысуымен жасалады. Мысалы, Балам, қонақтарға бір күй тартып бере ғой! Қарағым-ай, қатты тоңып қалыпсың-ау!
3) көңіл күйді білдіретін одағай сөздердің қатысуымен жасалады. Мысалы, Пай-пай, дауыс деп осыны айт! Уһ, жеттім ғой ақыры!
4) Лепті сөйлемдерден соң леп белгісі қойылады.
Біреуге бұйыру не талап ету мақсатында айтылған сөйлем бұйрықты сөйлем деп аталады.
Бұйрықты сөйлемге тән негізгі белгілер:
1) біреуге бұйыру, талап ету мақсатында айтылады; 2) бұйрықты сөйлем етістіктің бұйрық райының 2, 3-жағында айтылады; 3) бұйрық не шартты райға -шы, -ші жұрнағының жалғануы арқылы жасалады;
4) бұйрықты сөйлемнен соң нүкте немесе леп белгісі қойылады.
37.Қос функциялы қосымшалар
Түркі тілдерінің кейбірінде бірқатар сөз тудырушы қосымшалардың грамматикалық қызметі көрсетіліп, қос қызметті немесе көп қызметті қосымшалар ретінде қарастырылып жүргені белгілі. Көп қызметті қосымшалардың семантикасы мен функциялық қолданыстарын жан-жақты зерттей отырып, олардың қандай мағына беретінін анықтаудың маңызы зор. Тіліміздегі қосымшалардың көпмағыналылық, көпқызметтік, содан туындайтын валенттілік мәселелерін тіл тарихына, яғни қосымшалардың шығу және даму эволюциясына бойламай ашу мүмкін емес.
Көп қызметті қосымша дегеніміз – бір қосымшаның кемінде екі түрлі қызметте – сөз тудырушы әрі форма тудырушы қызметте жұмсалуы. Ал көп мағыналы қосымша – қосымшаның бір қызмет аясында көп мағына білдіруі. Қазіргі тілімізде әрі сөзжасамның, әрі морфологияның зерттеу нысаны болып жүрген, ара жігі ажыратыла қоймаған бірқатар қос қызметті қосымшалар бар. Бұл қосымшалардың көне түркі, ортағасырлық ескерткіштердегі семантикасы мен қызметі қандай?
-лы, -лi аффиксi. Бұл аффикстiң бiрден-бiр мағынасы - қатыстықты, тәндiк ұғымды бiлдiру; даулатлы тахт - дәулетi бар тақ, балшықлы су - балшығы бар су, ерлi, хатунлы теб - ерi, қатыны бар деп, қара еулi ерді - қара үйлi едi, ала йунтлы болғай - ала жылқылы болғай, т.б. Көне түркi тiлдерiнiң сөздiгiнде -лы формасы мүлде берiлмеген (Л., 1969). М.Қашқари сөздiгiнде де бұл форма жоқ. Демек, -лы-ның орнына көбiнесе -лығ формасы қолданылған. Көне түркi жазба ескерткiштерiнiң тiлiн зерттеген Ғ.Айдаров бiр зат пен екiншi заттың қатысын, байланысын бiлдiру үшiн түркi жазба ескерткiштерiнде де (теңрiлi, беклi), көне ұйғыр жазба ескерткiштерiнде де (йарлы, йеклi, беклi, хатунлы) -лы, -лi аффикстерiнiң қолданылғанын көрсеткен (1986:79,146). Б.А.Серебренников пен Н.З.Гаджиеваның көрсетуi бойынша, -лы-ның көне формасы -лығ, -лиг болған, ғ-қ алмасуы болған, одан: -лығ –лық, -лы (сарығ - сары секiлдi) (1986:115).
Қазiргi түркi тiлдерiнiң барлығында -лы қатыстық сын есiмдер жасайды: өзбек: күчлi, түркмен: ақыллы, татар: айлы, құмық: түзлу, түрiк: атлы, т.б. "Жами"ат-тауарихта" -лық және -лы аффикстерi мағыналық, қолданыстық жағынан сараланып бiтпеген болса, қазiргi түркi тiлдерiнде бұл аффикстер сараланған деуге болады. Э.В.Севортян бұл аффикстiң мекендi, кәсiптi бiлдiретiн сөздерге қосылып, зат есiм тудыратынына қарамастан, түркi тiлдерiнде сын есiм тудыру қабiлетi мол екенiн атап көрсеткен (1999:377). Оның негізгі семантикасы барлықты, тәндікті (бір нәрсенің бар екенін) білдіру.
-сыз,-сiз аффиксі. Көне түркi жазба ескерткiштер тiлiнiң барлығынан дерлiк кездестiруге болатын, заттық ұғымдағы сөздерден болымсыздық мән тудыратын өнiмдi қосымша. Көпшiлiк ғалымдардың көрсетуiнше, -лы аффиксiнiң мағынасына қарама-қарсы бiр ғана мағына - болымсыздық мағынасын бередi. Ортағасырлық ескерткіштер тілiндегi қолданысының қазiргi тiлiмiздегi қолданысынан айырмашылығы байқалмайды. Мәселен: ғайатсыз ләшкәр , кеңәчсiз барыб, сансыз халқ, сусыз от көб, ерсiз болса, китабсыз халқ. Бұл мысалдардағы "китабсыз халқ" - "жабайы мәдениеттi", яғни құран, інжiл, тәурат сияқты кiтаптары жоқ дегендi бiлдiредi (Сыздықова 1989:93). Ортағасырлық ескерткіштер тілiндегi -сыз аффиксiмен келген сөздердiң денi араб тiлiнен енген, көпшiлiгi абстракт зат атауларынан жасалған. Дегенмен, болымсыздық мағына беретiн бұл сөздердi лексика-семантикалық тұрғыда бiрнеше топқа жiктеуге болады:
1. Заттағы қасиеттiң мүлде жоқтығы: ерсiз, сусыз, күнасыз, йолсыз, кеңәчсiз, китабсыз, даулатсыз, т.б.
2. Сан-мөлшер, шаманың көптiгi: сансыз, ғайатсыз, хисабсыз, ниhайатсыз, т.б. Қабыса байланысқан етiстiктi сөз тiркестерiн құраған -сыз аффикстi туынды сөздер сөйлемде сын-қимыл пысықтауыш қызметiн атқарған: ерсiз тул ердi, күнәсiз өлтүрдi, йолсыз, тадбирсiз болса, кеңәчсiз барыб.
Есiмдi тiркестердiң қызметi екi түрлi:
1. Сан-мөлшер, шаманы бiлдiрiп, мөлшер пысықтауыш болған: хисабсыз маруард, сансыз беклер, ғайатсыз ләшкер, ниhайатсыз ханлар.
2. Заттың сынын бiлдiрiп, анықтауыш болған: китабсыз қаум, сусыз от, ерсiз тул, истасыз уарап.
-сыз жұрнағының шығу тарихын ғалымдар чуваш тiлiндегi сылу (сыру) мағынасын беретiн "сыр" етiстiгiмен байланыстырады (Гарипов 1959:126). Ал екiншi бiр ғалымдар оны құранды (-сы-з) аффикс деп қараған (Баскаков 1953:10). М.Томановтың көрсетуiнше, -сыз өзiнiң шығу тегi жағынан -сар аффиксiмен ұялас. Көне түркi ескерткiштерiнде кездесетiн -сыра (қаған сыра - қансыра - қансыз қалу) қосымшасы осы ұядан тараған (1988.183-184). М.Томанов бұл жерде М.Қашқари еңбегiне сүйенедi. М.Қашқари -сы аффиксi туралы былай деп жазған "Егер -са қосымшасындағы а әрпiн ы әрпiмен алмастырса, оның мағынасы өзгередi (бұл жерде -са - шартты рай формасы туралы айтып отыр). Яғни қосымша қосылған түбiрдiң өзгерiске түсетiнi байқалады. Мысалы: сүчiк сусыды - шарап су сияқты болды, үзүм ачықсыды - жүзiм ащы болып кеттi. Бұны бiр нәрсенiң екiншi бiр сапаға айналуы туралы қолдануға болады" (1993:103). М.Қашқари көрсеткен мән қазақ тiлiндегi -сы аффиксiнiң алғашқы мағынасы болса, -з аффиксi - болымсыздықты бiлдiретiн қосымша.
-дағ, -дек, -тек аффикстерi шежiре тiлiнде сiлтеу есiмдiктерi мен зат есiмдерге қосылып, заттың сынын, сипатын түбiр бiлдiретiн мәнмен байланыстыра көрсету қызметiн атқарған: йапрақ дек, ач арслан тек, инжу дек, йер хучагi дек, ошбунуң дағ, мунуң дек.
Ортағасырлық ескерткіштер тілiндегi -дағ,-дек,-тек қазiрде -дай,-дей,-тей тұлғаларында қолданылады. Соңғы к,қ,ғ, дыбыстарының -й-ге ауысуы түркi тiлдерiне тән құбылыс. Бұған қазiргi түркi тiлдерiнiң кейбiреулерiнде бастапқы формасының сақталғандығы дәлел: хакас: ондағ (такой), мындағ (эдакий), тува: қандағ (какой), ұйғыр: андағ (такой).
Зат есiмдерден жасалған -дағ, -дек, -тек аффикстi туынды сөздер де, есiмдiктерден жасалған осындай туынды сөздер де есiмдi анықтауыштық қатынастағы сөз тiркестерiнiң бағыныңқы сыңарын құраған: йер хучағы дек ақ орда, мунуң дек оғлан, ошбунуң дағ қаум, мунуң дек тафсилда.
Ал етiстiктi тiркестердiң құрамында оның бағыныңқы сыңарын құрап, сөйлемнiң пысықтауышы қызметiн атқарады: йапрақ дек тiтiрер ердi, ач арслан тек жаулан қылур, инжу дек сачылды, мунуң дек керек.
Туынды сөздер қай сөз табынан жасалып, қандай қызмет атқарғанына қарамастан, туынды сөз мағынасы түбiр бiлдiретiн мағынадан алшақтап кетпеген. Әрi -дағ,-дек,-тек, -тiң бөлек жазылып, тектес, секiлдi деген мағына беруi бұларды сөз тудырушы қосымша ретiнде қарау керек пе деген ой тудырады. Екiншi жағынан, мұндай қосымшалар арқылы жасалған сөздер сөздiк құрамға енiп, сөздiктiң реестрiне кiре алмайды. Сондықтан да болар, И.Маманов мұндай форманттарды функциялық формалар деп атаған (1973:27-28).
Көптеген түркологтардың пiкiрiнше, -дай,-дей,-дiң ең көне, байырғы формасы, шығу төркiнi -тег (род,происхождение) сөзi. Мысалы: Хулас қыл, ла"л тег таш дын маңа бер - азат қыл, лағылдай тастан маған бер (ХШ.79). Профессор Қ.Жұбанов бұл қосымшаның "тег" және "тегiн" (род, происхождение менен царский сын, малыш, дитя) сөздерiнен шыққандығын дәлелдей келiп, қазақ тiлiндегi -дай/-дей, -тай/-тей (салыстыру қосымшасы қазiргi ұйғыр, өзбек тiлдерiндегi -тек (-дек,-дағ), орхон жазбаларындағы тег (тәңрi тек - тәңiрдей) тұлғалары "тег" түбiрiнен тараған дейдi (1966, 65).
"Орхон-Енисей ескерткiштерiнде "теңрi тег", "бөрi тег", "қой тег" деген сөздер кездеседi. Бұлар бөрiге ұқсас, қойға ұқсас, тәңiрге ұқсас деген мағынада емес, бөрi тектес, қой тектес, тәңiрi тектес деген мағынада жұмсалса керек. Сонда "тегтiң" алғашқы мағынасы "род", "происхождение" болса, кейiн келе сияқты, ұқсас (подобно) деген мағынаға ауысуы мүмкiн" (Тұрғанбаева 1975:105].
А.М.Щербактың пайымдауынша, бұл бастапқыда аффикс-послелог болып, кейiннен жұрнаққа айналса (1987:28), кейбiр ғалымдар мұны септiк жалғауы ретiнде қарастырады (П.М.Мелиоранский, Э.Тенищев, В.Котвич).
-дай аффиксiн те, де етiстiгiнен таратушылар да бар (Ж.Дени, Г.Рамстедт, Н.К.Дмитриев, А.Н.Кононов). Ақшалай, тириклай (тiрiлей), бутунлай сөздерiндегi қосымшаларды -ла-й (ин) тұлғасына талдап, мұндағы -ла - етiстiк тудырушы қосымша деген профессор А.Н.Кононовтың дәлелiнiң негiзсiз екенiн С.М.Исаев көрсеткен болатын (1970:121).
Н.К.Дмитриев -дай,-дей қосымшасының тию, жанасу мәнiндегi дег, тег етiстiгiнен шыққандығын айтса (1948:115), А.Н.Кононов "дейiн, шейiн мағынасындағы тег, дег септеулiгi (послелог) көсемше тұлғалы (теги, деги, тегин, дегин) "тию, жету, жанасу" мәнiндегi тег, дег етiстiгiне саяды", дей келiп, шылау мен қосымшаның шығу төркiнiн екi басқа деп көрсетедi (1960:285). Тарихи дамуы, тұлғалық-семантикалық сипаты жағынан тег және шег әрi есiм, әрi етiстiк мәнiндегi жеке сөзден қалыптасып, дамығаны анықталып отыр. Бұған аталған аффикстiң әрi есiм, әрi етiстiк (айтғу дек, барғу дек) болып, тұйық етiстiк тұлғасына тiркесу фактiлерi, сондай-ақ, ескерткiштегiдей, бiрде есiммен, бiрде етiстiкпен тiркесуi негiз болса керек.
-ча,-че,-чә. Аффикс ортағасырлық ескерткіштер тілiнде етiстiктерге де, есiм сөздерге де жалғанған: йеткүнче, йетмегүнче, түркiче, дәстүрiнче, барча, сонуча, нече. Мағыналық жағынан қолданыстары әр түрлi:
1. Етiстiктiң есiмше тұлғасына жалғанып, мезгiлдi бiлдiретiн сөздер жасаған: Уа Жебе нойан, уа Сүбудай бахадурны султан Мухаммед Хоразм шаh (ның) артыдын қудыра йiбердi, та Хорасан уа Ираққа йеткүнче.
2. Зат есiмдерге жалғанып, салыстыру, ұқсату мәнiн берген: Түркiче күн хисабын дан йетмiш екi йыл умр кечурдi. Уа базисыны монғол дәстүрiнче нигах қылыб ердi.
3. Есiмдiктерге жалғанып, мөлшер, өлшемдi бiлдiрген: Исм жинс лафз моғол йер сонуча кечтiлер. Бiр нече мадад дын соң хамила болды. Барча мамлакатларны алыб, насрат қылычын чапыб,... өзiне қул қылдурды.
Аффикстiң шығу тегiн ғалымдардың көпшiлiгi шақ (уақыт, мезгiл, кез, кезең) сөзiмен байланыстырады (Қ.Жұбанов, О.Бетлингк, Н.К.Дмитриев, С.М.Исаев, Б.Сағындықұлы). Б.Сағындықұлының бұл аффикстi "шаңқай түс" фразеологизмiндегi "шаң" формасымен салыстыруы көңiлге қонымды. "Өйткенi, - дейдi ол, - бұл мезгiл күннiң ең биiкке көтерiлген тұсы. Көне "шаң" сөзi мен күн сөзi - тең... Сөйлеу тiлiнде тұс киiз - түс киiз деп айта бередi. Яғни -тұс-түс сингармониялық варианттар: -қ (немесе -ақ) жұрнағы көтерiлу мағынасын бередi: -ай молшылықты бiлдiредi. Соның негiзiнде "шаң түс" фразеологизмiнiң таза этимологиялық мазмұны: "күн шақырайған тұс" немесе "күн биiкке көтерiлген тұс" болып аударылады. Шан тұлғасының "күн" мағынасын бергендiгiн бүкiл дүние жүзi тiлдерiнiң фактiлерi қуаттайды" (1994:116).
Аталған қосымшаларға қатысты этимологиялық зерттеулер бұл аффикстердің синкретті тұлғалар екендігін көрсетеді. Қазіргі тіліміздегі омонимия мен көпмағыналылық құбылысы өз бастауын синкретті түбірлерден алады. Алғашқы түбірлер секілді қосымшалар да эволюциялық дамуды басынан өткеріп, синкретті қосымшалардың пайда болуына негіз болғандығын дәлелдейтін тіл деректері бар. Көпмағыналылық тарихи синкретті тұлғалардан пайда болған десек, омонимдер сол тарихи көпмағыналы тұлғалардың қазіргі тіл деңгейіндегі тараюы деуге болатын секілді. Сонымен қатар қосымшалардың мағынасын олардың сөз құрамындағы қызметінен бөліп қарауға болмайды. Қарастырылып отырған қосымшалардың қандай қызметте (сөз тудыру, форма тудыру) жұмсалғаны олардың қолданысына, яғни қандай сөз табына жалғанып қолданылғанына да байланысты екендігін байқаймыз.
Қос қызметті аффикстер. Қазақ тілі аглютинативті тілдер тобына жатады. Сонымен байланысты сөзжасам және сөзтүрленім қызметін көбінесе қосымшалар атқарады. Қосымша термині алғашқы грамматикаларда «приставка», «послелог», «частица» делініп түрліше аталды. «Қосымша» терминін алғаш қазақ тіліне енгізген белгілі ғалым А.Байтұрсынұлы жалғанған сөзінің тұлғасын ғана өзгертіп, мағынасын өзгертпейтіндерді – жұрнақ деп атаған. Қ.Жұбанов болса, жұрнақ терминінің орнына «үстеу» терминін қолдануды ұсынған.
Ал Ы.Е.Маманов қосымшаларды, ең алдымен, не сөз жасайтын қосымшалар не форма ғана жасайтын қосымшалар деп жіктеу қажет деген концептуалды пікір ұсынады. Кейін Ы.Мамановтың осы концепциясын дамытқан ғалым С.Исаев қосымшаларды осы негізде бөліп көрсеткен. Ғалым еңбегінде қосымшаларды осы үлгіде жіктеуде өзгешелік кездеседі. Ол сөзжасам қосымшаларының бір тармағы етіп – функциялық қосымшалар деген бөлікті қосады. Бұл қосымшалар — -дай, -дей, -ша, -ше, -сыз, -сіз, -ғы, -гі қосымшалары. Ғалым бұл қосымшаларды жаңа сөз де тудырмайтын, форма да тудырмайтын, контексте ғана өмір сүретін сөзжасам қосымшаларының ерекше қолданысы деп атайды [5, 226 б.].
Қазақ тіл білімінде жоғарыда сөз болған қосымшалардың тілдік табиғаты туралы ең алғаш тың пікір айтқан ғалым Ы.Е.Маманов болды. Ғалымның «Лекциялар курсы» қазақ тілі морфологиясының өзекті мәселелеріне, оның ішінде сөзжасам мен формажасамның аражігі мен есім сөз таптарының құрамында қаралып жүрген қосымшалардың сөзжасамдық, формажасамдық қызметтерін анықтауға арналған. Ы.Е.Мамановтың жетекшілігімен шәкірті Қ.Шаяхметов «Екі функциялы аффикстер» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады (1973).
57. Қазақ тіліндегі буынның тілдік табиғаты. Біздің сөзімізайтылуы жағынан ең кіші единицаларға - буындарға ажырайды. Буын - фонациялық ауының кілт үзілуінің не кедергіге ұшырауының нәтижесінде пайда болатын жеке дыбыс, не дыбыстар тобы. Қазақ тілінде буынның маңызы ерекше. Фонетикалық негізгі заңдар осы буынның тоңірегінде өрбиді.
1. буын болу үшін оның құрамында дауысты дыбыс болуға тиіс және оның саны біреуден артық болмауға тиіс.
2. буында мағына болмайды.
3. тіліміздегі байырғы сөздер бірыңғай не жуан буынды, не жіңішке буынды болып келеді. Егер тілімізде аралас буынды сөздер болса, онда олардың кірме сөз болғаны.
4. тіліміздегі байырғы сөздер, сондай-ақ, буындар да екі дауыссыздан басталмайды. Орыс тілінен енген сөздер біздің тілімізде жазылуы соның айғағы: бөрене (бревно), жеребе (жребий), кереует (кровать)
5. қазақ тілінде басқы буын ғана дауыстыдан басталуы мүмкін, қалған жағдайда буындар дауыстыдан басталмайды.
Қазақ тілінденгі буынның түрлерін Қ. Жұбанов алтыға, Н. Сауранбаев төртке, С,Кеңесбаев үшке бөлді. Соңғы бөліс барлық оқулықта жүр.
1. ашық буын - жеке дауыстыдан тұратын немесе дауыссыздан басталып дауыстыға бітетін буын
2. тұйық буын - соңы дауыссызға аяқталатын буын.
3. бітеу буын - дауссыздан басталып, дауыссызға аяқталатын буын.
58. Тіл біліміндегі аналитизм құбылысы туралы айтыңыз. Аналитикалық етістік туралы ғалымдардың пікірі.
Жетекші етістік пен белгілі бір грамматикалық категорияның мағынасын білдіретін көмекші етістіктердің бірлестігі аналитикалық форма деп аталады. Аналитикалық формада негізгі етістік көмекші етістіктен бұрын тұрады да, аналитикалық тіркестің негізгі мағынасына жетекшілік етеді. Аналитикалық форманттар арқылы жасалған аналитикалық формалар сол категорияның парадигмасына енеді.
Аналитикалық етістікке әр түрлі аналитикалық форманттар қосып, ол сөзді әр түрлі грамматикалық категорияның аналитикалық формасына айналдыруға болады. Етістіктің аналитикалық формасы сөйлеушінің етістікті қалай етіп, қай түрде қолдануына байланысты. Сөйлеущінің қалай қолдануына байланысты аналитикалықформалар әр түрлі болады. М.: барып қалды, көріп қалды, барып қойды, көріп қойды, дегенде, әрбәр аналитикалық форманың өзіне тән әр түрлі грамматикалық мағыналары бар. Бұдан байқалатыны: ең алдымен, әрбір аналитикалық формалы етістік етістіктің белгілі бір грамматикалық категорияның көрсеткіші ретінде жұмсалатындығы. Екіншіден, етістіктің аналитикалық формасы етістіктің белгілі бір категориясының көрсеткіші болып танылатын аналитикалық форманттар арқылы жасалады; үшіншіден , осы аналитикалық форманттар арқылы жасалған аналитикалық формалы етістіктер сол категорияның парадигмасы болады.
Аналитикалық формалы етістіктер сырттай құранды етістіктер мен құрама етістіктер және тұрақты етістіктерге ұқсас келеді. Бірақ олар сырттай ұқсас болып көрінгенімен жасалу жолдары мен мағыналары жағынан мүлде басқаша болады.
Аналитикалық формалы етістіктің тұрақты тіркесті етістіктен айырмашылығы - оның бір компонентінің ғана дербес мағынасы болмауында, тұрақты тіркесті етістіктердің барлық компоненті түгелдей дербестігінен айырылған сөздер болады.
Аналитикалық формалы етістіктер сөйлемде бір ғана лексикалық мағынаны білдіреді. Олардың құрамында бір ғана жетекші дербес сөз болады да, оған тіркесіп айтылған көмекші сөз сол жетекші сөзге қосымша грамматикалық мағына үстеу үшін қолданылады. Демек, аналитикалық формалы етістіктің құрамындағы көмекші сөз өзінің негізгі лексикалық мағынасынан ауытқып, тек грамматикалық мағына ғана үстеу қызметіне ауысады. Жалпы алғанда, аналитикалық формалы сөздер - етістікке тән белгілі бір грамматикалық категориялардың формасында қолданылған сөздер болып танылады.
59. Үстеу. Үстеудің семантикалық топтарын көрсетіңіз. Үстеулердің зерттелуі мен қалыптасу тарихына тоқталыңыз. Үстеу сөздер заттың әр қимылы мен ісінің әр түрлі сындық, бейнелік, мекендік, мезгілдік, шарттық, мөлшерлік, күй-жайларын және сынның белгісін білдіреді. Ал, қимылдың белгілері пысықтауыш мүше ретінде қолданылатын басқа есім сөздер мен етістік формалары арқылы да беріледі. Мағына жағынан әуелгі төркіндерінен бөлініп, лексикалық мазмұны жағынан қимылдың алуан түрлі күй-жайларын білдіретін сөздер үстеуге жатады. Тіліміздегі бірге, бірде, бірден, кенеттен, лажсыздан, кейде, шалқасынан, жүресінен, зорға, жатқа, босқа, текке, қапыда, абайсызда, ертемен, мұнда, алда, артта, осында сияқтанған үстеулердің барлығы да көнелену жолымен қалыптасқан үстеулер.
Қазақ тілінде осындай көнелену тәсілі арқылы біржолата үстеуге айналған, немесе, мағына жағынан екі жарылып, сараланып, дмек, бір жағынан, үстеуге айналса, екінші жағынан, өздерінің әуелгі лексикалық топтарының да қатарында қалып жүрген сөздер көп. Мұндай сөздер, әсіресе, жатыс, шығыс, барыс, көмектес септіктердің формаларында жиі ұшырайды.
Есімдерден көнелену арқылы туған үстеулер сияқты, етістік формалардан көнеленіп шыққан үстеулер де бар. Етістік түрлерінен көнеленіп шыққан үстеулер де көбінесе көсемше формалармен түрлес келеді.
Үстеу сөздер деп морфологиялық жағынан түрленбейтін, лексика-семантикалық жағынан өз алдына топ болып қалыптасып, сөйлемде пысықтауыш қызметінде жұмсалатын сөздерді айтамыз.
Үстеу сөздерді морфологиялық құрылысы мен құрамы жағынан екі топқа бөдуге болады: 1) негізгі үстеулер 2) туынды үстеулер.
Негізгі үстеулер деп қазіргі кезде морфемаарға бөлшектеуге келмейтін, тек белгілі бір формада қалыптасқан сөздерді айтамыз. М.: әрең, әдейі, жорта, қасақана, ұдайы, дереу, шапшаң, бағана, қазір, енді, ілгері,төмен, әрі, бері, кері, әрмен, бермен, ерте , кеш, нағыз, сәл, дәл, тек, мейлінше, әншейін, тым, тіпті, аса, өте, әбден, мүлде, төтенше, т.б.
Негізгі үстеулердің көпшілігі тарихи жағынан ерте кездерде әр түрлі формаларда көнеленіп қалыптасқан туынды сөздер болған. Негізгі үстеулердің мынадай үш түрлі ерекшелігі бар:
1. Негізгі үстеулердің көпшілігінен шырай категориясы жасалады. Демек, оларға -рақ, -рек, -лау, -леу жұрнақтары жалғанады, алдынан шырай туғызатын өте, аса, тіпті, мейлінше сияқты күшейткіш үстеулер қолданылады.
2. Негізгі үстеулердің кейбіреулері қосарланып та плеонизм жолымен қабаттаса да қолданылады. М.: құр босқа, жай босқа, текке босқа, бос бекерге, құр бекер, бекерден-бекер, бостан-бос, т.б.
3. Негізгі үстеулерден қосымшалар арқылы да, қосарлану арқылы да, басқа сөздермен тіркесіп те, туынды үстеулер жасала береді. М.: әрең, әрең-әрең, азар-азар, азар деп, әдейілеп, енді-енді, кейінде, кейінде, кейіннен, т.б.
Туынды үстеулер деп басқа сөзтаптарынан түрлі қосымшалар арқылы, сөздердің бірігу және қосарлану, тіркесу тәсілдері арқылы, сондай-ақ, кейбір сөз тіркестерінің тұрақтануы арқылы жасалған үстеулерді айтамыз.
Құрылысы мен құрамы жағынан туынды үстеулер екі топқа бөлінеді:
жалаң туынды үстеулер мен күрделі туынды үстеулер. Түрлі қосымшалар арқылы жасалған үстеулерді жалаң туынды үстеулер дейміз. Олар, қандай қосымшалар қосылса да, сыртқы формасы жағынан бір сөз болып келеді. Бірақ жалаң туынды үстеуге жалғанатын қосымшалар екі түрлі болады: біреулері жұрнақ арқылы жасалады да, біреулері әр түрлі жалғаулардың көнеленуі арқылы үстеуге айналады.
Жұрнақ арқылы:
1. -ша, -ше
зат есімге: батырларша, көзімше, Аманкелдіше, Асановша, т.б.
сын есімге: ескіше, жаңаша, биылғыша
есімдіктерге: менше, өзімше, әлдекімше
2. -лай, -лей, -дай, -дей, -тай, -тей: жастай, жібетей, қыстай
3. -дайын, -дейін, -тайын, -тейін ; жорғадайын, бөрідейін,
4. -шалық, -шама : соншалық, осыншама, мұншама
5. көсемшенің құранды -лап, -леп, формалары: қырықтап, отыздап, жаяулап, темірлеп
6. -шылап, -шілеп: сиыршылап, Бейсеншілеп, жылқышылап
7. -қары -кері : ішкері, сыртқары, тысқары, ұшқары
8. -ын, -ін, -сын, -сін: қысын, жазын, жасырын, ертеңгісін
Көнеленген формалар арқылы туған жалаң туынды үстеулер:
a) барыс с-нің көнеленуінен туындаған үстеулер: зорға, босқа, текке, бекерге, әреңге, кешке, әзірге, күнге.
b) жатыс с-нің көнеленуі: алда, артта, жаңада , баяғыда, абайсызда, қапыда
c) шығыс с-нің көнеленуі: шалқасынан, жүресінен, етпетінен, төтеден, кеңінен, кенеттен.
d) көмектес с-тің көнеленуі: кезекпен, шынымен, қалпымен, жайымен, ретімен.
КҮРДЕЛІ ТУЫНДЫ ҮСТЕУлер деп екі сөзден я бірігіп, я қосарланып жасалған немесе кемі екі я одан да көп сөздерден тіркесіп тұрақтанған үстеулерді айтамыз. Осыған қарай, күрделі туынды үстеулер үш түрлі жолмен жасалады.
1. басқа сөз таптарына тән сөздер бірігудің нәтижесінде үстеуге айналады. бүгін, биыл, таңертең, әрқашан, қыстыгүні.
2. сөздердің қосарлануы арқылы туған үстеулер мынадай: әрең-әрең, енді-енді, зорға-зорға, топ-тобымен, анда-санда.
3. жазуда бөлек таңбаланып, мағына жағынан бір сөз ретінде қолданылатын грамматикаланған және идиомаланған тұрақты тіркестер - оларды екі салаға бөлуге болады. күні кеше, ала жаздай, қара кешке, ала сала; түн баласында. қаннен қаперсіз, құлан таза.
Үстеу сөздер мағынасына қарай топтастырғанда мынадай сегіз топқа бөлінеді.
1. мезгіл үстеулер
2. мекен
3. мөлшер
4. сын
5. күшейту
6. мақсат
7. себеп-салдар
8. топтау
79. ХІХ ғасыр1 жартысындағы қазақ әдеби тілге тән қандай ерекшеліктерді білесіз? Функционалдық-стильдік тармақтар туралы не айтуға болады?
ХІХ ғасыр – қазақ көркем әдебиетінің (поэзиясының) қаулап дамыған кезеңі. Бұл күнде ақындар мектебі өмірден берік орын тебеді, әдеби жанрда бел алады. Ақындардың ішінде даңқтары қазақ даласының көп жеріне жайылғандары да, өз өлкесіне ғана танымал болғандары да бар, әлеуметтік-азаматтық тақырыптарды кеңінен жырлап, биікке көтерілгендері де, ауыл арасындағы, ру арасындағы, жеке адамдар арасындағы қарым-қатынастарды жырлаудан аса алмағандары да болды. Қысқасы, қазақ қауымы 19 ғасырдың өн бойында жасап өткен (Абай мен Ыбырайды былай қойғанда) едәуір көп сөз зергерлерін біледі. Бұлардың идеологиялық бағыттаары мен дүниеге көз қарастары әр қилы болғаны түсінкті. Дегенмен көпшілігіне тең ортақ белгі – өмірге қоян –қолтық араласу, адам мен қоғам тіршілігн жырлау, айналаны сөз ету болды.
Жалпы өсиет сөз айтатын дидактикалық толғаулар ығысып, орнын кең көлемдегі әлеумет өміірінен бастап, тар аумақтағы күнделікті тұрмыс-жайттарына дейінгі тақырыптарды жырлаған өлеңдер басады. Соған лайық көркем әдебиет тілі де жаңа белгілерге ие болады, дамудың келесі сатысына көтеріледі.
ХІХ ғ. І жартысында қазақ жеріде оқу-ағарту ісі әлі де өтее мардымсыз болды. 1822 жылғы устав бойынша қазақ балалаларына орыс мектептерінде оқуға право берілді. Бұл оқуу орындары отаршылық аппаратына кадрлар дайындады ж»не оларда негізінен байлар мен шонжарлардың балалары оқыды. Мұсылманша оқу-ағарту көздері де аз болды. Ана тілінде оқытатын ұлттық мектептер атымен болған жоқ. Қазақ тілінде кітап шығару ісі де, баспасөз де жоқ болатын.
ХІХ ғасырдың І кезеңіндегі әдебиеттің дені бізге бұрынғыша ауызша таралып, ауызша сақталған түрде- жетті. Бірақ 18 ғасырға қарағанда, бір жағынан, уақыттың бізге бір табан жақындығынан, екіншіден, авторлық даралық сипаттың бел ала түскендігінен бұл кезеңдегі көркем поэзия үлгілері әлде қайда дәлірек және толығырақ жеткенін атау керек. Мұның тіл тарихын танып-білуде мәні зор.
80. ХҮІІІ ғасырдағы қазақ әдеби тілінің тілдік сипаты. Лексика-грамматикалық ерекшеліктеріне мысалдар келтіріп, талдаңыз.
ХҮІІІ ғасырдағы қазақ әдеби тілінің қоғамға, оның мәденииетіне және халық мүддесіне қызмет етуі мен дамуы сол тілді иемденуші халықтың саяси, эаномикалық және мәдени өмірімен тікелей байланысты болады.
ХҮІІІ ғасыр қазақ халқының сыртқы жауларға – Жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресінің кезеңі болды. Сондай-ақ «Солтүстіктегі қуатты көрші» - Ресей империясымен одақтасу ниетін көздеп, Кіші жүз бен Орта жүздің Ресейге «өз еркімен қосыла бастауы» сияқты тарихи оқиғалардың тұсы болды.
ХҮІІІ ғасырда қазақ жерінде азаматтық білім беретін, ана тілінде оқытатын ұлттық мектептер әлі жоқ-ты. Баспа орындары мен өзге де мәдени ошақтар және жоқ болатын. Міне, осы жайттардың баршасы қазақ тілінің тағдырына да қатысты болатын.
ХҮІІІ ғасырдың өн бойында қазақ даласында баспа орындары, кітап шығару ісі, мерзімді баспасөз, оқу-ғылым болмағанымен, осы кезеңдегі қоғамға қызмет еткен тілдің типтерін, жай-күйін, лексикалық-грамматикалық сипатын, оның нормалану процесін танытатын үлгі-нұсқалар бар еді.
ХҮІІІ ғасырдағы қазақ әдеби тілінің лексикасын сөз еткенде, ең бір көзге түсетін жайт – бұл кезеңде қазақ әдебиетінде жаугершілік тақырыппен қатар, әлеуметтік-қғамдық және күнделікті тұрмыстық тақырыптардың сөз бола бастауына қарай, осы салаларға қатысты лексикалық топтардың актив қолданылуы. Қазірде көнерген хан, құл, ақ сүйек, бек, қара, қарашы, күң, ханым тәрізді сөздер ХҮІІІ ғасыр үшін тура өз мағынасында қолданылатын актив элементтер болып келеді.
81. Бұхар жыраудың жаңашылдығы неде? Жырау тілініің тазалығын не арқылы дәлелдеуге болады? Шығармаларындағы көркемдеуіш элементтердің, тұрақты эпититтердің қолданылуына нақты мысалдар келтіріңіз
Ең алдымен, Бұхар жырау өзіне дейінгі қазақ поэзиясы тілін түгелімен пайдаланып, оны әрі қарай жалғастырушы болса, екіншіден, ол ХҮІІІ ғасырға дейінгі екі-үш жүзжылдықтар бойы жасап келген әдеби тілдік дәстүрді түйіндеуші. Жырау тілін бізден бұрынғы зерттеушілер өте дұрыс танығандай, «Бұхар - өнеге-оқуы – дидактикалық поэзия мен азаматтық позицияның жыршысы. Ол «Бірінші тілек тілеңіз», «Ай не болар күннен соң», «Айналасын жер тұтқан» сияқты өлеңдерімен өзіне дейінгі халықтық дидактикалық поэзия дәстүрін ілгері дамытса, Асанқайғы, Шалкиіз, Жиембет жыраулардан басталған азаматтық поэзияны тақырып әрі түр жағынан жетілдіріп кемелденген поэзия үлгісін жасады»
Бұхардың теңеулері де өзіне дейінгі әдеби тіл қоймасындағыдай: Ұрғашының жақсысы Әбжыландай есіліп... Боз жорғадай бұлғаңы. Байырғы қазақ поэзиясында және халық ауыз әдебиетінде әбжыландай бұралу – әдеміліктің, сиқырлы көз тартарлықтың символы, жорғаның жүрісі де қазақ үшін әсемдіктің көрінісі.
Бұхарда кездесетін сеегіз қиыр шартарап, толғамалы қамшы, алтын тұғыр, қисапсыз қол, ежелгі дос, асыл сөз, күпшек санды күрең сияқты бұрыннан қолданылып келген кәнігі тіркестер болса, үшкілсіз көйлек, қу таяқты кедей, тұрымтайдай ұл, қыызыл аяқ мал дегендер басқа үлгілерде кездеспеген тіркестер.
Бұқар Жырау поэзиясының негізгі ерекшеліктерін, ішкі ағыс-толқындарын, күйлі-қуатты толғамдарын білімпаздықпен бажайлаған М. Әуезов: “Жырау… заман сыншысы, сөйлесе шешілмеген жұмбақ, түйіні шатасқан сөздерді ғана сөйлейді. Өзі тұрған заманның белгілеріне қарап, келешек заман не айтатынын болжайды. Сөзінің бәрі терең ой, терең мағынамен сөйлейді. Сыртқы түрі құбажондатқан толғау, салыстырған суреттермен ұқсатқан нобай, жағалатқан белгімен келеді… Не айтса да, көптің мұңы мен қамы, көптің жәйі туралы: не көпке арнаған ақыл, өсиет есебінде айтылады”, — дейді. Бұқар Жырау есілтіп-төгілтіп, алмастай жарқылдап, дария суындай құйылып отырады. Бұған: “Еліңнің қамын же — сана, Есіліп кеңес айт — сана” деген лебізі куә. Кейде сәуегей абыз ишаратпен, тәмсілмен сөйлейді. Оның қапияда шығарылған филос.-дидактикалық сипатқа бөленген құдіретті ой-толғаныстары, тапқыр билік-кесімдері толғау түрінде беріледі. Қиыннан қиыстырылған құрыштай тастүйін сөздер, қанатты кесек ойлар, пайымды терең байламдар белгілі бір нақысты мақалмен тақпақтата, түйдектете, толқындата айтуды қалайды. Бұқар Жырау дәуір, өмір, тұрмыс-тіршілік құбылыстарын және олардың себеп-салдарын түп-тамырынан қозғап қана қоймаған, білгір дана қиял қанатында самғап, келешек заманның кереметін де көре білген, көрегендікпен болжай таныған:
82. Әдеби тілдің анықтамасы туралы ғалымдардың пікірлеріне тоқталып, талдау жасаңыз
Әдеби тілдің тарихын баяндамас бұрын, «әдеби тіл» деген категорияның өзі туралы түсінікті анықта алу қажет. Өйткені әдеби тіл дегеннің мазмұны, сипаты жөнінде тек қазақ тіл білімінде емес, жалпы отандық лингвистикада анық, айқын, үзілді-кесілі айтылған тұрақты пікір жоқ.
Бірқатар ғалымдар әдеби тіл дегеніміз жалпыхалықтық тілдің өңделіп, қырланған түры деп таныса, енді бірсыпырасы жалпы хатқа түскен дүниелердің тілі әдеби деп табады. Сондықтан орыс әдеби тілінің тарихын сөз еткен бірқатар мамандар жазусыз әдеби тілдің болуы мүмкін емес деп санайды. Әдеби тіл дегениміз – жалпыхалықтық тілдің хатқа түскен, белгілі бір дәрежедеө өңделшен ерекше түрі. Әдеби тілдің тарихы – жазба ескерткіштердің тарихы. Әдетте , жазусыз әдеби тіл болуы мүмкін емес. Жазу – әдеби тілдің ең маңызды және қайткенде де болуға тиісті белгісі.тіл білімі тарапынан алғанда әдеби тіл деп тек көркем әдебиет емес, ғылыми зерттеулердің, саяси трактаттардың, газет-журналдардың тілін де, қысқасы, жазба тілді атаймыз.
Зерттеушілердің көпшілігі әдеби тіл ұғымы тарихи жағынан құбылмалы деп таниды. Демек, ол жөніндегі бір ғана таным-анықтама барлық тілдердің әдеби түрінің даму барысындағы күллі дәуіріне бірдей сай келуі шарт емес. Сондықтан кейбір халықтардың жазу дәстүрі тумаған немесе өрбімеген, я болмаса бір кездерде жазуы болып, кейін әр түрлі себептерден дамымай қалған дәуірлерінде де әдеби тілі болуы мүмкін деген пікірлер де орын алып жүр.
Әдеби тіл деген ұғым қазақ тілі үшін де тарихи, құбылмалы түсінік. Қазіргі қазақ тілі үшін оның жазба түрінің болуы, сан салалы стильдерге тарамдалуы, қоғам өмірінің барша саласына түгел қызмет етуі – заңды шарттар. Ал бұл шарттарға қазақ топырағында қызмет еткен әдеби тілдер әрдайым барлық дәуірлерде бірдей жауап бере алмаған. Және әдеби болуы үшін бұл белгілердің түгел болуы міндетті де емес, мүмкін де емес.