Forbes 2016 жылғы әлемдегі ең қымбат 100 компанияның тізімін

Алтыншы мәрте рейтинг басында Apple тұр, бұл бренд құнын Forbes 154,1 млрд долларға бағалады, деп хабарлайды vc.ru.

Google бренді екінші орынға көтерілді, оның құны тізімдегі біріншідегіден екі есеге аз - 82,5 млрд доллар, бұл баға бір жылда 26 пайызға өскен.

Былтырғы жылмен салыстырғанда Facebook компаниясының өсімі ең жоғарғысы, әлеуметтік желі бренді 44 пайызға қымбаттап, 52,6 млрд долларға жетті.
Сондай-ақ, алғашқы бестік қатарында Microsoft пен Coca-Cola компаниялары бар.