Елордалықтар жауынгер ботқасынан дәм татты
Бүгін елордадағы ҚР Қарулы күштері әскери-патриоттық орталығы алаңында «Жауынгер ботқасы» атты патриоттық акциясы өтті.
Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс мерекесіне арналған шараға әскери қызметшілер мен олардың отбасылары, әскери-патриоттық клубтардың мүшелері, мектеп оқушылары, Астана балалар үйі мен «SOS» балалар ауылының жеткіншектері қатысты. Жалпы, 1800-ге жуық қонақ жиналды.
ҚР Қарулы күштерінің әскери-тарихи музейінде акцияға қатысушыларға арнайы экскурция ұйымдастырылды. Ал музей алдына шатырдан қалашық тігіліп, келушілер жауынгер ботқасынан дәм татты.
Елордалықтар мен қала қонақтары музейдегі әскери қару-жарақтармен, техникамен суретке түсіп, Қарулы күштердің орталық ансамблінің өнерін тамашалады.
Шара барысында қатысушға «Жеңіс лентасы», жалаушалары және басқа да мерекелік атрибуттар таратылды.