Нью-Йоркте бұғылардың өсіп-өнуін шектейді
Американдық Нью-Йорк қаласының билігі Стейтен-Айленд ауданында бұғылардың өсіп-өнуі артуын тежейтін кешенді шараларды қолға алды. Бұл туралы қала мэрі Билл де Блазио мәлім етті.
Қазіргі кезде онда 763 бас бұғы бар. Олар ауру тудыратын кенені таратып, жергілікті тұрғындарға қауіп туғызады, сондай-ақ жол-көлік оқиғаларына себепші болады.
«Табиғи ресурстарды сақтау, зарарсыздандыру жөніндегі бұл шара Стейтен-Айленд тұрғындарының қауіпсіздігі мен үйлесімін дамытудың жақсы жоспары, сондай-ақ ол бұғылардың өсіп-өнуі ұлғаюы мәселесін де қамтып отыр», - деген мэрдің мәлімдемесін келтіреді РИА Новости.
Сондай-ақ кешенді шараларды тұмса табиғатты сақтау саласындағы сарапшылар жасағаны атап өтілген, оның негізіне жергілікті тұрғындардың пікірі алынған.