Сұрақтар мен жауаптар. Дүние тарихы
Ежелгі Оңтүстік және Шығыс Азия
Азияның оңтүстігіндегі үлкен түбек Үндістан деп аталады. Үндістанның солтүстік бөлігі өмір сүруге қолайлы. Биік тауы Гималайдан басталған екі ұлы өзен: Ганга мен Үнді. Үнді өзенінің жоғары арнасына бес өзен келіп қосылады. Сондықтан бұл аймақты Пенджаб «Бес өзен елі» деп атайды.
Б.з.д. II мыңжылдықтың басында Үндістанда қалалар мен ірі елді мекендер пайда болды. Үйлер әдетте екі қабатты етіп салынды. Оларды тас тұғырға орнатты.
Б.з.д. II мыңжылдықтың соңында Үндістанға солтүстіктен арий тайпалары көшіп келді. Арийліктерді таза қанды, асыл текті адамдар деп атады.
Үндістанда алғаш қауымдық, сосын ру-тайпалық құрылым болды. Үнділіктердің арасындағы мүліктік және әлеуметтік жағынан жіктелу бай мен кедейлердің шығуына әкелді. Өз билігін мұраға қалдырып отыратын тайпа көсемдерін раджалар деп атады.
Үндістанда б.з.б VI ғасырда бірнеше мемлекеттер: Гандхара, Хинду, Магадха, Кошала, Ватса, Аванти өмір сүрді. Б.з.б. IV ғасырдан бастап Ганг өзенінің төменгі ағысы бойындағы Магадха тез күшейе бастады. Чандрагупта атты билеуші Маурия (б.з.б. 317-180 жж.) әулетінің негізін қалады.
Үнді қоғамы үлкен төрт топқа бөлінді. Әр топтың өз міндеттерін орындауын патша мен оның қызметшілері бақылап отырды. Каста дегеніміз – қатаң түрде белгіленген құқықтары мен міндеттері бар адамдардың топтары.
Үндістанда халық арасында қолдау тапқан – будаға табыну болды. Оның негізін салған Сиддхардһа Гаутама атты шакья әулетінен шыққан патшазада. Аса білімділігі үшін халық оны Будда – «жарық сәулелі» деп атап кетті.
Б.з.б I мыңжылдықта үнді халқы батырлардың ерліктері туралы көптеген өлеңдер шығарды. Соның бірі – «Махабхарата» дастаны. Дастанда раджалардың екі әулеті арасындағы күрес туралы баяндалады. «Рамаяна» дастанында Рама есімді жігіт ерлік, қайырымдылық, намысшылдық үлгісін көрсетті. Ракша деп аталатын құбыжықтар елінде жиырма қолы бар Равана Рамаға қарсы болып, оның әйелі Ситаны ұрлап әкетеді. Хануман атты ақылды, әрі білгір маймыл Рамаға көмектесіп, Равананы екеуі бірігіп жеңеді. Равананы жеңген күні Үндістанда бүгінге дейін мереке ретінде тойланып келеді.
Үндістан – шахмат ойының отаны. Сүйектен ойып жаслған шахмат фигуралары ежелгі Үндістан әскерін бейнелейді. Шахмат ойынын Үндістанда «әскердің төрт түрі» деп атаған.
Б.з.б. II мыңжылдықтың ортасында Қытайда Хуанхэ өзенінің төменгі ағысында бір-біріне өктемдік жүргізген тайпалар өзара билік үшін күресті. Чэн Тан деген адам Шань-Инь мемлекетінің негізін қалады. Біраз уақыттан соң Вэй өзенінің бойындағы чжоу тайпалары осы мемлекетті талқандап, жаңа мемлекет құрды. Оны Чжоу мемлекеті деп атады. Ол б.з.б. III ғасырға дейін өмір сүрді. Б.з.б. III ғасырда Қытайда өзара жауласып тұратын бірнеше мемлекет бар еді. Цинь патшалығы олардың ішіндегі ең күштісі болды. Цинь патшалығы күшпен, айлакерлікпен қимыл жасап, бүкіл Қытайды өзіне бағындырды.
Қытайлар үшін ең жоғарғы күш аспан көгі деп есептелді. Сондықтан Қытайды «Аспан асты елі», «Көктің ұлы» деп атайды.
Б.з.д III мыңжылдықта Қытайда жібек маталар жасалынды. Бұл жұп-жұқа, үлбіреген жібек маталарды ойлап табу үлкен жетістік болды. Ақсүйектер мен байлар жібектен тоқылған киімдерді алтынға сатып алды. Ежелгі Қытайда қола мен тастан жасалған ыдыстары сан алуан болды. Ыдыстардың сыртында айдаһарлар бейнеленген.
Қытай халқы шамамен б.з.д екі мың жылда жазу ойлап тапты. Жазу үшін иероглиф таңбасы қолданылды. Әрбір иероглиф бір сөзді білдірді. Қытай жазуында бірнеше ондаған мың иероглиф бар.
Кун-Фуцзы (Конфуций) – Ежелгі Қытай данышпаны. Ол б.з.д. 551 жылы дүниеге келген. Жас кезінен көп оқыды. Өз халқының салт-дәстүрлерін, өлең-жырларын жақсы білді. Жастар өздерін Конфуций шәкіртіміз деп есептеген. Ал ұстаздарын Кун-фуцзы, яғни данышпан Кун деп атады.
Сяма Цянь – Қытай тарихының атасы. Б.з.д. 151 жылы дүниеге келген. Ол қыруар көп жазба құжаттарды жинап – зерттеген. Бүкіл Қытайды дерлік аралап, тарихи оқиғаларды зерттеп жазды. Ол өз өмірінің соңына дейін Қытай тарихының жазбаларын жазды. Кітабын «Тарихи жазбалар» деп атады. Еңбегі 130 тараудан тұрады. Сыма Цянь жақсыны бұрмаламай, жаманды жасырмай жазды.
Б.з.д II ғасырдан б.з. II ғасырға дейін Қытайды билеген Хан әулеті үлкен шапқыншылық соғыстар жүргізді. Негізгі жорықтары батысқа қарай бағытталды. Жер көлемін көбейтіп, жаңа жерлер қосты. У Ди патша екі үлкен жорық жасады. Біріншісі – Лобнор көліне дейін, екіншісі Ферғананы басып алды. Қытай қолбасшысының бірі – Бань Чао Шығыс Түркістанға аяусыз тонаушылық жорықтар жасады.
Хан әулеті кезінде алым-салық көбейді. Бұл халықтың халін ауырлатып жіберді. Халық наразылығы күшейді. Көтерілісшілер қастарын қызыл бояумен бояп алғандықтан, көтерілісті «Қызыл қастылар» көтерілісі деп атады. Ол б.з. 18 жылы болды. Б.з. 184 жылы көтеріліс жасаушылар бастарына сары орамал тақты. Тарихта оны «Сары орамалдылар» көтерілісі деп атады. Көтерілісшілер жеңілгенмен, халыққа жексұрын болған Хан әулетінің күш-қуатын әлсіретіп кетті. Патшалық бірнеше ұсақ мемлекеттерге бөлініп, ыдырап кетті.
ҰБТ - Кешенді тестте кездесетін конспектегі сұрақтар.
«Аспан асты елі» атанған ел:
Брахма құдайдың аяғынан жаратылғандар:
Будда сөзінің мағынасын белгілеңіз:
Ежелгі Қытай данышпаны:
Ежелгі Қытайда жазу пайда болған кезеңді көрсетіңіз:
Ежелгі Қытайда тұрығын үйлер жасалынған материалды белгілеңіз:
Көне кітаптарды өртеген, Конфуций ізбасарларын өлтірген Қытай императоры:
Шығыс Түркістанға, Ферғанаға тонаушылық жорықтар жасаған императорлық әулет:
Қытай патшасы Цинь Ши Хуандидің айыпкер ақсүйектерді жазалау әдісі:
Қытай тарихының атасы атанған адам:
Қытай тарихының екі жарым жылдағы оқиғалары баяндалған шығарманы белгілеңіз:
Қытай ыдыстарының сыртында жиі бейнеленген суретті белгілеңіз:
Қытайда жібек маталарды жасай бастаған кез:
Қытайдағы «Қызыл қастылар» мен «Сары орамалдылар» көтерілісі болған кездегі әулет:
Қытайлықтар «Паньгу» деп атады:
Қытайлықтар «Қытайдың соры» деп атап кеткен өзен:
Үнді қоғамындағы кастаның саны:
Үнділіктер алғаш пілдерді мына мақсатта пайдаланды:
Үндістан дастандарындағы бүгінгі күнге дейін мереке ретінде тойланып келген оқиға:
Үндістанда «әскердің төрт түрі» деп аталған ойын түрін көрсетіңіз:
Үндістанда алғашқы қалалардың қалыптасқан кезеңі:
Үндістандағы тайпа көсемдерін белгілеңіз:
Үндістанның «Бес өзен елі» деп аталған бөлігі:
Үндістанға арий тайпалары қоныстана бастаған кезеңді көрсетіңіз:
Өзін «бірінші Цинь патшасы» деп атаған патша: