ҰБТ. Дүние жүзі тарихы пәнінен жауаптар
251. Ассириялықтардың отаршылдық саясатындағы ерекшеліктердің бірі:
Бағынышты халықты ата-қонысынан айыру.
252. Ашшурбанипал кітапханасын ұйымдастырды:
Ассирилықтар.
253. Қазіргі Түркия жерінде өмір сүрген Оңтүстік-батыс Азияның ежелгі мемлекеті: Хетт патшалығы.
254. Хетт патшалығын талқандаған мемлекет:
Ассирия.
255. Оңтүстік-Батыс Азия жеріндегі ежелгі кеме жасаушылар мен теңізде жүзушілер: Финикиялықтар.
256. Финикиялықтар мəдениетінің ірі жетістігі:Альфавиттің пайда болуы.
257. Финикиялықтардың көктем құдайы:
Ваал.
258. Парсы патшасы Кирдің жорығын тойтарған Орта Азиядағы тайпа:
Сақ.
259. І Дарий патша парсы мемлекетін:
20 аймаққа бөлді.
260. Парсы мемлекетіндегі І Дарий шығарған таза алтын теңге:
Дарик.
261. «Авеста» шығармасында уағыздалатын діни ілім:
Заратуштралық.
262. Заратуштра дініндегі қайырымдылық құдайы:
Ахура Мазда.
263. Заратуштра дінінде өлген адамның денесін:
Жабайы құстарға тастады.
264. І Дарий кезінде парсылар сыйына бастаған құдай:
Ахурамазда.
265. Ежелгі Бактрия жерінің көптеген елдерге танылуына себеп болған бағалы тас:
Лазурит.
266. Бактрия мемлекетінің астанасы:
Бактр.
267. Азияның орталық бөлігінде қалыптасқан, ежелгі дүниедегі көшпелілер құрған ірі мемлекеттің бірі:
Кушан мемлекеті.
268. Парфия патшалығын құрған Адам:
Арсак.
269. Б.з.д. 53 жылы Қосөзен атырабында римдіктерді талқандағандар:
Парфиялықтар.
270. Б.з.д. І мыңжылдықтың соңында Үндістан жеріне солтүстіктен келіп қоныстанған көшпелі тайпа:
Арийлер.
271. Бір орталыққа бағынған Үнді мемлекетін құруды жүзеге асырған патша:
Ашок.
272. Ежелгі Үндістандағы брахмандар – ол:
Абыздар.
273. Ежелгі Үндістанның «Рамаяна» дастанында суреттелген, үнділіктер табынатын қасиетті маймыл.
Хануман.
274. Ежелгі үнділіктердің шаруашылығы, басқару жүйесі, əлеуметтік жағдайы, əдет- ғұрыптары жайында мəлімет беретін тарихи шығарма.
«Ману заңдары».
275. Будда дінінің негізін қалаушы.
Сиддхардћа.
276. Буддизм дініндегі нирвана – ол:
Рахат өмір.
277. Ұлы Қытай қорғанын салдырған патша.
Цинь Ши Хуанди.
278. «Сары орамалдылар» көтерілісі созылды:
20 жылға.
279. Қытайлар өндіру тəсілін біраз уақытқа дейін құпия сақтаған тауар.
Жібек.
280. Қытайда қағазға жазу қалыптасты:
Б.з.д. ІІ ғасырда.
281. Əлемде компасты алғаш ойлап тапқандар.
Қытайлар.
282. Ежелгі Грекиядағы полистер – ол:
Қала-мемлекеттер.
283. Афины мемлекетінің құрамына кірген қалалар саны.
12.
284. Ежелгі Грекиядағы демостар – ол:
Қарапайым халық.
285. Архонт Солонның заңдары негізінде Ежелгі Афиныда пайда болды:
Демократия.286. Ежелгі Афиныдағы жоғары өкімет билігі:
Халық жиналысы.
287. Афины қала мемлекетінің Эллададағы бай жəне қуатты мемлекетке айналған уақыт: Б.з.д.V ғасырдың ортасы.
288. Б.з.д. V ғасырдың ортасында өмір сүрген, Афины демосының көсемі, Афины мемлекетінің өрлеуіне ықпал еткен қайраткер.
Перикл.
289. Б.з.д. IV ғасырда Грекияға қауіп төндірген Балкан түбегіндегі ел.
Македония.
290. Афинылықтардың Македонияға қарсы тəуелсіздік жолындағы күресін басқарған қайраткер.
Демосфен.
291. Македония мен гректердың арасында ең ірі Херонея соғысы өткен жыл.
Б.з.д. 338 жыл.
292. Ежелгі Грекиядағы Дионис құдайдың құрметіне жасалған мереке.
Егіншілер мерекесі.
293. Олимпия ойындары кезінде бүкіл Грекияда тыйым салынды:
Соғысқа.
294. Ежелгі Грекияда тұңғыш Олимпия ойындары өткен жыл.
Б.з.д 776 жыл.
295. Ежелгі грек жазушысы Эсхилдің ірі трагедиялық шығармаларының бірі көрсет. «Бұғауланған Прометей».
296. Ежелгі гректердің наным-сеніміндегі өздері табынған құдайлардың саны.
40-ға жуық.
297. Ежелгі гректердің нанымындағы ағайынды үш құдай.
Зевс, Посейдон, Аид.
298. Ежелгі гректер нанымындағы сұлулық пен махаббат құдайы.
Афродита.
299. Ежелгі Грекияда сəулет өнерінің барынша қарқынды дамыған уақыты.
Б.з.д. V ғасыр.
300. Грекиядағы əлемнің жеті кереметінің бірі, мүсінші Фидийдің туындысы:
Зевс мүсіні.