ҰБТ және КТА кешенді тестте кездесетін деректер. Математика.
ҰБТ және КТА кешенді тестте кездесетін деректер. Математика.
Формулалар
Формула дегеніміз – математикада ережелердің әріптері бар теңдіктермен жазылуы. Мұндай жағдайда ережені формуламен жазылған дейміз.
Тік төртбұрыштың периметрі оның ұзындығы мен енінің 2 еселенген қосындысына тең.
Тік төртбұрыштың ауданы оның ұзындығы мен енінің көбейтіндісіне тең.
Тік төртбұрыштың ауданының формуласы: S = a • b
Тік бұрышты параллелепипедтің көлемі оның ұзындығын ені мен биіктігіне көбейткенге тең. Ал формуласы: V = abc
Жолдың формуласы: S = vt
Мұндағы S - жүрген жолдың ұзындығы, v - жылдамдық, t- уақыт.
Заттың құнының формуласы: C = an
Мұндағы C- заттың құны, a- заттың бағасы, n - заттың саны.
Квадраттың периметрінің формуласы: P=4a a- қабырғаның ұзындығы.
Квадраттың ауданының формуласы: S=a2
Кубтың көлемінің формуласы: V=a3
ҰБТ - Кешенді тестте кездесетін конспектегі сұрақтар.
17 кг алманың құны 4420 теңге болса, 13 кг алманың құны неше теңге?
7 кг женттің құны 2450 теңге болса, женттің бағасы неше теңге?
7-ге бөлгенде 4 қалдық қалатын сандардың жалпы түрін жазыңыз.
Тік бұрышты параллелепипед пішінді сарай шөппен толтырылған. Сарайдың ұзындығы 10м, ені 6м, биіктігі 4м. Егер
10м3 шөптің массасы 6 ц болса, сарайдың ішінде неше центнер шөп бар?
Ені 15 см, ұзындығы 12 см болатын төртбұрыштың периметрі мен ауданын табыңдар:
Квадраттың ауданы 49 см2-қа тең. Квадраттың периметрін табыңдар.
Кеменің меншікті жылдамдығы 10 м/c, ал өзен ағысының жылдамдығы 2 м/с. Кеменің ағысқа қарсы жылдамдығын табыңдар.
Кубтың бір жағының периметрі 36 см болса, кубтың көлемін табыңдар.
Тікбұрышты параллелепипедтің ені 12 см, биіктігі 9 см, ал көлемі 1404 см3 болса, параллелепипедтің ұзындығын табыңдар.
Тіктөртбұрыштың периметрі 34 см, ал ауданы 60 см2 болса, тіктөртбұрыштың қабырғаларының ұзындықтарын табыңдар.