Шпаргалка қолдану әдісі, бүгінгі күнге дейін 500 жыл

Тарихшылардың айтуынша, шпаргалканың оқу барысында жеке бақылау көрсеткішін жақсарту тәсілі ретінде қолданылғанына 500 жылдан астам уақыт өтіпті. Алайда, жалпы техникалық прогреске қарамастан, дұрыс шпаргалка жасау ережелері айтарлықтай өзгеріске ұшырамаған.

Ұлттық бірыңғай тестілеу, Кешенді тестілеу оқушының мектеп бітіргенде алатын бағасы ғана емес, жоғарғы оқу орнына түсуге берілетін мүмкіндік. Бұл жерде бір адамның болашағы анықталады.

Себебі, шпаргалка қолдану – әдеттен тыс қабілет пен аса жоғары зейін салуды қажет ететін өнер. Керекті кезде көшіру әркімнің қолынан келе бермейтіндігімен келісетін шығарсыздар. Ал оны қолдана алу басқа бір өнер.