Жады элементі
Оперативтік жады ақпаратты сақтау үшін негізгі жады болып келеді. Ол өлшемі 1 байт болатын жады ұяшықтарынан тұратын бір өлшемді массив түрінде ұйымдастырылған. Әрбір байтта 00000–ден FFFFFh–қа дейінгі аралығында 20 биттік бірегей физикалық адресі болады. Осылайша оперативтік жадының адрестік кеңістігі 220 = 1Мбайт. Жадының кез келген екі көрші байттары 16 – битті сөз ретінде құрастырылуы мүмкін. Сөздің кіші байтында кіші адрес болады, үлкенінде үлкен. Сөзді алатын 1F8Ah оналтылық саны жадыда 8Ah, 1Fh тізбегінде орналастырылады. Сөз адресі оның кіші байтының адресі болып саналады. Сондықтан жадының 20 биттік адресі байт адресі ретінде және сөз ретінде де қарастырыла береді. Оперативтік жадының адрестік кеңістігі сегменттерге бөлінеді. Сегмент оперативтік жадының көршілес ұяшықтарынан тұрады және тәуелсіз, бөлек адрестелетін жады бірлігі болып келеді. Дербес ЭЕМ–нің базалық архитектурасында оның шектелген көлемі бар 216 = 64Кбайт. Әрбір сегментке бастапқы (базалық) адрес тағайындалады, ол оперативтік жадының адрестік алаңындағы сегменттің бірінші байт адресі болып келеді. Ұяшықтың физикалық адресі сегмент адресінен және сегмент басына қатысты жады ұяшығының жылжуынан құралады (ішкі сегменттік жылжу). Жылжыту және сегмент адресінің мәндерін сақтау үшін 16 биттік сөздер қолданылады. 20 – битті физикалық адресті алу үшін микропроцессор келесі операцияларды автоматты түрде орындайды. Сегменттің базалық адресінің мәні 16–ға көбейтіледі (4 разрядқа оңға қарай жылжу) де сегменттің жылжу мәнімен қосылады. Нәтижесінде физикалық адрестің 20–битті мәні алынады. Қосқан кезде үлкен биттен ауыстыру пайда болуы мүмкін, ол қарастырылмайды. Бұл оперативтік жадының сақиналық принцип бойынша ұйымдастырылуына әкеледі. Максималды FFFFFh адресі бар ұяшықтан кейін 00000h адресі бар ұяшық тұрады.
Сегменттер оперативтік жадының нақты адресіне байланбаған және жадының әрбір ұяшығы бір уақытта бірнеше сегментке жатуы мүмкін, өйткені сегменттің базалық адресі кез келген 16 – битті мәнмен анықталуы мүмкін.