Логикалық элемент « ЖОҚ».

логикалық операцияларды (функцияларды) жүзеге асыратын электрондық құрылғылар. Осындай операцияларға логикалық қосу — '''дизъюнкция'''(“немесе”), көбейту — '''конъюнкция''' (“және”), терістеу — '''инвертирлеу''' (“емес”) жатады. Қарапайым Логикалық элементтердің шартты белгілері суретте көрсетілген. Ақпараттық сигналдар ретінде электр кернеуі немесе тогының дискреттік мәндері (деңгейлері) қолданылады.
Логикалық элементтер функционалдық белгіленуі, ақпарат беру әдісі, сұлбатех. шешімі және пайдаланылатын электрондық құралдары бойынша ажыратылады. Күрделі Логикалық элементтер қарапайым операциялар орындайтын элементтерді біріктіру арқылы жасалады.
Инверсия. Х ЕМЕС немесе 'Х' –ті теріске шығару деп оқылады.
Мысалға мынадай пікірді алайық: А=<Киев-Франция астанасы>, онда күрделі А ЕМЕС пікірі А дұрыс емес екенін, яғни <Киев-Франция астанасы> емес екенін білдіреді.
Қарапайым пікірлерден күрделі пікірлерді байланыстарды қолданып құруға болады.
Логикалық байланыстар–аргументтері қарапайым пікірлер болып келетін ЛАФ–ры.