Логикалық элемент « ЖӘНЕ»
Логикалық элементтер — логика алгебрасы ережелеріне сәйкес кіріс сигналдарымен қарапайым логикалық операцияларды (функцияларды) жүзеге асыратын электрондық құрылғылар. Осындай операцияларға логикалық қосу — '''дизъюнкция''' (“немесе”), көбейту — '''конъюнкция''' (“және”), терістеу — '''инвертирлеу''' (“емес”) жатады. Қарапайым Логикалық элементтердің шартты белгілері суретте көрсетілген. Ақпараттық сигналдар ретінде электр кернеуі немесе тогының дискреттік мәндері (деңгейлері) қолданылады. Логикалық элементтер компьютерлердің, цифрлық автоматтардың элементтік негізін қалайды.
Бұл элементте бірнеше кірістер мен бір шығыс бар: ЖӘНЕ логикалық элементі логикалық көбейту амалын орындайды:
F=X1.X2.….Xn
Бұл жерде F=0 , егер де оның аргументтерінің біреуі 0-ге тең болса, F=1 ,егер барлық аргументтер 1-ге тең болса конъюнкцияланады.
Конъюнкция. Екі пікірді алайық:
А=<Москва – РФ астанасы>
В=<екі-екім төрт>
онда А & В күрделі пікірі ақиқат болады, өйткені бұл екі пікір де ақиқат.
Егер ақиқат пікірге '1' мәнін ал жалғанға '0' мәнін жазсақ онда пікірді көбейтінді деп айтуға болады. Бұл жағдайда конъюнкция үшін ақиқаттық кестесі көбейту кестесіне сәйкес келеді.
X1 X2 f1(X1,X2)
0 0 0
0 1 0
1 0 0
1 1 1
Конъюнкция функциясы екі пікір бір уақытта ақиқат болған жағдайда ғана ақиқат.
Компаратор
Компаратор(латынша: comparo - салыстырамын) — геодезияда сызықтық өлшем аппараттарының ұзындықтарын эталон ұзындығымен салыстыру арқылы анықтайтын құрылғы; оптикалық-механикалық және интерференциялык болып екіге бөлінеді.
Компаратор (comparator) -мәліметтердің екі көшірмесін салыстыра отырып, олардың дұрыстығын, ұқсастығын тексеру құрылғысы; өлшенетін шаманы эталонмен салыстыруға арналған өлшеу аспабы. Қарапайым салыстырғыштардың шығысында екі санның теңдік (1) немесе теңсіздік (0) сигналдары құрастырылады. Күрделірек салыстырғыштар екі санның қайсысы үлкен екендігін де көрсетеді.
компьютердегі уақыт өлшеу регистрі. Онымен (теңеуішпен) салыстырғанда сағат көрсеткіштерінің жоғары болуы процессор жұмысын уақытша үзуді шақырады