Логикалық элемент «НЕМЕСЕ»
Бұл элементтің бірнеше кірістері мен жалпы бір шығысы бар.Немесе логикалық элементі логикалық қосу амалын орындайды.
F=X1+X2+…+Xn ,
Мұндағы , F функция, X1+X2+…+Xn аргументтер
Осыдан функция F=0,егер барлық аргументтер 0-ге тең болса,ал F= 1 ,егер де аргументтердің біреуі, не бірнешеуі, небәрі ге тең болса, НЕМЕСЕ логикалық элементі көбінесе диодтар арқылы жасалады.
F=1 мәні схеманың шығысында қандай да болсын диодтың немесе бірнеше диодтың кіріс сигнал келгенде ашылуына байланысты пайда болады.
Логикалық элементтер — логика алгебрасы ережелеріне сәйкес кіріс сигналдарымен қарапайым логикалық операцияларды (функцияларды) жүзеге асыратын электрондық құрылғылар. Осындай операцияларға логикалық қосу — '''дизъюнкция''' (“немесе”), көбейту — '''конъюнкция''' (“және”), терістеу — '''инвертирлеу''' (“емес”) жатады. Ақпараттық сигналдар ретінде электр кернеуі немесе тогының дискреттік мәндері (деңгейлері) қолданылады. Логикалық элементтер функционалдық белгіленуі, ақпарат беру әдісі, сұлбатех. шешімі және пайдаланылатын электрондық құралдары бойынша ажыратылады. Күрделі Логикалық элементтер қарапайым операциялар орындайтын элементтерді біріктіру арқылы жасалады. Логикалық элементтер компьютерлердің, цифрлық автоматтардың элементтік негізін қалайды.
Дизъюнкция. Бір күрделі пікір оған кіретін пікірлердің кем дегенде біреуі ақиқат болған жағдайда ақиқат болады.
X1 X2 f1(X1,X2)
0 0 0
0 1 1
1 0 1
1 1 1
X1 НЕМЕСЕ X2 деп оқылады:
Еркін құрылғыны синтездеу техникалық (физикалық) есебі ЛАФ–ын құру математикалық есебіне әкелінеді.
Еркін ЛАФ–ын құру үшін байланыстың қандай көлемі қажет деген сұрақ әрине пайда болады. Бұл сұрақтың жауабы бірмәнді емес. Мысалы f0 (0 тұрақтысы), f15 (1 тұрақтысы) функциялары көмегімен еркін ЛАФ–ын құруға болмайтынын көреміз. Оны тек инвертордың көмегімен құру да мүмкін емес. Бірақ оны f7, f1, f10 немесе f7, f1, f12 көмегімен құруға болатыны анық.
Бұл элементар ЛАФ–ның жиыны конъюнкция, дизъюнкция және теріске шығарудың базисі деп аталады. ЛАФ–ын математикалық ұйымдастыру кезіндегі ең кең тараған базис. Бұдан басқа базистер де бар: , +, 1, |
Сол сияқты бір элементті базистер бар: f8 – Пирса тілсызығы, f14 – Шеффер штрихы, ЖӘНЕ-ЕМЕС, НЕМЕСЕ-ЕМЕС.
Құрылғының техникалық синтезі үшін нақты құрылғыны құруға мүмкіндік беретін, ЛАФ–ры базис құратын элементтердің қандай да бір терімі болуы керек.
Бірақ, айтып кеткендей ЛАФ–ын синтездеу есебі – идеал модель.