Негізгі және негізгі емес тасымалдағыштардың кеңістіктік айм
Өзінің өтімділік сипаттамалары бойынша шалаөткізгіштер электрондық (n – типті) және кемтіктік (p – типті) болады. n – типті шалақткізгіштерде қозғалмалы зарядты тасушылар теріс таңбалы электрондар, ал р – типті өткізгіштерде оң таңбалы кемтіктік болып келеді.
n - типті шалаөткізгіш. Егер 4 – валентті германийге 5 – валентті мышяк атомын қосса, онда мышяк төрт көршілес германий атомдарымен ковалентті байланыс құрады. Мышяк атомының бесінші валентті электроны ковалентті байланысқа қатыспайды. Ол мышьяк атомының ядросымен өте нашар байланысқан, сондықтан бөлме температурасында одан оңай бөлінеді. Осыныі нәтижесінде шалаөткізгіште бос электрондар пайда болады, ал мышьяктың атомы оң зарядталған ионға айналады. Кемтік пайда болмайды. Кез келген шала өткізгіште, концентрациясы басымдау заряд тасымалдаушылар – негізгі заряд тасымалдаушылар деп аталады. Негізгілерден басқа зарядты негізгі емес тасымалдаушылар да кездеседі.
р – типті шалаөткізгіш. Егер 4 – валентті германийге кез келген 3 – валентті элементті қосса, мысалы, индий, онда индий атомы германий атомын алмастырады және көршілес атомдармен ковалентті байланысқа түседі. Индийдің 3 – валенттік байланысы болғандықтан онда байланыстардың біреуі индий атомының германиймен байланысы толтырылмай қалады, яғни индий атомының жанында кемтік пайда болады. Бұл кемтікті көршілес германий атомының 4 – валентті электроны толтырады, өзінің орнында кемтікті қалдырып, оны басқа көршілес германий атомының байланысқан электроны толтырады, және с.с. Индий атомы электронды қосып алып, теріс таңбалы ионға айналады.