Пласмасса мен полимерлердің классификациясы

Пластикалық массалар келесі классификацияға ие:Пластмассадан жасалған бұйымның қызуына қарай, оларды: термопласттар мен реактопласттар деп бөледі;Термопластикалық материалдар (полиэтилен, поливинилхлорид, полистирол және т.б.) қыздыру кезінде жұмсарып, пластикалыққа ие болады, ал суыту кезінде қатаяды. Бұл материалдардан көптеген заттарды құйып, созып, штампылауға болады. Бұл пластмассалардың кемшілігі - мөлшерсіз беріктік мен жылуғатөзімділік болып табылады.Термореакторлық материалдар (реактопласттар) қыздыру кезінде қалқусыз, ерітусіз қатты күйге айналады. Бұл материалдар жоғары жылутұрақтылыққа ие болады. Оларға аминопласттар мен полиэфирлі және эпоксидті шайырлар негізіндегі пластмассалар жатады.Қалыпты температурадағы физика-механикалық қасиеттеріне және деформациялық қасиеттеріне қарай, оларды қатты (серпімділік модулі МПа шамасында), жартылай қатты ( МПа-дан МПа-ға дейін), жұмсақ және эластикалық (серпімділік модулі МПа-дан төмен);Қатты пластмассалар – аморфты құрылымды қатты серпінді материалдар. Аз мөлшерлі ұзарумен, бөліну кезіндегі сынғыш бұзылумен сипатталады. Мысалы, фенопласттар, аминопласттар.Жартылай қатты пластмассалар – кристалды құрылымды қатты тұтқырлы-серпінді материалдар. Бөліну кезіндегі жоғары салыстырмалы ұзарумен сипатталады.Ондай пластмассаларға полипропиленді құбырлар, полиамидті пластиктер жатады.Жұмсақ пластмассалар бөліну кезінде жоғары салыстырмалы ұзару мен төмен серпінділік модуліне ие болады. Оларға полиэтилен пленкасы, құбырлар, поливинилацетатты пленкалар жатады.Эластикалық пластмассалар – созылу кезінде үлкен деформациямен сипатталатын жұмсақ әрі майысқақ материалдар. Мысал ретінде каучукты резеңкелерді алуға болады.Композициялық құрамына, құрылымына қарай пластикалық массалар: толтырылмаған, толтырылған, газбен толтырылған және құрамды құрылымды болып бөлінеді.Толтырылмаған платмассалар тек қана полимерден және кейбір арнайы қосылыстардан тұрады. Оларға полиэтилен пленкасы, полистиролды заттар және т.б. жатады.Толтырылған пластмассалар құрамында полимерден басқа толықтырушылар, стабилизаторлар, пигменттер болады. Көп ретте толықтырушы ретінде ұсақ таулы тұқымдар (графит, кварц құмы, асбест, бор, т.б.), ағаш ұны немесе ұнтағы, шыны талшығы, мақталы-қағазды, синтетикалық, шыны маталары, ағаш шпоны және т.б. қолданылады. Толтырылған пластмассаларға линолеумның түрлері және поливинилхлоридтен жасалған заттар, қағаз-қабатты пластиктер және т.б. жатады.Газбен толтырылғандар өзінің құрылымында жасанды түрде қалыптасқан біркелкі үлестірілген газбен немесе ауамен толтырылған пораларға ие болады.Құрамдыларды келесі жолмен алады: пластикалық массамен мата немесе шпонды қоректендіріп, олардан қандай да бір құрылым жасайды, мысалы: соттар.Қолданысына және ерекше белгілеріне қарай пластмассалар: жалпы қолданысты, жоғары мықтылықты, антикоррозиялық, мөлдір, аязға және жылуға төзімді, электроқшаулағыш, жылуоқшаулағыш болып бөлінеді.алпы қолданыстағы пластмассалар – физика-механикалық және химиялық қасиеттеріне ерекше көңіл бөлінбейтін материалдар. Мұндай материалдарға бөлектеу, сәндік, орауышты, шаруашылық-тұрмыстық және басқа да пластмассадан жасалған заттар жатады.Жоғары мықтылықты пластмассалар - полиформальдегид, полиэфирлі пластиктер, поликарбонаттар – сығу мен бүгу кезінде мықтылықтың жоғары шегімен, жоғары тозуға тұрақтылықпен, үйкелудің жоғары коэффициентімен сипатталады. Бұл материалдар қола мен баббиттің орнын басса болады, мысалы, подшипниктерде, оларды құбыр, дөңгелек жасауда қолданады.Антикоррозиялық пластмассалар – каучуктер, полиизобутилен, эпоксипласттар – суға, қышқылдарға, тұз ерітінділеріне және органикалық еріткіштерге қатысты жоғары химиялық тұрақтылыққа ие болады. Бұл материалдарды агрессивті орталарда эксплуатацияланатын жабдықтарда және конструкцияларда металды заттар ретінде қолданады, олардан сұйық жанармайларының контейнерлер-цистерналарын дайындайды.Мөлдір пластмассалар - полиметилметакрилат, полистирол – жарық сәулелерін толқындардың кең диапазонында, көбінесе спектрдің ультрафиолетті бөлігін, өткізеді, сол арқылы олар өздерінің оптикалық қасиеттері бойынша шыны мен хрустальдің ең жақсы сорттарына жақындайды және сол қасиет бойынша силикат шынысынан артықшылығын көрсетеді. Мұндай пластмассалардан жарық беру арматурасының оптикалық жүйелерін жасайды.
Аязға тұрақты пластмассалар — полиизобутилен, этилцеллюлоза, поликарбонат — төмен температурада майысқақтық қаситеттерін сақтайды. Бұл пластмассалардан жасалған заттар мен конструкцияларды атмосфералық жағдайларда эксплуатациялауға болады.Жылуға тұрақты пластмассалар — полиорганосилоксандар, политрихлор-этилен, фенопласттар — температура жоғарылаған кезде жұмсармай тұру қабілетіне ие. Мұндай пластмассалар өндіріс пен тұрмыстық жағдайларында кең қолданылады, бөлек жағдайларда олар керамика мен металды алмастырады.Электроқшаулағыш пластмассалар — полиэтилен, поливинилхлорид, полистирол — төмен диэлектрлік тұрақтымен, жоғары электр тығыздығымен, жоғары көлемдік беттік кедергімен сипатталады. Оларды электртехникасындағы сымдар мен электрқұрылғыларын оқшауландыру үшін, эбонитті алмастыру үшін қолданады.Жылуоқшаулағыш пластмассалар — поливинилхлорид, полистирол, полиуретан, фенопласттар — төмен жылуөткіштігімен ерекшеленеді. Бұл пластмассаларға поралы газбен толтырылған материалдар — пено және поропласттар жатады, олар тоңазытқыш құрылғылардың, үйлердің жылуоқшаулануына қолданылады.