Полимерлік композициялық материалдар
Полимерлер мен полимерлік материалдар арасында айырмашылық бар. Полимерлік материалға айналу үшін оның физика – химиялық қасиеттерін жақсартатын әртүрлі химиялық қосылыстарды міндетті түрде енгізу керек.Қазіргі кезде полимерлерді зерттейтін ғылым полимерлік композициялық материалдарды (ПМК) жасау проблемасын бірінші орынға қойып отыр. ПКМ дегеніміз – гереофазалық екі немесе одан да көп компонентті полимерлік жүйе, фазалар құраушылар бір – бірімен тек фазааралық шекера арасында ғана әрекеттеседі, сонымен қатар, жаңа қасиеттердің пайда болуы, фазааралық құбылыстарға байланысты. Олар табиғи, органикалық және бейорганикалық толықтырғыштар және полимерлер негізіндегі материалдар болып табылады.Полимерлік композициялық материалдарға арналған толықтырғыштар. Толықтырғыштарды таңдау материалдардың физика – химиялық қасиеттеріне қандай өзгертулер енгізуіне және полимерлік қаңқаның түріне байланысты. Толықтырғыштар ретінде арнайы пішіні мен мөлшеріне келтірілгеннен кейін сфера түрінде, әр түрлі фракциялық құрамы мен пішіні бірқалыпты емес ұсақталған ұнтақтарды, қабықшаларды, талшықтарды, қағаздарды, маталарды, киіздерді, т.б. яғни табиғатта кездесетін барлық материалдарды қолдануға болады. Полимерлік қаңқаға толықтырғыштарды енгізгеннен кейінгі тиімділігіне байланысты толықтырғыштар шартты түрде екіге бөлінеді:белсенді толықтырғыштар, яғни күшейткіш (негізінен физика – химиялық қасиетін) және белсенді емес (енгізгеннен кейін тек материал түсі өзгеріп, бағасы төмендейді, бірақ материал қасиеттерінің жақсарғаны байқалмайды).Полимердің қатты дене беттеріне адгезиялануы полимерлік композициялық материалдардың біреуі де адгезиялық әрекеттесу энергиясын есептей алмайды, себебі адгезияға оның беріктігіне бір уақытта әр түрлі факторлар әсер етеді.Сонымен полимерлік композициялық материалдарды жасау, зерттеу және қолдану - тез қарқынды дамып келе жатқан осы заманға сай материалдарды алудың өзекті мәселелерінің бірі. Соңғы кездерде ХХІ ғасыр мақтанышы болып табылатын полимерлік нанокомпозиттерді алу, яғни нанотехнология ғылымы алға басуда.
Пластикалық масса (пластмасса) деп сол массаға керекті қасиеттер беретін құрамына енгізілген қосылыстары (инградиенттері) бар полимер, олигомер немесе смола негізінде алынатын композициялық материалды айтады. Пластикалық масса бұйымдарды қалыптастыру кезінде, сұйық немесе жоғарыэластикалық (майысқақтық) түрінде, ал эксплуатация кезінде – шынытәріздес, кристалдық, кейде жоғарыэластикалық түрде болады.Барлық пластикалық массалардың, оларға өздеріне тән қасиеттер беретін, негізгі компоненті полимерлер болып табылады (оларды кейде байланыстырушылар деп те атайды). Пластикалық масса тек бір ғана полимерден тұруы мүмкін (қарапайым пластмасса) немесе құрамына оған ерекше қасиеттерді беретін қосымша енгізілген заттар болуы мүмкін (күрделі пластмасса). Ондай қосылыстарға мыналар жатады: толықтырушылар, пластификаторлар, стабилизаторлар, бояғыштар, тігуші агенттер, құрамқалыптастырушылар, майлар, антипирендер, антистатиктер, антифрикциондық қосылыстар, қатырушылар, қатыруды жылдамдатушылар.Пластмассаның тағы бір ерекшелігі – оларға қажетіне қарай кез келген арнаулы қасиет беруге болады. Мысалы, көпшілік пластмассалар ток өткізбейді, ал қажет болса ток өткізгіш пластмасса алуға болады. Шыныпласттар, көміртекті пластиктер болаттан да берік болуы мүмкін, ал газ толтырылған пластиктер өте жеңіл келеді, жылу жібермейтін, дыбыс өткізбейтін қасиеттерімен бағаланады.Пластмассалар негізінен байланыстырушы қызметін атқаратын табиғи не синтездік полимерлерден тұрады. Оның құрамында тағы да әртүрлі толықтырғыштар, пластификаторлар, стабилизаторлар, бояғыш заттар болуы мүмкін.