Ұнтақты материал

Ұнтақты материал деп металдық ұнтақтарды керек пішінге престеу арқылы және вакуумда немесе қорғалған атмосферада 0.75-0.8 Т температурада пісірілген материал. Ұнтақты материал көпіршікті және компактты болып ажыратылады.Көпіршікті деп соңғы тазалаудан кейін 10-30% көпіршік қалатын материалды айтамыз.Бұл қоспаларнегізінен антифрикциялық детальдармен фильтрлерді жасауда қолданылады.Антифрикциондық ұнтақты қоспалар аз үйкеліс коэффициентіне ие және тозуға шыдамды болып келеді. Ұнтақты қортпалардан жасалған подшипниктер қосымша майлаусыз, өз порларынан шыққан май есебінен жұмыс істей алады. Подшипниктер темір мен 1-7% графит және қолаграфиттен, оның 8-10% қалайы және 2-4% графит болатын қортпалардан жасайды. Темірграфитті материалдардың металдық құрылымы перлитті болу керек көміртегінің үлестік салмағы 1%. Бұндай құрылым подшипникке жоғары жылдамдықпен салмақ түсіргенде аз желінуді береді. Темірграфит материалдарға күкірт(0,8-1,0%) немесе сульфид(3,5-4,0%) қосса, жоғарғы үйкеліс қабатын сульфид пленкасы жабады. Ол тозуды оданда азайта түседі. Майланған темірграфиттің болат үстіндегі үйкеліс коэффициенті 0,07-0,09. Темірграфиттен жасалған подшипниктер максимал температура 100-200ºс қолданылады. Майланбаған қолаграфиттің болат үстіндегі үйкеліс коэффициенті 0,04-0,07, ал майланған кезде 0,05-0,007. Салмақ түсіру шегі 400-500 МПа және жұмыс температурасы 200-250 ºс көп емес.Темірграфиттің механикалық қасиеттері: σ=180-300МПа және қаттылығы 60-120НB, ал қолаграфиттікі: σ =30-50МПа, қаттылығы 25-50НВ. Темір мен мыс негізінде пісірілген материалдар тормоздық құрылымдарда фрикциондық бұйымдар ретінде қолданылады. Фрикциондық бұйымдар жоғарғы үйкеліс коэффициентін, механикалық төзімділік және тозуға шыдамды болу керек.Фрикциондық материалдардың үйкеліс коэффициентін көбейту үшін оларға кремний, бор карбидын,қиын еритін оксидтер және тағы басқа заттарды қосады.Қатты майлау компоненттері графит, қорғасын, сульфид болып табылыды. Темір негізді материал үшін шойын үстіндегі үйкеліс коэффициенті 0,18-0,40 ал мыс негізді үшін 0,17-0,25.Майлау материалысыз үйкеліс кезіндегі жұмыс шарттары үшін темір негізді материалдар қолданылады. Көп қолданылатын материал ФМК11(15%-мыс,9%-графит,3%-асбест,3%-кремний оксиді,6%-барит). Фрикциондық материалдарды жұқа сектор тәрізді жасап оны болат тұтқаға бекітеді. Ұнтақты материалдарды фильтрлеуші бұйымдарда кеңінен пайдаланады. Көпіршіктілігі 45-50% болатын никель, темір, титан, алюминий, коррозияға төзімді болат, қалайы ұнтақтарынан жасалған пластина, құбыр тәріздес фильтрлерді сұйықтар мен газдарды қатты қоспалардан тазарту үшін қолданады.Электротехника мен радиотехникада темір-никель-алюминий негізді қортпадан жасалған ұнтақты магниттер қолданылады