Анодты – механикалық өңдеу
Жаңа конструкциялық материалдарды өңдеу кезінде және бөлшектердің сапалы өңдеуіне деген талабына байланысты ауыл шаруашылық машина жасау технологиялық проблемелеры электрофизикалық және электрохимиялық өңдеу әдістерін қолдану арқылы шешіледі. Осы әдістің артықшылығы өңдеуге аз күш жұмсалады және станоктардың қарапайым кинематикасында. Бұл – қаттылығы және беріктілігі жоғары материалдарды өңдеуге, өңдеудің қателігін кенет төмендетуге, күрделі пішінді сыртқы және ішкі бетті өңдеуге, диаметрлері кішкентай тесіктерді өңдеуге және т.с.с. рұқсат етеді.Анодты-механикалы өңдеу электротермиялық және электромеханикалық процестердің қатар қолданылуына негізделіп,электрэро-зиялық және электрохимиялық өңдеу тәсілдерінің аралығынан орын алады. Өңделетін дайындама анодқа, ал аспап катодқа жалғанады.Өңделу электролитті /көбінесе сұйық натрилі шынының сулы ерітіндісінде/ ортада жүргізіледі. Дайындама мен аспап қарапайым кесу арқылы өңдеудегідей /2-сурет/ қозғалыстар жасайды. Өңдеу аумағына электролит канал арқылы беріледі.Электролит ерітіндісі арқылы тұрақты ток өткенде анод ерітіндісі, ал аспап-катоды өңделетін дайындама-анодының өңделетін беттерімен жанасқанда электрұшқынды өңдеудегідей электрэрозия пайда болады.Бұл әдіс электротермиялық және электрохимиялық өңдеулерді сәйкестенуін ұсынады. Дайындаманы - анодқа, ал құрылғыны – катодқа қосады. Жұмыс істейтін аумаққа электролитті береді. Құрылғы ретінде мыс, қорғасын немесе болат дисктері, проволка немесе жіп пластиналар қолданылады. Өңдеу процесінде біруақытта анодтық еру және өңделетін беттің микротегіс емес электрэрозиясы болады.Химиялық өңдеу.Химия-термиялық өңдеу (ХТӨ) деп тетіктің беттік қабатының құрамын, құрылымын және қасиеттерін қажетті бағытта өзгерту мақсатымен термиялық және химиялық әсер етулер үйлесуінен құралатын өңдеуді атайды . Және бұл жерде металл материалының сәйкес элементпен (C, N, B, Cr, Si, Ti және т.б.), оны жоғары температурада сыртқы ортадан (қатты, газды, булы, сұйық) атомды күйде диффузиялау жолымен, беттік қанығуы жүзеге асады.ХТӨ техниканың әр түрлі салаларында кең пайдаланылуы машиналар мен механизмдердің көпшілік тетіктері, максимум кернеулер металдың беттік қабаттарында пайда болатын криогенді немесе жоғары температураларда тозу, кавитация, циклдік жүктеме, коррозия жағдайында жұмыс істейтіндігімен түсіндіріледі. Металдар мен қорытпаларды беттік беріктендіру, сонымен қатар коррозиядан қорғау мақсатымен ХТӨ машина тетіктерінің сенімділігі мен ұзақ тұрақтылығын жоғарылатады.ХТӨ келесі өзара байланысқан негізгі сатылар енеді: 1) белсенді атомдар-дың қанықтыру ортасында пайда болуы және олардың өңделетін металл бетіне диффузиялануы; 2) пайда болған белсенді атомдарды қанықтыру бетімен адсорбциялау; 3) диффузия – адсорбцияланған атомдардың металл ішінде жылжуы.ХТӨ өте маңызды кезеңі – диффузия. Металдарда алмастыратын қатты ерітінділер пайда болғанда, диффузия негізінен бос орын механизмі бойынша өтеді. Енгізетін қатты ерітінділер пайда болғанда түйін аралықтар диффузиясы механизмі жүзеге асады.Болаттың көміртегімен, азотпен және осы элементтер біріккендегі диффузиялық қанықтырылуы – өнеркәсіпте кең тараған химия-термиялық өңдеу процестері.