Машина деталдарын өңдеудің технологиялық әдістері

Машина детальдарының конструкциясы мен теориясының қысқаша даму тарихы.Машина деталдары, яғни тетіктері деп біртұтас жасалған, бұзбайынша ажыратуға келмейтін машина бөлшектерін айтамыз. Мысалы, бірліктер, тісті дөңгелектер , подшипниктер т.б. Ал енді әр түрлі машиналарда қолданылатын детальдарды бірімен-бірі салыстырсақ, олардың ұқсастығы байқалады. Машиналарда кездесетін сан алуан детальдарды екі түрге жіктеуге болады: тісті дөңгелектер,ременьді, фрикциялық, шынжырлы берілістер және қосылыс детальдары: бұрандалы тетіктер, заклепкалар, шпонкалар, шрифтер, сыналар т.б., сондай-ақ біліктер, подшибниктер, муфталар жатады. Осы детальдарды әр түрлі машиналардың құрамынан кездестіруге болады. Ал тежеуіштерді, барабандарды, шығырларды, стволдарды және басқа детальдарды тек қана белгілі бір машиналардан кездестіруге болады. Мысалы, ствол тек атқыш машиналарына тән деталь болса, тежеуіштер транспорт машиналарына тән, ал барабан мен шығыр – көтергіш машиналарда кездеседі. Сондықтан бұлар арнаулы детальдарға жатады.Сонымен, машина детальдары курсы барлық машинаға тән бір типтес жалпы детальдардың конструкциясын, жобалау жолдарын, қандай материалдардан жасауға болатынын және олардың беріктікке, төзімділікке есептеу жолдарын үйрететін ғылым.Сүргілеу. Механикалық өңдеу әдістері – сургілеу дербес және аз – сериялы өндіріс жағдайында қолданыс табады.Сүргілеуде екі кесу қозғалысы орындалады: кескіштің немесе дайындаманың үдемелі қозғалысы (негізгі қозғалыс) және үздік-үздік үдемелі беріліс қозғалысы. Беріліс қозғалысы негізгі қозғалысқа перпендикуляр бағытталған.Кескіш пен дайындама сүргілеу процесінде үздік-үздік жанасуда болады, бұл тек дайындамадан металл қабаты сылынатын жұмыс уақытында орындалады. Сонымен, кескіш әрқашан дайындамаға соғумен кіреді. Динамикалық жүктемеге қарсылық көрсету үшін және өндеуді берілген дәлдігіне жету үшін сүргілеу кескіштері әжептәуір салмақты жасалады.Кескіштер жылдам кескіш болаттардың Р12, Р6МЗ,Р3М4К8Ф таңбалары және қатты қорытпалардың ВК5, ВК8, Т15К6 т.б. таңбаларының табақшаларымен жабдықталады. Созу деп(әдетте суық күйде) прокатталған немесе престелген дайындамаларды көлденең қимасының ауданы дайындаманың көлденең қимасының ауданы дайындаманың көлденең қимасы ауданынан кіші етіп матрица(волока) төсігінен өткізуді айтады. Шыбықты төсіктен Р күшімен созғанда реакция күштері пайда болып дайындаманы қысады.Қысу дәрежесі: q=(F0-F1)/F0;мұндағы F0 мен F1 бір өткендегі созылудың бастапқы және кейінгі көлденең қималардың ауданы, ол өңделетін материалға байланысты болып, болат үшін 10-19%, түсті металдар үшін 36%-ке дейін болады. Үзіліп кетпеуі үшін созылу кернеуі дайындама материалы беріктігі шегінің 0,6 мөлшерінен артпауы керек. Қажетті профильді өтіп созу үшін дайындама біртіндеп кішірейе беретін көптеген тесіктерден өткізіледі. Суық пластикалық деформация нәтижесінде металл беріктігі (тым қаттылығы) артады. Сол тым қаттылықты төмеңдетіп, созғылыштығын арттыру үшін аралық рекристаллизациялық жасытады.Созу аспабы қызметін матрица(волока) атқарады. Олар тұтас, құрамалы және роликті болып келеді.Тұтас волоканың тесігі 4 зонадан тұрады: майлау воронкасы 1, жұмыс конусы 2, калибрлеу белдеушемі 3 және шығу конусы 4. Жұмыс конусының бұрышы деформацияланатын материалға байланысты 6-12º болады. Матрицаның жұмыс бөлігі аспап болаттарынан, қатты қорытпалардан және техникалық алмаздардан жасалады.Созуды созу стандарында жасайды, сүйреу құрылғыларының жәрдемімен дайындама матрица тесігінен өткізеді. Созу стандары сүйреу құрылғыларының( көбіне шынжырлы) қозғалысына қарай тік сызықты, мезгіл-мезгіл қозғалысты және үздіксіз әрекетті (барабанды) болып бөлінеді.Құбыр созудың екі тәсілі бар:оправкасыз құбырдың тек диаметрін кемейту үшін;оправканы пайдаланып қатарынан диаметрі мен қабырғасының қалындығы кемейту және фасонды құбыр жасау үшін.Соққылау. Еркін соғу процесінде өңделетін металдың беті тегіс, жылжымайтын төске қойылып, жоғары жағынан жылжымалы үлкен балғамен соғылады. Нәтижеде металл деформацияланып, жан-жаққа жайылып, өз пішінін өзгертеді. Соған сәйкес металды өңдеудің бул әдісін еркін соғу әдісі деп атайды.