Конструкциялық материалдардың өңделгіштігі
Дәстүрлі және жаңа конструкциялық материалдар. Дайын өнім шығару мен құрылыста қолданылатын материалдарды конструкциялық материалдар деп атайды қазіргі заманғы техника берік өрі өр алуан конструкциялық материалдарды қажет етеді. Сондықтан олардың түрлері үнемі көбейіп отырады.Металл пластиктердің, металл керамиканың,темір бетонның, яғни аралас материалдардың маңызы артуда. Олар казіргі технологиялык процестерге төн жоғарғы қысымға, үлкен жылдамдықтар мен температуралық ауытқуларға төзімді келеді.Олар казіргі технологиялык процестерге төн жоғарғы қысымға, үлкен жылдамдықтар мен температуралық ауытқуларға төзімді келеді. Сапалы құрыш (металл қоспалары - хром, марганец қосылған),металдар (титан, алюминий), полимерлер (пластмасса, химиялық талшықтар) өндірісіне ерекше көңіл бөлінеді.Конструкциялық материалдар салалары өндірістің барлық сатыларын - шикізатты өндіруді, өңдеуді, дайын өнім алуды тұтастай қамтиды. Олар - табиғи ресурстардың ірі тұтынушылары әрі қоршаған ортаны ластаушылар болып табылады.Елдің бір тұрғынына есептегенде жылына 20 т пайдалы казба өндіріледі. Ал оларды өңдеуде шығатын қалдықтар 17 млрд т-дан асады, яғни әр қазақстандыққа 1200 т-дан келеді.Сондықтан бұл салалардың дамуы табиғатты қоргау және оның байлықтарын тиімді пййдалану шараларымен уштастыра жүргізілуі керек.Металлургиямен қатар конструкциялық материалдар:
1) химиялык өнеркәсіп;
2) құрылыс материалдары өнеркәсібі;
3) орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі дамуда.
Химиялық өнеркәсіп - бұл жекелеген салааралық кешен болып табылады. құрылыс материалдарының өнеркәсібі - ірі кешендік құрылысқа жатады. Орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі - орман өндірісі кешенінің бір бөлігі. Оның басқа тармағына - орман шаруашылығы (қорғау, орманды өсіру және оны баптау)жатады.Бұл кешен әр түрлі химиялық заттармен қатар конструкциялық материалдар шығарады. Ол өнеркәсіп пен құрылыстың шикізат базасын кеңейтіп, ауыл шаруашылығының интенсивті дамуына ықпалын тигізеді және халықты тауармен қамтамасыз етеді. Химиялық кешен дәрі-дәрмек, өсімдікті қорғайтын, суды тазалайтын және ағын суды залалсыздандыратын заттар шығарады.Химияның салааралық байланыстары ауқымды.Оның өнімдері машина жасауда (пластмасса, шина), металлургияда (флотация үшін реагенттер), жеңіл өнеркәсіпте (өңдегіш заттар, талшық), құрылыста (бояулар), ауыл шаруашылығында (тыңайтқыштар, улы химикаттар), көлікте (пластик құбырлар) қолданылады.Оның өнімдері машина жасауда (пластмасса, шина), металлургияда (флотация үшін реагенттер), жеңіл өнеркәсіпте (өңдегіш заттар, талшық), құрылыста (бояулар), ауыл шаруашылығында (тыңайтқыштар, улы химикаттар), көлікте (пластик құбырлар) қолданылады.Химия кәсіпорындарын орналастырудың негізгі факторларына - шикізат, су, энергетика, тұтыну және экологиялық факторлар жатады. Зауыттарда өндіріс процестерін автоматтандыру кеңінен қолданылады. Мысалы, металлургияға қарағанда жүмысшы саны аз. Химия кешеніне 5 ірі сала:
1) кен-химия (минералдық шикі-заттар - фосфорит, ас тұзы, гипс, әктас өндіру);
2) негізгі химия (қышқылдар, қоспалар, фосфор, минералдық тыңайтқыштар алу);
3) полимерлер химиясы (пластмасса, химиялық талшык;
4) полимерлердіөцдеу (шина, пластмасса өнімдерін шығару); 5) химия - фармацевтикалық (дәрі жасау).