Кесу режимінің параметрлері
«Автомобиль жолдарын жобалау кезіндегі қауіпсіздік талаптары» техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) жалпы пайдаланымдағы жаңа және қайта жаңғыртылып жатқан автомобиль жолдары (бұдан әрі - автомобиль жолы) мен ондағы құрылыстарға қолданылады.Техникалық регламенттің ережелері автомобиль жолдарына оларды жобалау кезеңінде қойылатын және оларды салу кезінде міндетті түрде сақтауға жататын адамдардың өмірі мен денсаулығы, жануарлар мен өсімдіктер, қоршаған орта, ұлттық қауіпсіздік мүдделерін қорғау үшін жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі талаптарды белгілейді.
Осы Техникалық регламенттің талаптары өндірістік кәсіпорындар мен емдеу-алдын алу, әлеуметтік-мәдени және өзге мақсаттағы объектілерге кірме автомобиль жолдарын қоспағанда, қала мен елді мекен көшелеріне және шаруашылық жолдарға қолданылмайды.Техникалық регламентте «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңында көзделген, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
автомобиль жолы - автомобильдердің және басқа да көлік құралдарының белгіленген жылдамдықпен, жүктемелермен, көлемдермен үздіксіз, қауіпсіз жүрісін қамтамасыз ететін, автомобильдер қозғалысына арналған инженерлік құрылыстар кешені, сондай-ақ осы кешенді орналастыру үшін берілген жер учаскелері (көлік жерлері) және олардың үстіндегі белгіленген көлем шегіндегі әуе кеңістігі;
көпірлі құрылыстар конструкцияларының жақындау көлемі - ішкі жағына көпірлі немесе өзге де құрылыстардың және ондағы орналасқан құрылғылардың, сондай-ақ кесіп өтетін инженерлік желілер мен коммуникациялардың қандай да бір элементтері кірмейтін шекті көлденең кескін (жүру бөлігінің осіне перпендикулярлы орналасқан жазықтықта);көлік құралының рұқсат етілетін жалпы салмағы - көпірлердің, жол өткелдердің және басқа да инженерлік құрылыстардың көтергіш конструкцияларының өткізілетін жүктемелерді қалпына келмейтіндей өзгерулер мен бүлінулерсіз қабылдау қабілетін шектейтін көлік құралының жалпы салмағы;
көлік құралдарының рұқсат етілген көлемдері - көлік құралдарының қауіпсіз өтуін автомобиль жолдары мен ондағы құрылыстар қамтамасыз етуі тиіс көлік құралдарының шекті сызықтық мөлшерлері;
қозғалыс қарқындылығы - уақыт бірлігінде жолдың белгілі қимасы арқылы өтетін көлік құралдарының саны;
жолдың техникалық санаты - жолдың негізгі геометриялық элементтерінің параметрлерін анықтайтын көлік құралдары қозғалысының перспективалық орташа жылдық орташа тәуліктік қарқындылығының өлшемі бойынша автомобиль жолының халық шаруашылық маңызының сипаттамасы, оның көліктік-пайдалану көрсеткіштері мен тұтыну қасиеті;
көпірлі өткел - көпірді, оған кіреберісті, реттеу және қорғау құрылыстарын қамтитын көлік ағынын су кедергісінен өткізуге арналған инженерлік құрылыстар кешені;
көпірлі құрылыс - табиғи немесе жасанды кедергілер арқылы жолды немесе өзге де коммуникацияларды өткізуге арналған инженерлік құрылыс (көпір, жолөткел, эстакада және басқалары);
көпір - су кедергісі арқылы өтетін көпірлі құрылыс;
су тасқыны - толассыз жаңбырдан, су ағыны бассейнінде қар мен мұздықтардың еруінен туындаған өзендегі су деңгейінің кезеңдік қысқа мерзімдік көтерілуі;
көпірлі құрылыстарға кіреберіс жолдар - көпірлі құрылысқа тікелей жанасатын жол учаскелері;
жол жамылғысы - көлік құралдары доңғалақтарының және атмосфералық факторлардың әрекетін тікелей қабылдайтын және төмен жатқан қабаттар үшін қорғау қабатының қызметін атқаратын жол төсемінің жоғары бөлігі;
көлік ағыны - осы бағыттағы жолмен жүретін көлік құралдарының жиынтығы;
автомобиль жолының тұтынушылық қасиеттері - көлік ағындары қозғалысының қауіпсіздігі мен үнемділігін сипаттайтын автомобиль жолының көрсеткіштері: жолдың қозғалыспен жүктелу деңгейі, қозғалыс жылдамдығы, қауіпсіздігі мен ыңғайлылығы;
автомобиль жолының жобасы - автомобиль жолының жердегі орналасуын, жоспар элементтерінің параметрлерін, жер төсемінің көлденең және бойлық бейіндерін, жол төсемінің конструкциясын, су өткізетін және өзге де инженерлік құрылыстарды, жолдардың қиылысуы мен түйісуін көрсете отырып, сондай-ақ жолды абаттандыру, жол қозғалысын ұйымдастыру және қауіпсіздігі, құрылысын ұйымдастыру, жол сервисі құрылыстарын және жұмыс көлемі мен құнын анықтау арқылы басқа да инженерлік құрылыстарды орналастыру мәселелерін шеше отырып автомобиль жолын жобалаудың нәтижесі ұсынылған белгіленген мазмұндағы және құрамдағы есептік және жобалық техника-экономикалық құжаттардың жиынтығы;
автомобиль жолдарын жобалау - автомобиль жолының жобасын әзірлеу бойынша есептік-экономикалық, іздестіру және жобалау-конструкторлық жұмыстар кешені;
өткерме жол - түрлі деңгейде қиылысатын көлік ағындарын өткізуге арналған автомобиль немесе темір жолдағы көпірлі құрылыс;
жалпы шайылу - су ағынының қысымы мен су ағысы жылдамдығының ұлғаюы салдарынан арна табанының, ал кейбір жағдайларда көпірлі өткелдегі жайылма табанының төмендеуі;
қарсы жүретін автомобильдің есептік көріну қашықтығы - қозғалыстың бір жолағы бойынша есептік жылдамдықпен бір-біріне қарама-қарсы жүріп келе жатқан екі автомобильдің толық тоқтауы үшін қажетті арақашықтық;
есептік жүктеме - жол төсемесі конструкциясын есептеу үшін пайдаланылатын автомобильдің дара осіне түсетін шекті жүктеме;
есептік жылдамдық - жердің жобалауға неғұрлым қолайсыз учаскелерінде автомобиль жолдарының геометриялық элементтерін есептеу үшін пайдаланылатын, ауа-райының қалыпты жағдайы және жүру бөлігінің жоғарғы қабатымен автомобиль шиналарының ілінісуі кезінде қозғалыстың қауіпсіздік, ыңғайлылық пен жайлылығының шарттары бойынша жалғыз автомобильдің мүмкін болатын ең үлкен жылдамдығы;
жолдарды қайта жаңарту - жолды тұтастай немесе оның жекелеген учаскелерін анағұрлым жоғары техникалық санатқа ауыстыра отырып пайдаланылатын жолдардың көліктік-пайдалану көрсеткіштерін арттыруды қамтамасыз ететін жұмыстар кешені;
кіреберіс жолдармен тоғысу - кіреберістердегі көпірлі құрылыстардың жанасу торабының конструктивтік орындалуы;
авариялық құлама жол - көлік құралының тежеу жүйесі істен шыққан жағдайда оның қауіпсіз тоқтауына арналған құрылыс;
жолдың трассасы - оның көлденең (жоспармен) және тік (бойлық бейінмен) екі проекциясымен анықталатын автомобиль жолының геометриялық осінің кеңістіктегі қалпы;су өткізетін құбыр - жол арқылы су ағынын жүру бөлігінің деңгейінен төмен өткізуге арналған дөңгелек, овоидальдік немесе тік бұрышты қима құрылыс;
жолды қозғалыспен жүктеу деңгейі - қозғалыстың нақты қарқындылығының іс жүзінде өткізу қабілетінің өлшеміне қатынасын сипаттайтын көрсеткіш.