Жабыстыру
Жабыстыру– алмалы қосылуды алудың әдісі. Қосылудың пайда болуы дәнекерлеменің негізгі металға диффузиясы мен алғашқысының соңғысымен жартылай дәнекерленуі нәтижесінде болады. Жабыстыру қосылатын бөліктердің дәнекерлеменің балқу температурасына дейін жергілікті немесе жалпы қыздыруымен жүреді. Дәнекерлемелер жұмсақ және қатты болады.Жұмсақ дәнекерлемелерге негізінен ПОС-10, ПОС-40, ПОС-90 және т.б. маркілі қалайы-қорғасын дәнекерлемелер жатады. Дәнекерлемелердің маркіленуі құрамындағы процентпен берілген қалайы мөлшерімен жасалады. Жұмсақ дәнекерлемелердің балқу температурасы 18,-280°C-ны құрайды.Қатты дәнекерлемелерге күміс, мысты-цинкті, мысты-фосфорлы және арнайы дәнекерлемелер жатады. Оларды мыстың мөлшері бойынша маркілейді, мысалы, ПМЦ-42, ПМЦ-47, ПМЦ-52 маркілі дәнекерлемелер. Олардың балқу температурасы 850-885°C шамасында болады.Жабыстыруды жасамай тұрып, детальдар қосылу жерлерінде беттерді уландыру немесе абразивтермен өңдеу арқылы қышқылдар мен басқа да ластанулардан тазаланады. Жабыстыру процесінде дәнекерлеме мен негізгі металды қышқылданудан қорғанысты қамтамасыз ететін флюстерді қолданады.Жабыстыру кезіндегі қыздыру паяльниктермен, газды дәнекерлеуші горелкалармен, нейтралды және қалыпқа келтіретін атмосфералы пештерде, тұзды ванналарда, жоғары жиілікті токтармен және т.б. жүзеге асады. Жабыстырылған қосылыстардың механикалық қасиеттері негізінен дәнекерлеме типіне байланысты болады.Жабыстыруды тек электр және радиотехникалық өндірісте, приборқұрылысында, кесетін құрал дайындауда ғана емес, сонымен қатар сынған детальдарды: цилиндр блоктары, радиаторлар, компрессор корпустары және т.б. ремонттауда да қолданады.