Термомеханикалық және механикалық дәнекерлеу
Дәнекерлеу дегенiмiз ажырамайтын байланыстары бар балқытылып бiрге кристалданған 2 металдың араласуы. Араласу жоғарғы температурадағы диффузиялық әдiспен жүредi.Қыздыруға қажеттi энергия түрiне қарай дәнекерлеу тәсiлдерi мындай топтарға бөлiнедi: электрмен, механикалық, сәулелi.Дәнекерлеудiң механикалық тәсiлдерiне: көрiкпен, қыздырмай қысыммен, қопарылыспен, ультрадыбыспен, ал дәнекерлеудiң сәулелi тәсiлi тобына электронды-сәулелi, лазер сәулесiмен, гелиопiсiру немесе күн сәулелерiмен пiсiрулер жатады.Ультрадыбыспен дәнекерлеу. Пiсiрудiң бұл түрiне ультрадыбысты механикалық толқынды және шамалы қысу күштерiн пайдаланады. Толқындарды кейбiр металдардың және олардың қорытпаларының ультрадыбысты жиiлiгi сондай механикалық толқындарға өзгерту арқылы алынады.Никельдiң темiрмен, кобальттың темiрмен және т.б. қорытпалары магнитострикциялы нәтиже бередi. Магнитострикциялы нәтиже деп кейбiр материалдардың айнымалы магнит өрiсi әрекетi нәтижесiнде ұлғаю қабiлетiн айтады. Жоғары жиiлiктi механикалық толқындар мен статикалық сығу күшi металл бетiндегi тотықты бүлдiрiп, күштi пластикалық деформация пайда болады. Сонымен пiсiрiлетiн металл беттерiне ультрадыбыс толқындары бағытталып, беттерi пластикалық күйге дейiн қызғанда қысым түсiрiлiп, пiсiрiлу беттерiнiң арасында берiк қосынды пайда болады. Пiсiрiлетiн металдың тегiне және пiсiру режимiне байланысты қыздыру температурасы 200-12000С аралығында болады.Ультрадыбыспен тек металдар ғана емес, түрлi металл емес материалдар да, мысалы хлорвинил, полиэтилен, капрон, нейлон, органикалық шыны және т.б. пiсiру жақсы нәтиже бередi.Электрон сәулесiмен пiсiруде металл, жоғарғы кернеудегi электр өрiстерiн үдететiн, шоғырланған электрондар сәулелерi арқылы қызады. Сол сәулелердi бұйымға бағыттағанда электрондардың кинетикалық энергиясының 99% жылу энергиясына айналады. Сәуле түскен жеріндегi металдың температурасы 60000С-қа жетедi.Саңлаусыз камераларда мынадай жоғарғы вакуум 133,10-4 - 133,10-6 Па берiлуiн үзбей отырып немесе оқшау газдар тұрақты орталығын жасап пiсiредiҚысыммен салқындай пiсiрудi бұйымды қыздырмай, тек едәуiр үлкен күшпен қысу арқылы жүргiзедi. Бұл әдiспен созылғыштығы жоғары қорғасын, алюминий, мыс, күмiс сияқты металдарды жалғастырады. Берiк қосындылар жасау үшiн металдың созылғыштығына қосымша олардың беттерi тотықтардан тазартылып, оған үлкен күш түсiрiлуi қажет. Соның нәтижесiнде металдың үстiңгi қабатындағы атомдардың ара қашықтығы кристалл торындағы атомдардың ара қашыктығымен шамалас болып, бөлшектердiң бiр-бiрiне атомаралық тұтасу күш пайда болады.Үйкелiспен пiсiру. Мұнда пiсiрiлетiн детальдардың үйкелуiнен шыққан жылу күшiмен қыздырылып пiсiрiледi. Пiсiрiлетiн дайындамаларды қозгалмайтын 2, айналмалы және үдемелi қозғалатын 3 қысқыштардың аралығына ось бойынша орналастырылады. Дайындамаларға Р күш түсiрiлiп айналады, түйiскен жерлерiнде үйкелiс күшi пайда болып, 980-13000С температураға жеткенде дайындамалардың айналуы тоқтатылып, қосымша күш түсiрiледi. Кейде үйкелiспен пiсiруде дайындамаларды қозғалмайтын қысқыштарға бекiтiп арасына айналатын элемент қойып немесе айналмалы қозғалысты тербелмелi етiп ауыстырады. Үйкелiспен диаметрi 0,75-140 мм дайындамаларды өңдеуге болады. Бiртектес және әртектес металдар мен олардың қорытпаларын бірiктiруге болады.Лазер сәулесiмен пiсiру. Пiсiрудiң бұл әдiсiнде металды қыздыратын жылу лазер деп аталатын арнайы күн сәулелерiн жинақтайтын қондырғыда алынады. Қазiргi кездегi негiзгi қолданылатын құрамында алюминий тотығы мен шамалы хром тотығынан тұратын жасанды рубиндi рубин лазерлері. Ондай лазерлер цилиндрлi рубин өзекшесiнен ксендi лампадан 2, линза 4 пен суыту жүйесi 3-тен тұрадыәдiсiнде қосымша материал мен электрод қажет болмайды. Пiсiрiлетiн табақ темiр 3, онымен пiсiрiлетiн 4 табақ темiрге 2-3 мм қашықтықта альфа бұрышымен орналасады. Табақ темiр 3-тiң үстiне жарылатын дәрi 2 қойылады, ол тұтанғыш 1 арқылы жанады. Дәрi тұтанып жанғанда табақ темiр 3-тiң бетiнде күштi толқын күшi пайда болып қатты қысады.Беттескен жазықтықтар аралығында пластикалық деформация пайда болып, металл балқып пiсiрiледi.